92
93
(л.р.Зиндер), барлық графикалық таңбалар графема болып та-
былады (Ю.С.маслов), графема – инвариант, әріп – вариант, гра-
фема таңбалаушы мен таңбаланушының бірлігі (в.м.Солнцев);
графема графикалық жүйенің инвентарін құрушы, фонеманың
репрезентациясы, фонемамен корреляциялық қатынаста тұратын
бірлік.
Сонымен, ХХғ. аяғындағы жазу теориясы жазу бiрлiктерiн
абстракті графема мен нақты әрiпке ажыратып, жазба жүйе бір-
ліктерін жасады.
егер бiз тiлдi таңба деп алсақ,
таңбаның таңбалаушы-
таңбаланушылық сипаты тiлдiң екi жақты меже сипатына сәйкес
келетiн болса, онда ауызша тіл формасының өз мазмұн межесi
мен тұрпат межесi, жазба тілдің өзiндiк мазмұн және тұрпат ме-
жесi болады. ауызша тілдің мазмұн межесi – дыбыс, тұрпат ме-
жесi – фонема болып табылады да, жазба тілдің мазмұн межесi
– графема, тұрпат межесi – әрiп болып шықпақ.
Б.Куртенэ айтуы бойынша, графема ауызша тілдің а) фоне-
масын, ә) фонемалар жиынтығын, б) жартылай фонеманы, в)
бiр фонема мен басқа бiр фонема элементiнiң тiркесiн бейне-
лейдi. Жазба мәтінде графема а) әрiп, ә) әрiп тiркесi, б) басқа да
графикалық амалдар арқылы көрiнедi.
Ғалым әріптер әртүрлі болып таңбаланғанмен оларды ортақ
графемасы арқылы танып аламыз. Сондықтан бір графеманың
әртүрлі формаларын бірінің орнына бірін ауыстыра береміз,
мысалы, каллиграфиялық және типографиялық әріптерді неме-
се каллиграфиялық әріптің өзінің 2-3 түрлі формасын алсақ та
болады дейді.
ауызша тiл
инвариант
фонема
вариант
дыбыс
жазба тiл
инвариант
графема
вариант
әрiп
2 сурет – Ауызша тіл мен жазба тіл бірліктері
мұндағы фонема мен графема – көзге көрiнiп, құлаққа естiл-
мейтiн абстрактi единицалар (2-сурет). Олар тек дыбыс пен әрiп
арқылы ғана реализацияланады. т.а.амирова: “Фонологиялық
жүйенiң инварианты – фонема, графикалық жүйенiң инвариан-
ты – графема. Әлiпбидi алғаш жасаушылар құлаққа естiлетiн
барлық дыбыстарға таңба бере бермедi, олар абстрактiлеп, жал-
пыландыру жағын көп ойластырған” дейдi. т.а.амирова фоне-
ма мен графема арасындағы негiзгi айырмашылықты адамның
психикалық қабылдау тұрғысынан түсіндіру керектiгiн айтады.
Бодуэн де Куртенэ жазу мен тiлдiң арасындағы нақты байланыс
бiрден-бiр психикалық болуы мүмкiн деген. Бiр қарағанда фоне-
ма мен графема бiр сияқты көрiнуi мүмкiн. Бірақ жазу сауаты жоқ
адамның санасында графема арқылы ойлау жүйесі болмайды.
Графема – графикалық ойлау жүйесінің бірлігі. естілген сөзді
қағазға таңбалау дыбыс реңктерін фонемаға айналдырып, фоне-
маны сол жазудың графемасына кодтау арқылы жүреді. Сонда
графема белгілі бір жазу түріне негізделеді. Біз белгілі бір сөзді
айтқанда, не естігенде графема тұрпатымен қоса елестетіп оты-
рамыз. Ол әріп тұрпатына, қаріп түріне каллиграфияға қатысты
емес. Сонда ауызша тіл жазба тілге дыбыстық ортақ, негiзгi
реңкi – фонеманың сол тiлдiң әлiпбиiнде бар әрiптiң мазмұны
болып табылатын графеманың сәйкестiгi арқылы аударылатын
болып шығады. Дыбыс пен әрiп саны көп, фонема мен графема
– белгілі бір шегі бар бірліктер. Фoнема мен графеманың үнемi
сәйкес, бiрдей түсе беретiн кезi болмайды. Графемаға қойылатын
ең негізгі және нақты талап қосалқы варианттардың болмауы.
Графеманы үш түрлі тұрғыда талдауға болады дейді зерт-
теушілер: синтагмалық (фонемамен линейлі сәйкестігі),
парадигмалық (графеманы графикалық жүйенің құрылымдық
элементі
ретінде қарау, мұнда графема адам санасында
орналасқан болады), семиотикалық (таңба ретінде белгілеуші
де белгіленуші де бола ала алуы.
т.а.амирова қазiргi тiлшi қауым арасында әрiп пен графе-
маны бiр деп ашық айтып отырған ғалымдар азайды дегенмен
еңбектерге көз жүгiрте отырып, олардың көбi бұрынғыша ой-
лайтынына көз жеткiзуге болады дейді. Әрiптi алфавит элементi
етiп, графеманы тiлдiң графикалық жүйесi етiп түсiндiру осы екi
ұғымның саралануына жол ашты деген т.а.амирова: “Әріптер
әртүрлі жұмсалым кезінде графемамен сәйкес келеді,
бірақ
барлық жағдайда оны таңбаламайды ” деген.
Сөйтiп, жазу саласының қомақты зерттеулерiнiң өзiнде
графеманы – әрiп, графиканы – графема деп шатастыру бар.
мысалы, жалпы жазу теориясына арналған оқулықтардың өзінде
графема әріп болып, әріптің әсіресе 3-4 позициядағы түрлері
94
95
аллограф ретінде, ал әріптің баспа, жазба түрі, кіші, бас әріп,
оның аллографы болып қарастырылады. С.м.Кузьмина: “Бас,
кiшi әрiп дегендердiң фонемаграфикалық жағынан ешқандай
айырмашылығы жоқ. Оларды тек идеографикалық идея жасаған.
Бас
әрiп жалқы есiмдердi, немiс тiлiнде зат есiмдердi, сөйлем
басын, мәтiн тарауларын, бөлiмдердiң аттарын белгiлегенде ке-
рек. Және қысқартуларда қолайлы” дейдi.
Бiздiң зерттеулерiмiзде: әрiп – графеманың реализациясы,
жазудың тұрпат межесi. Бодуэн де Куртенэнiң әрiптер әртүрлi
болғанмен, мазмұны бiреу болып, өзгермеуiн графема ұғымына
телiген. ал әрiп – код таңбасы. Яғни ғалым әріпті таңба деп
оның мазмұн межесі фонема, тұрпат межесі әріп бейнесі дейді.
таңба сол таңбаның тұрпаты болып шығады. Біздің ойымызша,
әріп таңба емес, әріп – таңбаның бір жағы ғана, сонда графема
– жазба тілдің кіші бірлігі екі жақты сипаты бар,
мазмұн межесі
фонема, тұрпат межесі әріп болып табылады.
Ғалымдар әрiптiң инвентарын анықтау үшiн оның дифферен-
циалды белгiлерiн шығаруға тырысады (волоцкая, молошная,
николаева). мысалы, тiк сызықты әрiптер, көлбеу сызықты
әрiптер, дөңгелек тұрпатты әрiптер т.б. Одан гөрі
төл әріп, кір-
ме әріп, қосақ әріп деген таптастырулардың графика мен әліпби
сапасын анықтауда пайдасы бар.
т.а.амирова әрiп – графеманың нақты реализациясы, фоне-
ма ауызша тілдің, графема жазба тілдің – тұрпат межесі дей оты-
рып, графема әлiпбидегi әрiп санына қарағанда көп дейді. автор
ағылшын тiлiнде 26 әрiп 104 графемалық символды құрайды,
оның iшiнде төрт элементке дейiн графикалық символдар кезде-
седi дейдi, оларға:
а, ar, aa, air,
aiqh, sch, ssi, sc, ph, th, qh, ae, ai,
Достарыңызбен бөлісу: