– “түсіндім”, ә – “бұным қалай”, о – “таң қалуды”, й – “жиірке-
нуді”, е – “есіме түсті” дегенді білдіреді. Бұл буын ішіндегі дау-
ысты дыбыстардың жетекшілігін арттырған. Сонда бір буындағы
дауыстының жуан/жіңішкелігі буынның жуан/жіңішкілігін
айқындаған. ал бас буынның тембрі кейінгі буынның тембрін
анықтаған. Сөйтіп, бір сөз бойының бірыңғай жіңішке, бірыңғай
жуан айтылуы і буынның ыңғайына қарай пайда болған.
Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының
(<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың
(<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>,
<г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Жұбаева О. 2002)
бар. Сондай-ақ, <ћ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескен-
мен, тілдің осы лексикалық қабатының мағынасын ажыратуға
септігін тидіруіне байланысты жеке дыбыс – фонема ретінде та-
нылуы тиіс деп ойлаймыз. Әрі аћ, ућ, оћ, оћолады, ућлеу, сүф,
тіфә сөздеріндегі [ћ], [ф] дыбыстары позициялық өзгерістен
шығып отырған жоқ. [ућ] пен [уқ], [аћ] пен [ақ], [суф] пен [суп]
сөздері арасындағы айырмашылық [ћ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстары-
на байланысты. мұндайда л.в.Зиндердің фонеманың мағына
ажыратушылық сипаты әртүрлі дыбысталудан ғана көрінеді де-
гені (Зиндер л.р. 1979: 56) еске түседі.
ал проф. З.Базарбаева “Қазақ тілі фонемаларының вариа-
циялары фонемаға айналу процесіне сәйкес өзінің негізгі фо-
немаларымен қарама-қарсы топ құрса, сонда ғана олар дербес
фонемаға айналады” деп (Базарбаева З. 2004: 20-27), орыс тілін-
де де бұрын <в>:<ф>, <ц>:<ш>, <с>:<ц> фонемаларының оппо-
зициясы болмаған, қазірдің өзінде орыс тілінің кейбір жергілікті
сөйленістері <ц>, <ч>, <ф> фонемаларын айта алмайды дейді.
Сондықтан ғалым тілдің дыбыстық құрамындағы өзгерістерді
прогресті деп таниды. л.в.Зиндер фонема дербестігі кірме
сөздерді сол тілдің заңдылықтарына сай игеруге мүмкіндік бе-
реді дейді (Зиндер л.р. 1979:57).
Достарыңызбен бөлісу: |