Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар
Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады
Аяқ киім үшін барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.
Жаз мезгіліне арналған аяқ киімдер
Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |