Кеңес дәуіріндегі жаратылыстану пәнінің оқытылуы


Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет2/5
Дата07.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#494644
түріЛекция
1   2   3   4   5
Жар нег 5 лекц

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

  • Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, көп клеткалы болады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді.
  • Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеленіп кең таралған.
  • Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.
  • Төменгі сатыдағы өсімдіктерде тамыры болмайды, оның орнына ризоид деген арнайы мүшесі болады.
  •  

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

  • 16.Риниофиттер
  • 17.Псилофиттер
  • 18.Мүктәрізділер
  • 19.Плаунтәрізділер
  • 20.Қырықбуындар
  • 21.Папоротниктер
  • 22.Жалаңаш тұқымдылар
  • 23.Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

  • Жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерден пайда болған. Жоғары сатыдағы өсімдіктер алғашқы сулы ортамен тікелей байланысын үзген, жер бетінде ауасы бар ортаны мекендейтін өсімдіктер
  • Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі мүшедерге, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген.
  • Бұл мүшелер жақсы жетілген ұлпалардан тұрады.
  • Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамыры болады. Тамыр ризоидтарға қарағанда минералдық тұздар мен суды сору және топыраққа бекіту қызметін әлде қайда жақсы атқарады.
  • Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің қоршаған ортада суды шамадан тыс жоғалтудан, төменгі температурадан және т.б. жағдайлардан қорғайтын күрделі жүйесі – жабындық ұлпалары мен поралары болады. Пора газдардың алмасуын және транспирация (су булану) кезінде судың булануын реттеп отырады.

Бактериялар.

  • Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет