я, о (еріндік), е (еріндік), о, е (езулік), у, ю, ы, и) дауысты фоне-
маны, 12-сі дифтонгоид дауыстыны (э, е, ие, ие, оа, уе, уе, ои, уо, уе, уи, ыи), 11-і дауыссыз фонеманы (к, н, т, р, м, п, с, ң, ж, ч, х),
8-і дауыссыз дифтонгоидты (кхы, тхы, пхы, кк, тт, пп, сс, джж)
таңбалайды. Бір әріп екі фонеманы (мысалы, бір әріппен к-г, т- д, л-р, п-б дыбыстары таңбаланады) беретін фонемографиялық
жазу әдісі де орын алады. Корей жазуы XVғ. дейін қытай иерог-
лифін пайдаланғандықтан көне әдеби тілдегі сөздерді иероглиф-
пен жазатын аралас жазу типіне жатады.
Сөйтіп, корей жазуы тілдегі фонема саны әріп санына
жуық (41:45), жазба тіл парадигмасының ұзақтығы жазба сөз
синтагмасының үнемділігін жасайтын жазу болып табылады.
Сол сияқты әріп саны көп, бірақ жазу процесі үнемді әліпби
қатарына жапон алфавиті жатады. Жапон жазуы б.э.д. VIғ. қытай
иероглифтерінің негізінде жасалды. Жазба тілінде екі әліпби
түрі бар: хирагана, катакана. мұндағы катакана алфавиті тек
шеттілдік сөздер мен шеттілдік адам, жер-су аттарын жазу үшін
пайдаланылады. Жапон жазуы буын жазуы мен иероглиф жазу
бірге қолданылатын аралас жазу типіне жатады. Әліпбиде 5 да-
уысты (а, и, у, э, о) фонема дауыссыз фонемамен (к, с, т, н, б, ћ, м, й, р, w, ң, п) буын құраған 51 әріп бар, мысалы, ка, ки, ку, кэ, ко, са, ши, су, сэ, со т.б. буындарының жеке-жеке таңбалары бо-
лады. Сонда төрт буыннан, 8 фонемадан тұратын хирагана сөзін
4 таңбамен береді.
Сөйтіп, ашық, жабық әліпби түрлерін салыстыра келе, ашық
жазу түрі әріп саны фонема санынан әлдеқайда кем, жазу-оқу
процесі біршама қиындық тудыратын, жазу экономиясы нашар
әліпби жасайды деген ойға тоқталамыз. ал жабық жазу түрлері
тілдің дыбыстық негізінен шығатын, ауызша тіл жүйесіне
жақын, әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санына сәйкес ке-
летін немесе алдыңғысы сәл кем болатын жазу болып табылады
дейміз.
Қазақ жазуының тарихына көз жіберсек, а.Байтұрсынұлы
түзген тұңғыш қазақ әліпбиі тілдегі фонема санынан әріп саны екі
есе аз фонематикалық жазу болды. Әліпбидегі әріп санының аз
болуы, тілдегі сингармонизм заңының тұрақтылығынан шықты.
Бұл әліпбидегі әріп санын қысқартуға көмегін тигізді. Көне түркі
жазуында дауыссыз әріп таңбасы дауыссыз фонема санынан
артық болды, дауыссыз вариациялары арқылы дауысты дыбыс
реңкі белгіленді. Ғалымдар бұдан әліпбидегі әріп үнемділігі тіл-
де өзара бір белгімен айырылатын жұптас дауыссыздардың және
ол дауыссыздармен тіркесетін шағын дауыстылардың болуына
байланысты деген теориялық тұжырымдар шығарды. латын жа-
зуында дауысты фонемаға бір әріп, дауыссыз фонемаға бір әріп
телінді. Сөйтіп, әліпбиде 1 фонема: 1 әріп қатынасы болу ке-
рек деген түсінікті қалыптастырды. алайда қолданыстағы жазу
тұрғысынан сөз етсек, мысалы, қазақ әліпбиіндегі әріп фонема-
ны да белгілейді, әріп дыбыс реңкін де белгілейді. мысалы, и