Мыс (II) катионның (Сu2+) реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер суықта мыс (ІІ) тұздары ерітіндісінен көкшіл мыс (ІІ) гидроксиді тұнбасын береді:
CuSO4 + 2KOH = Cu(OH)2↓ + K2SO4
Концентрацияланған аммиак ерітіндісімен әсер еткенде тұнба ериді:
Cu(OH)2 + 4NH3 = [Cu(NH3)4] (OH)2
2. Артық мөлшерде алынған аммиактың сулы ерітіндісі мыс (ІІ) тұздарымен көк түсті комплексті қосылыс түзеді:
CuSO4 + 4NH3 = [Cu(NH3)4]SO4
Реакция Сu2+ иондары үшін тән және оны бақылау үшін көбірек қолданады.
3. Калий гексацианоферраты (II) K4[Fe(CN)6] бейтарап әлсіз қышқыл мыс (ІІ) тұздары ерітінділерінен қызыл-қоңыр мыс (ІІ) гексацианоферраты (II) тұнбасы түзіледі:
2CuSO4 + K4[Fe(CN)6]↓ = Cu2[Fe(CN)6]↓ +2K2SO4
Тұнба сұйылтылған қышқылдарда ерімейді, бірақ аммиакта ериді.
4. Калий иодиді мыс (ІІ) тұздарымен әрекеттеседі нәтижесінде бос иод және мыс (І) иодиді бөлінеді:
2CuSO4 + 4KI = 2CuI↓ + I2 + 2K2SO4
3.13. Алтыншы аналитикалық топ катиондары қоспасының анализі
1 мл алтыншы топ катиондары қоспасы ерітіндісіне сілтілік реакцияға дейін концентрацияланған аммиак ерітіндісін, 3-4 тамшы 6 н аммоний хлориді ерітіндісін қосады және мұқият араластырады.
Мысты анықтау. Ерітіндінің көк түсі мыс иондарының қатысын көрсетеді, ол мына түрінде [Cu(NH3)4]2+ болады.
Мыс және сынапты тұндыру. 10 тамшы аммиак ерітіндісіне қышқыл реакцияға дейін сұйылтылған күкірт қышқылын тамшылатып қосады, осыған біртіндеп құрғақ натрий тиосульфатын қосып, қыздырады. Тұнба Cu2S, HgS, СuS түзіледі. Центрифуга көмегімен центрифугатты тұнбадан ажыратады.
Барлық топ катиондары қоспасының жүйелі анализін жүргізу үшін ерітіндіде магний мыс аммияктары және сынаппен бірге кедергі жасайды. Cu2S, HgS тұндырып, ажыратқан соң, центрифугатта магний қалады, оны натрий гидрофосфаты арқылы анықтауға болады Егер тек алтыншы топ катиондарына анализ жүргізсе, онда тұндырғаннан кейін Cu2S, HgS центрифугатты төгіп тастайды. Тұнбаны аммоний хлориді ерітіндісінің бірнеше тамшысы қосылған сумен жуады. Жуылған тұнбаны қыздыру барысында 6 – 7 тамшы 3н.HNO3 өңдейді. Мыс (І) сульфиді ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |