5.Бағалау.
6.Үйге тапсырма.
6) Массасы 1,8 г натрий хлориді мен натрий иодидінің қоспасы суда ерітілді. Ерітінді арқылы хлордың артық мөлшері өткізілгеннен кейін, натрий хлоридінің массасы 1,3 граммға тең болды. Бастапқыда алынған қоспа құрамындағы натрий иодидінің массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω (Na І) - 45,6 %.
7) Құрамында фенол мен сірке қышқылы бар қоспаны нейтралдау үшін 20 %-қ 23,4 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,1 г/мл) жұмсалды. Бастапқыда алынған қоспа бром суымен әрекеттескенде массасы 16,55 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын ( г) анықтаңыздар.
Жауабы: фенол 4,7 г, сірке қышқылы 28,6 г.
8) Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің 31,9 г қоспасы сутегімен тотықсыздандырылды. Реакция нәтижесінде массасы 9 г су түзілді. Қоспадағы металдардың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: Сu - 22 %, Fe -78 % .
9) Жабық ыдыста көлемі 1,5 л (қ.ж.) күкіртсутек пен артық мөлшерде алынған оттектен тұратын қоспаны жақты. Реакция өнімі көлемі 49,2 см³ суда ерітіліп, нәтижесінде 1,64 % -қ қышқыл ерітіндісі алынды. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (л) анықтаңыздар.
Жауабы: Н2S - 0,22 л, O2 -1,28 л.
10) Темір мен күкірт ұнтағынан тұратын қоспа қыздырылып,тұз қышқылының ерітіндісінде толық ерітілді. Реакция нәтижесінде (қ.ж.) бөлінген 4,48 л газ қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісі арқылы өткізілгенде массасы 23,9 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: Fe - 11,2 г, S -3,2 г.
11) Массасы 16 г калий хлориді мен натрий хлоридінің қоспасын артық мөлшерде алынған концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдегенде көлемі 5,6 л хлорсутек газы түзілді. Қоспаның құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: KCІ -7 г, NaCІ - 9 г.
12) Күкірт қышқылы мен азот қышқылының қоспасынан тұратын массасы 630 г ерітіндіге барий хлоридінің артық мөлшерін қосқанда массасы 46,6 г тұнба түзілді.Түзілген тұнбаны бөліп алғаннан кейін қалған қышқыл ерітіндісін нейтралдау үшін 40 % -қ 100 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,4 г/мл) жұмсалды. Бастапқы ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6 %.
3.Тайқазан 7металдан құйылған. Олар қандай металдар?
Табиғатта таза заттар кездеспейді. Металдар мен тау жыныстарында негізгі заттан басқа әртүрлі қоспалар болады. Химиялық реакция жүрген кезде, әсіресе өнімнің сандық шығымын есептегенде, қоспаның сәйкес реакцияларға түспейтіндігін ескерген жөн. Есептеулерді дұрыс жүргізу үшін реакцияға түсетін таза заттың массасын білу қажет.
Есеп шығару алгоритмін құрамыз.
1. Есептің шартын қысқаша жазу.
2. Бастапқы шикізаттың құрамындағы қосындының массалық үлесін (%) ескеріп, таза заттың массасын табу.
3. Реакция теңдеуін жазу.
4. Реакция теңдеуіндегі заттардың формулаларының үстіне есептің шартында берілгендерді жазу.
5. Заттардың формулаларының астына олардың молярлық қатынастары, молярлық массалары (М) мен молярлық көлемдері (Vм), массалары (m) және көлемдерін (V) анықтап жазу.
6. Іздеп отырған заттың массасын (көлемін) табу.
7. Есептің жауабын жазу.
Есептер:
Құрамында 8 % қоспасы бар 300 кг әктасты өртегенде алынатын сөндірілмеген әктің массасын есептеңдер.
Мұндай есептерді шығарғанда тірек формуласын пайдаланамыз:
ω (таза зат) = m (таза зат)
m (жалпы) ∙ 100%,
ω (таза зат) – минералдың немесе қоспаның құрамындағы таза заттың массалық үлесі;
m (таза зат) - таза заттың массасы;
m (жалпы) - минералдың (қоспаның жалпы массасы.)
Шешуі:
1) Табиға әктастың құрамындағы таза заттың (кальций карбонаты) массалық үлесін табамыз:
ω (таза зат) =100% - ω (қоспа) = 100% - 8 % = 92%.
2) Тірек формуласын қоланып, таза кальций карбонатының массасын табамыз:
ω (таза зат) = m (таза зат)
m (жалпы) ∙ 100%, бұдан
ω (таза зат) = ω (таза зат) ∙ m (жалпы) = 92% . 300 кг = 276 кг
100% 100%
3) Әктасты өртегенде жүретін реакция теңдеуін пайдаланамыз:
276 кг = х кг
СаСО3 СаО + СО2
V 1 моль 1 моль
M 100 кг/моль 56 кг/моль
M 100кг 56кг
4) Пропорция құрып, калций оксидінің массасын табамыз;
276 кг = х , х = 276 кг . 56 кг = 154,6 кг
100 кг 56кг 100 кг
Жауабы: сөндірілмеген әктастың массасы 154,6 кг СаО. Осыған ұқсас кері есептерді де шығаруға болады.
Есеп: Массасы 30 кг әктасқа тұз қышқылымен әсер еткенде, 5,6м3 (қ.ж.) көмірқышқыл газы түзеледі. Табиғи әктастағы қоспаның массалық үлесін есептеңдер.
Шешуі:
1) Жүретін химиялық реакцияның теңдеуін құрамыз:
%%%%v 1 моль 1 моль
М 100кг/моль Vм 22,4м3/моль
m 100кг V 22,4м3
2) Теңдеуге сәйкес пропорция құрып, әктастағы таза кальций карбонатының массасын табамыз:
х кг = 5,6 м2 х = 100 кг . 5,6 м3 = 25кг
100 кг 22,4 м 2 ; 22,4 м3
3) Табиға әктастағы қоспаның массасын тауып, оның массалық үлесін есептейміз
m (қоспа) = m (жалпы) - m (таза зат) = 30кг – 25кг = 5кг;
ω (қоспа) = m (қоспа) . 100% = 5кг . 100 % = 16,7 %
m (жалпы) 30 кг
Жауабы: қоспаның массалық үлесі 16,7 %
Есеп:Құрамында 20 % қосындысы бар 500г әктастан алынатын кальций оксидінің массасын есептеңдер.
Берілгені: Шешуі:
m (әктас) = 500г Есеп шығаруды беріліп тұрған заттың таза
ω (қосынды)= 20% массасын табудан бастаймыз.
1. Таза СаСО3 массасын есептейміз.
Табу керек: Ол үшін бастапқы қоспа құрамындағы
m (СаО)-? кальций карбонатының массалық
үлесін табамыз:
ω (СаСО3) = ω (әктас) - ω (қоспа) = 100 - 20 = 80 % немесе 0,8.
Енді әктастағы таза кальций карбонатының массасын есептейміз:
m (СаСО3) = ω (СаСО3) . m (әктас) = 0,8 . 500 = 400г.
2. Химиялық реакцияның теңдеуін (ХРТ) жазып, есептеуге қажетті шамаларды формулалардың тұсына жазамыз:
400г х г
СаСО3 = СаО + СО2
1 моль 1 моль
100г/моль 56г/моль
100г 56г
Есепті әрі қарай екі тәсілмен шығаруға болады.
1-тәсіл.
ХРТ бойынша:
100г СаСО3 – тен 56г СаО түзелсе,
400г СаСО3 – тен х= СаО түзеледі.
х = 400 . 56 = 224 г (СаО)
100
2-тәсіл.
Реакцияның теңдеуі бойынша 400г кальций карбонатынан алынатын кальций оксидінің зат мөлшерін тауып аламыз:
v = m v (СаСО3) = m (СаСО3) = 400 = 4 моль
M ; М(СаСО3) 100
v (СаО) = v (СаСО3) = 4 моль.
Табылған зат мөлшері арқылы кальций оксидінің массасын есептейміз:
m (СаО) = v (СаО) . М (СаО) = 4 моль . 56 г/моль = 224г.
Жауабы: m (СаО) = 224г.
Достарыңызбен бөлісу: |