Кірме сөздер емлесі. Ғалымның кірме сөздердің емлесі жай-
лы айтқан пікірлері арнайы сөз қылуды қажет етеді. Өйткені
бүгінгі таңда жаңа латын графикасына көшу қарсаңында не-
месе орыс графикасынан бас тартудың себебін іздеу барысын-
да, жоғарыда ескерткендей, Қ.Жұбановтың қазақ тілінің даму
бағыттарына тигізген ықпалы көрінеді.
Ғалым шеттілдік сөздерді орыс тіліндегі орфографиясымен
қоса қабылдауды ұсынды, бұл ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз
екі түрлі алфавит, екі түрлі орфография пайдаланамыз: қазақ
тілінің төл сөздерін таңбалайтын және шеттілдік сөздерді жазу
орфографиясы. Жазылған сөз ішінде ц, щ, ъ, ь, ч таңбалары кір-
ме сөз екеніне маркер болып тұрады. Директор деп жазып, [ди-
ректр] деп оқысақ, ол орыс орфоэпиялық нормасын да қабылдап
отырмыз дегенді білдіреді. “Перспектива развития казахского
языка, тенденция обогащения его терминами и словами, обозна-
чающими технику и действия современной культуры, из инос-
транных языков не дадут возможности так просто их игнори-
ровать … следует ввести f, h, x. Federatsija → Federatsijalav,
klassifikatsija → klassifikatsijalav” деп табады автор. Оның үстіне
264
265
һ, х, ф-п дыбыстары бір фонеманың варианттары екенін біле
тұрып, Оңтүстік қазақтарының тілінде f, h, x дауыссыздарының
анық айтылатынын ескертеді.
Осы орайда терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына
бағындырып жазғаннан гөрі, түбірін цитаталық, қосымшасын
фонетикалық принциппен жазғанды ұсыну Қ.Жұбанов тарапы-
нан шыққанын айта кеткеніміз жөн. Бұл кірме сөздер қазақ тіліне
сай орфограммалаудың қиындығынан, жазудағы ала-құлалыққа
тосқауыл қоюды ойластырған ниетінен шықты дейміз.
Оқуға арналған материал
Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы
тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі
дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол: өркендеп алға
барған тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле, терминология-
мен сабақтасады да отырады. тілдің әліппиінен бастап, жоғары
сатысына жеткенше ілім-техниканың не бар игілігін сөзбен ай-
тып, ашып бере аларлық дәрежеге жетудің өзі де емле мен тер-
минологиядан аулақ болмақ емес. емле мен терминологияның
қызметі сол қалың еңбекшінің қолын мәдениетке жеткізу бола-
ды да, ондай кезде емле мен терминологияның мәні әсіресе зор
болады.
Сүйтіп, байтақ бұқараның білімге, мәдениетке қолын осы
емле мен терминологияға жоламай жеткізуге болмайды. Кезінде
ағылшынның емлесін сынап, Энгельс былай деген:
“ағылшын емлесінің шатақтығы сондай, оқи білу деген ілуде
біреудің ғана қолынан келетін бір қиын өнер де, ол өнерге жету
үшін көп уақыт, көп еңбек сарп етіп оқу керек; солай болған соң
жұмысшы табының надандықтан құтыла алмауы табиғи қалып
болмақ. Жаза білу деген тек азғантай ғана адамның қолынан
келеді, емлеге келтіріп жазуды көп оқыған адамдардың да көбі
білмейді” (маркс пен Энгельстің II томы, 403-беті).
Энгельстің бұл айтып отырғаны – англия мен американың
үстем тілінің емлесі; буржуаз англия мен американ елінің
билігі буржуазия табының қолында тұрған кезде буржуазия
мәдиениетінің маңдай алды англия, америка сықылды елдерде о
сықылды шиеленіскен шатақ емленің сондай ілгері мәдениетпен
сиысуы жөн болса да, – еңбекші бұқараның ілгері басуы мүлде
ақылға симайтын қалып болмақ.
Сондықтан, емленің жалпы ережесіне көнбей бөлек жайы-
латын оқшаулықтарды көбейтіп, тілдің шын қалпына жа-
наспайтын “академиялық” ережелерді аңдатып, емлені шатыс-
тырып, қиындату дегенді ауызға алмайтын болуымыз керек.
Cондықтан, кейбіреулердің ағылшын емлесін бетке ұстап,
емленің қиындығы мәдениеттің көркеюіне бөгет болмайды, де-
гені де, а.Бөкейханұлының: – Жапония емлесіндей жаман емле
жоқ, бірақ Жапония сол емлесімен-ақ өнер-мәдениетін европа
елінің деңгейіне жеткізді” (“еңбекші қазақ”, 1924 ж.) дегені де
қисынға келмейді.
Жапон жазуының негізі иероглиф (сөз басы бір таңба) бола
тұрып, бірқатар сөздің буын-буынында таңбалайтын жолы бар;
сондықтан оның жазуы Бөкейханұлы айтқандай, ең жаман жазу
болмағанмен, шатағы көп, қиын жазу. Ол, ол ма, әр ұлтының
әдеби тілі бір ғана тіл болса, Жапонияның әдеби тілінің өзі бір-
неше де, әр қайсысының жазуы да әр түрлі, өздері біріне бірі
жалғаса қиындай береді.
Бірақ емленің жеңіл болуы керек дегенді әр түрлі түсінуі
мүмкін. емленің ережесі, әйтеуір, аз бола берсе, әсіресе, ере-
жеге келмейтін оқшау қалыптары, әйтеуір, аз бола берсе, емле
сонда ғана жеңіл болады деп жору мүмкін.
ереженің саны неғұрлым аз болса, оны үйреніп алудың да
оңай болатыны рас. ережеге келмейтін одағай қалыптар аз бол-
са, онан емленің оңайлайтыны да рас. Бірақ ереженің саны да,
ережеге келмейтін одағайдың саны да азая келе, өзінің тиісті
шамасынан мүлде кеміп кетсе, онда ол сықылды “жеңілдік”
жеңілдік болмақ емес.
ереженің санының аз болуы, емлеге керек ережелердің ол
санның ішіне түгел кірмей қалғандығынан болса, ережеге жатпай-
тын одағайлардың аздығы да, өзінің санымен аз болғандығынан
емес, бірқатарының еленбей, ескерусіз қалғандығынан болса,
олай болған күнде онан емле жеңілденбейді, қайта қиындай
түседі, cол сықылды тым артып кетсе, тілдің емлесі жазуды бір
ізден шығаратын емле болудан да қалады, емлеге келтіріп жазу
деген мyлде болмайтын боп шығады.
Қазақ тілінің 1929-жылы бекіген емлесі нақ осындай күйде.
Бір көруге оп-оңай. таза қазақша сөздің емлесіне арналған
ережесінің саны 12-ақ, терминнің жазуына арналған ереженің
2
267
саны 18. емле осы сықылды “жабайы” болған соң, дұрыс жаза
білу оп-оңай болу керек еді, жұрттың бәрі де дұрыс жаза ала-
тын болу керек еді. Бірақ, шынында олай емес: жұрттың бәрі де
дұрыс жаза алмайтын болып отыр.
Кейбір сөздер, мәселен, тұрмыста ең көп айтылып, көп жа-
зылатын сөздердің бірі – “коммунист” деген сөз 16 түрлі боп
жазылады, сонда о сөздің ішіндегі әріптерінің саны да оған жет-
пейді. Оны біреулер “кәмөнес” деп жазады, біреулер “кәмунис”
дейді, тағы біреулер “кәмуніс” деп жазады, әркім өзінше жаза
береді. Cонда оны солай, әр түрлі жазғандардың әрқайсысының
өз жазғаны дұрыс екенін айтатын дәлелінің толықтығы да,
дұрыстығы да тепе-тең түсіп, бірін-бірі бұзып кете алмайды.
Бірақ сол 16 түрлі жазудың біреуін өзгесінен артық деп табарлық
шын дәлел таба алмаймыз. Оны салыстырып санағанда, бірі-
нен-бірін артық не кем деп айтарлық дұрыс критериямыз жоқ,
емлемізде оған критерий боларлық ережеміз жоқ. Сондықтан,
жаңағы сөздің 16 түрлі жазылғанының 16-cы да дұрыс болғаны
секілді, 16-сы да дұрыс емес болып шығады. міне, емле осы
сықылды күйде болған соң, ешбір сөзді жұрыс жазуға болмай-
ды.
“Коммунис” деген сөз қазақтың өз сөзі емес, оның жазуының
тұрақты болмауы содан – деп дауласушылар да болар, бар да.
Бірақ ол сөз орыстікі де емес, немістікі де емес, cүйте тұра ол
орыстікі де, қазақтікі де, немістікі де, тіл-тілдің бәріне бірдей
халықаралық сөз, оны, тегін қазып, латынша сөз деген қаншалық
қисынды болса, қазақ тілінің өз сөзі деген де соншалық дұрыс
болады (Бұл сөздің латыншасы – “Гоммунис”, жалпы, көпке
ортақ деген мағынада). Қайта құл ұстап, теңдік, ортақтық де-
генге мүлде жанаспаған баяғы рим (латын) елінен көрі қазақ
елінің бұл сөзді “менікі” деуге правосы анағұрлым артық.
Шынында, дұрыс жазу деген – қазақтың өз сөздерінің,
“таза” қазақша сөздердің ғана правосы болып, емле сонымен
ғана тұрып қалмау керек, қазақтың әдеби тілінде кездесетін
сөдердің бәрі де дұрыс жазылып, әр қайсысының өзінің мен-
шікті тұрақты таңбасы жазылған түрінен басқаша жазудың бәрі
де қате делінетін болу керек; бірақ ол үшін мына сөз “таза”
қазақша, мынаның тегі жат деп, сөз-сөздің тегін қазып жатудың
қажеті жоқ, тегі қайдан шықса да, бәрі бір, қазақ тіліне кірген
сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі деліну керек.
“Коммунист” деген сөз тіл-тілдің бәрінде де бар, бірақ оның
түбі сол тілдердің ешқайсының да өзінікі емес; сүйтсе де оны
орыс та, неміс те “өз сөзім емес” деп қалай болса солай жаза
бермей, тұрақты бір таңбамен ғана жазады.
міне, қазақ тілінің емлесі де сол сықылды тұрақты болу керек.
Жаңағы “коммунист” сияқты мыңдаған сөздің осы күнге шейін
ешбіреуі дұрыс жазылмай келеді. Біреуінің де тұрақты таңбасы
жоқ, осы күнгі емленің емле болып шығуы 1929-жыл еді, со-
нан бергі 6 жыл бойы жаңағыдай сөздердің ешбіреуі бір тұрақты
түрге түсе алмастан келеді. енді о сықылды сорақылықтан
құтылу yшін ең алдымен сол сорақылықтың түп себебін тауып
алу керек.
Әрине, ол себепті әр кім өзінше бүлдіріп жазумен келген
“коммунист” деген сөздің өз бойында деуге болмайды. Оны
жазушылардың надандығынан да көруге де болмайды, емленің:
осылай жазу керек деп, қолға ұстатқан тұрақты жолы болмаған
соң, жазушы емленің анархиясынан қайткенде де құтыла
алмаған.
Сөйтіп, о сықылды сөздердің тұрақты таңбасының болмауына
шын себеп – осы күнгі емленің өзі, бұл емленің бір ережесі: “шет
тілдерден кіретін сөздердің – терминдердің емлесі қазақ тілінің
фонетикасы мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу
керек,- дейді” (1929-жылғы емле конференциясының стеногр.,
139-бет).
Бұл – “қазақ тілінің фонетикасының осы заңдарына”
терминдердің емлесін бағындыра берудің түбі шиеленген шатақ
болып кететін болған соң, соны келегейлеймін деп, оған: “аса бір
керек жерлерде ғана болмаса, жат сөздердің түбірін бұзбай жазу
керек...” – деп, бір эклектік бұлтарыс қосқан (сол стеногрмның
140-беті).
міне, терминдерді осы ережеге келтіріп жазу үшін, жа-
зушы оны әуелі “қазақ” фонетикасының осы күнгі заңына
бағындырамын деп бір әуре болады, “аса бір керек жерлерде
ғана болмаса, терминдердің түбірін бұзбай жазамын”- деп, екі
әуре болады. Cөзді мұндай ережеге келтіріп жазу үшін әр жа-
зушы оны өзінше жазып, әр сөзді өз алдына қиыстыруға тиіс.
Өйткені олардың әрқайсысында өз көзқарасы бар ғой. Cонда
біреуі: “коммунист” деген сөзді “кәмөнес” деп жазғанда оны
“керегінше ғана бұзып”, қазақ фонетикасының осы күнгі заңына
бағындырдым – деп біледі, екінші біреу ол сөзді “кәмyнес” деп
жазғанда сол шартқа келтірдім деп түсінеді, тағы біреуі оны
“кәмyніс” деп жазғанда ережеге қисынады деп ойлайды. ереже
осының бәріне де өзі жол ашады.
268
269
Cонымен, емле әркімнің өзінше жазуын қойдырып, сөз-сөздің
таңбасын айнымайтын тұрақты қылып шығарудың орнына, емле
жасағанда бұл мақсат еленбегендіктен, жазуда тұрғылықты бір
із болмай, қайта теріс “жазғыштыққа” бастап, анархия шығарып
отыр.
емлеміздің бұ сықылды жолсыздығы тек халықара термин-
дер ғана емес, қазақтың өз сөздеріне де тиіп отыр.
Жазуды сыңар езу ультра-фонетик жолымен жазатын болған
соң, естілуі әр жолы әр түрлі, кейде болып, кейде түсіп қалып
отыратын көмескі дауыстылардың емлесі мүлде шатысып,
былығып кетті. мәселен, бір кісі бір жерде “асра”, “жамра”,
“ахмет”, “көбрек”, “ру”, “рет”, “абралы” деп, бұ сықылды
сөздердің дауысты “ы”, “і”-лерін жоғалтып айтатын болса, екін-
ші бір жерде сол кісінің өзі-ақ сол сөздерді “асыра”, “жамыра”,
“абыралы”, “ахымет”, “көбірек”, “ұруу”, “ірет”- деп те атайды.
Соған қарап, емле о сықылды сөздерді қалай жазсаң да еркің дей-
ді, ондай сөздердің жазуына тұрақты жол көрсетпейді, “ойын”,
“қиын”, “ауылы”, “шаруа”, “алуа”-ларға ұсаған сөздердің ай-
тылуы да, жазылуы да со сықылды: “қойны”, “қолы”, “шаруа”,
“алуа” боп келе береді. Әркімнің өзінше айтатын сөздері болады,
әр жерде әр түрлі айтылатын сөздер де толып жатыр; бір кісінің
өзі “жұрттың бәрі де” әр жерде әр түрлі қып айтатын сөздер
де аз емес; о сықылды сөздердің емлесінде еш тұрақ жоқ, оған
қарағанда қазақ тілінің мүлде емлесі жоқ деп түсінуге болғандай.
мәселен, “жана” деген сөз “және”, “жәнә” болып та жазыла-
ды, “ішкім”, “ешкім”, “едәуір”, “әдәуір”, “недәуір”, “қарағын”
– “қарқын”, “шимай” – “шымай” – “шыжбай”; “кербіш” – “кер-
піш” – “кірпіс”, “бибастық” – “бейбастақ” – “би бастық” – “бей
бастақ – “бей-бастық”; “жәнтік” – “жәндік”, “шыңара” – “шіна-
ра” – “шін-ара” – “ішін ара” – “ішінара”, “саржан” – “шажын”-
дарға ұсап, әр жолы әр түрлі болып жазылатын сөздер толып
жатыр.
1929-жылғы емленің шешпей қалдырған, осы күнге шейін
де шешілмей келе жатқан бір мәселесі – түбірі басқа-басқа
болғанмен, кірігіп бір мағыналы бір сөз болып кеткен құрамды
сөздердің емлесі. мұндай сөздердің жазуында еш тиянақ жоқ,
оны біреулер қоспай, бөлек-бөлек жазады, тағы біреулер арасы-
на сызықша қойып жазады, кейбіреулер қосып, бір сөзге ұсатып
жазады. мәселен, “жарқ қанат” – “жар қанат” – “жарғанат”, “қол
ғабыс” – “қол қабыс” – “қолғабыс”, “жарым ес” – “жармес”,
“иін ағаш” – “иін әғаш”, “аш көз” – “ашкөз” – “ашкөз”, “жаздың
күні” – “жазды күні” – “жазды күн” – “жаздыгүн”, “жазғы тұр”
– “жазғы тұрым”, “бара жатыр” – “баражатыр” – “баратыр”-
деп әркім өзінше жаза береді. Бұл сықылды мысалдардың ұшы
қиыры жоқ. Осы күнгі емлені мақтап, қазақтың өз сөздеріне
келгенде оның еш кемшілігі жоқ, кемеліне келіп, әбден жетіліп
болған емле; аздаған кемшілігі болcа, тек жат сөздердің жазы-
луы жағынан ғана болып отыр деп, қазақ тілінің емлесін көкке
көтерушілердің мәселеге жете түсінбей, бетінен сапырып,
балалық қылық көрсетіп жүргендігі осы мысалдардың өзінен-
ақ аян болу керек. тіл ғылымының емлеге керек бір қатар ірі
мәселелерінің 1929-жылы шешілмей, шикі күйінде қалғандығы,
1929-жылғы емледен ол мәселелердің дұрыс шешіліп, тұрақты
ереже болып орын ала алмай, елеусіз қалғандығы да осы келтір-
ген мысалдардың өзінен-ақ байқалу керек.
Сөйтіп, осы күнгі емленің бір көрмеге жеп-жеңіл болып
отырғаны тілдің емлеге керек мәселелерінің түгел тексеріліп,
азғана ереже болып, қорып шыққанынан емес, сол мәселелердің
көбінің тексерусіз ұмыт қалып, емледен белгілі ереже болып
орын ала алмағандығынан.
терминдердің емлесіне 1929-жылғы қаулы ойына келген
бір аз ғана мәселелерді ереже қылып кіргізді де, ең керек ірі
мәселелерді мүлде сөз қылмай ұмыт қалдырды.
Қазақтың өз сөздерінің жазуында да ол емленің кемшілігі
аз емес екенін жаңа көрсетіп өттік. міне, cондықтан, осы күнгі
емленің ережесінің аз болуы – тілдің шын қалпын аз ережеге
сыйғызып, түгел қорытып шығарғаннан емес, тек есіне түскен
қалыптарын ғана ереже қылып шығарып, ең керектерін ұмытып
кеткендігінен, елеусіз қалдырғанынан болған соң, емлеге кірген
ережелердің бәрі жиылғанда да тілдің емлеге керек мәселелерінің
бәрін түгелімен ішіне ала алмайтын болған соң, қазірде емле бір
көрмеге оп-оңай сияқтанғанмен, өзі шын емле бола алмай, жазу-
ды мүлде шатастырып, анархия шығарып отыр. Шынында, емле
жеңіл болу үшін ереженің саны да, ережеге көнбейтін одағай
қалыптардың саны да құр аз болып шығу ғана шарт емес, тілде
бар емлеге керек қалыптардың бәрінің түгел тексеріліп, ереже
боп, қорып шығуы шарт. міне, солай қорып шыққан ереже – өзі
барынша аз болып, емлеге керек мәселелердің бәрін де ішіне
алатын болса, емле сонда ғана шын емле болады.
Достарыңызбен бөлісу: |