Экспериментатор екі құбылыстың арасындағы себепті байланыс туралы болжамды
тексереді. «Себептілік» деген ұғым ғылымдағы ең күрделі ұғым болып саналады. Екі
құбылыстың арасындағы себепті байланыстың эмпирикалық белгілерінің бірқатары
Бірінші белгісі - себеп пен салдардың уақыт бойынша бӛлінуі және себептің
салдардың алдында жүруі. Егер зерттеуші эксперименталды әсерден кейін объектіде
эксперименталды әсердің объектіні күйін ӛзгертудің себебі деп анықтай алады. Әсердің
болуы және объектілерді салыстыру осындай тұжырым жасаудың қажетті шарты болып
саналады, себебі бұрын болған оқиғалар – келесі оқиғаның себебі болып саналады.
Екінші белігісі – екі ауыспалының арасындағы статистикалық байланыстың болуы.
Бір ауыспалының шамасының ӛзгеруі екінші ауыспалының ӛзгеруімен қатар жүргізілуі
керек. Басқаша айтқанда, ауыспалылар арасында сызықты корреляция болуы қажет, бұл
вербальды интеллект пен мектептегі үлгерім арасындағы, корреляция сияқты болуы
керек; немесе сызықтық емес корреляция болуы қажет, ол үйретудің тиімділік дәрежесі
мен жандандыру деңгей арасындағы корреляция сияқты болуы керек. (Йеркс-Додсон
жеткіліксіз шарт болып саналады, себебі байланыс кездейсоқ болуы мүмкін немесе
Үшінші белгісі – себепті-салдарлы байланыс тіркеледі, егер эксперименталды
процедура А және В объектілердің байланысының басқа мүмкініктерін түсіндіре алатын
703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым
Екі құбылыстың арасындағы себепті байланысы туралы эксперименталды болжамды
тексеру келесі үлгіде жүргізіледі. Экспериментатор болатын себепті модельдейді, аталған
модель эксперименталды әсер ретінде болады, ал салдар – объектінің күйін ӛзгерту –
басқа бір ӛлшеу құралы арқылы тіркеледі. Эксперименталды әсер тәуелсіз ауыспалының
ӛзгеруіне қызмет етеді, ол ӛз кезегінде тәуелді ауыспалының ӛзгеруінің тікелей себебі
болып табылады. Мысалы, экспериментатор сыналушыға әртүрлі дабысталуда сигналдар
береді, оның психикалық күйін ӛзгертеді – сыналушы оны естиді немесе сигналды мүлдем
естімейді, бұл ӛз кезегінде әртүрлі моторлы немесе вербальды жауаптар беруге әкеліп
соғады (иә-жоқ, естідім-естімедім).
Сыртқы ауыспалыларды эксперименталды жағдаятта зерттеуші бақылап отыру
керек. Сыртқы ауыспалылардың ішінде келесілері анықталған: 1) қосымша ауыспалылар –
олар дәлелсіз мәліметтердің пайда болуына әкелетін жүйелі ӛзгерістерді туындатады
(уақыт факторы, тапсырма факторы, сыналушылардың жеке ерекшеліктері); 2) қосалқы
ауыспалылар – олар себеп пен салдар арасындағы байланысты зерттеу үшін мәнді болып
саналады. Жеке болжамды тексеру барысында қосымша ауыспалының деңгейі
зерттелетін құбылыстың деңгейіне сай келуі керек. Мысалы, балалардың тікелей және
жанама есте сақтауын дамыту деңгейінің байланысын зерттеу барысында, олардың бір
жаста болуы керек. Бұл жағдайда баланың жасы – қосымша ауыспалы болып табылады.
Егер жалпы болжам тексерілетін болса, эксперимент қосымша ауыспалылардың әртүрлі
деңгейлері бойынша жүргізіледі, яғни оған әртүрлі жастағы балалар қатысады.
Эксперимент үшін маңызды қосымша ауыспалылар «тіректі» ауыспалылар деп аталады.
Бақылау ауыспалы деп факторлы экспериментте екінші негізгі болатын қосымша
ауыспалы аталады.
Эксперименттің мәні сонда, экспериментатор тәуелсіз ауыспалыны нұсқалайды,
тәуелді ауыспалының ӛзгерістерін тіркейді және сыртқы ауыспалыларды бақылайды.
Зерттеушілер тәуелсіз ауыспалының бірқатар түрлерін анықтайды: сапалық туелсіз
ауыспалы және сандық тәуелсіз ауыспалы. Тәуелді ауыспалының арасында базистік
ауыспалылар болады. Базистік ауыспалы – тәуелсіз ауыспалы әсер ететін жалғыз тәуелді
ауыспалы болып саналады.
Зерттеуші экспериментте тек қана тәуелсіз ауыспалыны операциялауға ұмтылуы
керек. Бұл жағдай сақталған экспериментті таза эксперимент деп атайды.
Эксперименталды зерттеуді жүргізудегі баты проблема – тәуелсіз ауыспалыны анықтау
және оны басқа ауыспалылардан оқшаулау болып саналады. Психологиялық
экспериментте тәуелсіз ауыспалылар ретінде келесілер алынады:
1. тапсырмалардың сипаттамасы;
2. ситуацияның ерекшеліктері (сыртқы жағдайлар);
3. сыналушының басқарылатын ерекшеліктері (күйлері).
Соңғы ауыспалыларды кӛп жағдайда «ағзаның ауыспалылары» деп атайды. Кейде
ауыспалының тӛртінші түрін анықтайды – ол сыналушының константты сипаттамасы
(интеллект, жынысы, жасы және т.б.) деп аталады. Олар қосымша ауыспалыларға жатады,
себебі оларға әсер ету жүргізілмейді, тек қана оларды эксперименталды және бақылау
топтарын қалыптастыруда деңгейлерін ескеру керек.
Тапсырмалардың сипаттамасы - бұларды экспериментатор еркін түрде басқара
алады. Дәстүр және бихевиоризм бағыты бойынша, экспериментатор тек қана
стимулдардың сипаттамасын нұсқалай алады. Экспериментатор стимул немесе тапсырма
материалын нұсқалауы мүмкін, сыналушының жауаптарының типін ӛзгертуі мүмкін. Ол
мақсатты ӛзгерте отырып, нұсқауды ӛзгерте алады, тапсырманы орындау үшін
сыналушының қолданатын құралдарын нұсқалай алады.
Ситуацияның ерекшеліктеріне сыналушының орындайтын, эксперименталды
тапсырманың құрылымына тікелей енбейтін ауыспалылырды атауға болады. Бұл
бӛлмедегі температура, жағдай, сыртқы бақылаушының болуы мүмкін.
Әлеуметтік фасилитацияны анықтау бойынша эксперименттер келесі сызба бойынша
жүргізіледі: сыналушыға белгілі бір сенсомоторлы немесе интеллектуалды тапсырма
703-2015 форма. УМКД бакалавриат ПОӘК. Үшінші басылым
беріледі. Алдымен сыналушы оны жеке орындайды, содан кейін бірнеше адамдардың
қатысуымен орындайды. Бұнда сыналушылардың нәтижелілігінің ӛзгеруі бағаланады. Бұл
жағдайда сыналушының тапсырмасы ӛзгермейді, тек қана эксперименттің сыртқы
жағдайлары ӛзгереді.
Экспериментатордың ӛзгертетін бірнеше нұсқалары болады:
1.
ситуацияның физикалық параметрлері: аппаратураның орналастыру,
бӛлменің сыртқы түрі, жарық берілуі, дыбыстар мен шулар, температура,
жиһаздың орналасуы, қабырғаның бояуы, экспериментті жүргізу уақыты.
Бұлар стимул болып табылмайды.
2.
әлеуметтік-психологиялық параметрлер; оқшаулау – экспериментатордың
қатысуымен жұмыс, жеке жұмыс істеу, топпен жұмыс істеу.
3.
қарым-қатынастың ерекшеліктері мен сыналушы мен экспериментатордың
ӛзара іс-әрекеті.
«Ағзалық
ауыспалылар»
немесе
сыналушылардың
басқарылмайтын
сипаттамаларына физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық
және әлеуметтік белгілер жатады. Индивидтің мінез-құлқына дифференциалды-
психологиялық, демографиялық және басқа константты параметрлердің әсерін
корреляциялық зерттеуде жүргізеді. Кӛптеген авторлар осы параметрлерді эксперименттің
тәуелсіз ауыспалының қатарына жатады.
Қазіргі заманғы эксперименталды зерттеулерде индивидтердің диффернциалды-
психологиялық ерекшеліктері қосымша ауыспалылар ретінде саналады және оларды
жалпы психологиялық экспериментте зерттеуші бақылай алады. Бірақ бұл ауыспалылар
«екінші негізгі ауыспалыға» айналуы мүмкін, онда факторлы жоспар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: