Кеңістіктегі арақашықтық Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық



Дата17.04.2024
өлшемі62.64 Kb.
#499006
Кеңістіктегі арақашықтық 2


Кеңістіктегі арақашықтық
Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деп осы нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтады.



Егер түзу жазықтыққа параллель болса, онда түзудің бойында жатқан кез келген нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық түзу мен оған параллель жазықтық арасындағы қашықтық деп аталады.

Егер екі жазықтық параллель болса, онда бір жазықтықтағы кез келген нүктеден келесі жазықтыққа дейінгі қашықтық жазықтықтар арасындағы қашықтық деп аталады.


Параллель жазықтықтар арасындағы қашықтық.

  1. Параллель жазықтықтар арасындағы қашықтық оларға ортақ перпендикуляр кесіндінің ұзындығына тең.

  2. Параллель жазықтықтар арасындағы қашықтық бір жазықтықтағы нүктенің келесі жазықтыққа дейінгі қашықтығына тең.

  3. Параллель жазықтықтар арасындағы қашықтық осы жазықтықтарда орналасқан кез келген айқас түзулердің арасындағы қашықтыққа тең.

Теорема. Екі параллель жазықтықтардың біреуінде жатқан барлық нүктелер екінші жазықтықтан бірдей қашықтықта жатады.
Егер екі параллель жазықтық Ax + By + Cz + D1 = 0 және Ax + By + Cz + D2 = 0 теңдеулерімен берілген болса, онда жазықтықтар арасындағы қашықтықты келесі формуламен анықтауға болады:
d =




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет