«КЕЛІСІЛГЕН»
Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының басшысы
________________ Е.Оразалин
«____»_________________ 2015ж.
|
|
«КЕЛІСЕМІН»
Алматы қалалық Білім БасқармасыныңЖетекшісі
___________________ Р.Шимашева
«____»___________________ 2015 ж.
|
«Алматы гүл қала» атты қалалық фестивалінің шеңберінде
балалар байқауын өткізу тәртібі туралы
Ережелер
Ұйымдастырушысы Алматы қалалық Әкімшілігі болып саналады.
1.Үміткерлерді іріктеу шарттары.
1.1.Байқауға қатысушылар 10 нан 17-і жас аралығындағы балалар болуы мүмкін.
1.2.Байқауға қатысуы үшін үміткерлер 15 ші мамырға дейін жазбаша немесе электронды түрде Ұйымдастырушылардың кеңсесіне тапсырыс беруі керек. Өтінімнің үлгісі №1-ші қосымшада берілген.
1.3. Қатысушылардың саны шектелмейді.
2. Ассистенттермен байқаушылардың құқықтары мен міндеттері.
2.1. Байқаушылар келесі құқықтар мен міндеттерге бағынады:
2.1.1.Байқауға дайындық кезінде:
- Осы ережемен танысады;
- байқауды өткізу тәртібі жөніндегі барлық керекті ақпараттарды, төрешілік ету тәртібі, байқаудың тапсырмаларын және басқада сұрақтарға жауап алады.
2.1.2. Байқаудың тапсырмаларын орындау кезінде:
- кешіккен кезде, ауырғанда және т.б.с.с жағдайда қазылар алқасының басшысына алдын-ала хабарлау керек.
2.1.3. Байқауға қатысушылар марапаттау сәтіне дейін қазылар алқасының мүшелерімен байқаудың нәтижесін талқылауға құқығы жоқ. Құттықтау рәсімінен кейін байқаушылар (қазылар алқасының мүшелерінің келісімімен) жұмыстарын қазылар алқасының мүшелерімен жекелей талқылауға мүмкіндігі бар.
3.Байқаулық тапсырмалар.
3.1.Байқаулық тапсырмалардың тақырыбы.
3.1.1. Байқаудың тапсырмасының тақырыбы, байқаудың жалпы тақырыбымен сәйкес келеді. Тапсырманың толық сипаттамасы байқаудың тапсырмасы туралы Анықтамада сілтеме көрсетілген. Анықтама барлық қатысушы үміткерлерге алдын – ала таратылады және Ұйымдастырушылардың сайтында орналастырылады.
3.2. Байқаушылардың жұмыс істеу орны және байқаулық жұмыстар экспозициясының қойылатын орны.
3.3.1. Байқаулық жұмыстардың экспозицияның орнын байқауды Ұйымдастырушылар жеребе салу немесе басқа жолмен анықтайды.
3.3.2. Жұмыстар экспо орынға ұйымдастырушылардың қалауы бойынша орналастырылады
3.3.3. Қазылар алқасының жұмыс уақыты кезінде, көрермендер Байқаудың жұмыс аймағына баруға рұқсат етілмейді.
3.3.4. Байқаудың бүкіл кезеңінде байқаушылар экспозициялық жұмыстың орнында тәртіп сақтауы тиіс.
3.3.5. Байқауға қатысушылар Ұйымдастырушылардың пайдалануға берген көрме жабдықтарына залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілікке тартылады. Жұмыс орны экспозицияны безендендіру кезінде, атап айтқанда, бұрғылап тесік жасауға, қалай болса-солай бояуға, механикалық өзгертуге немесе қабырғаны, еден төсеніштерін бүлдіруге және т.б. рұқсат етілмейді.
3.4.Байқау тапсырмасын орындау кезінде пайдаланатын материалдар.
3.4.1. «Үйге берілген» байқау жұмысында кез келген жасанды және табиғи текті материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі, тек қана, жасанды гүлдер мен өсімдіктерді қоспағанда. Материалдардың нақты түрлерін пайдалануды байқау тапсырмасының анықтамасында көрсетіледі.
3.4.2. Каркастар, конструкциялар, қалыптар және басқалар, байқаудың соңғы нұсқасын визуалды түрде қайталамауы тиіс. (байқаудың тапсырмасының анықтамасында көрсетілмеген жағдайда).
3.4.3. Әр қатысушы өз өнімдерінің, құралдарының, немесе жеке заттарының бүтіндігіне жауапты болып табылады. Ұйымдастырушылар көрсетілген материалдардың бүлінгеніне немесе жоғалғаны үшін жауапкершілікке тартылмайды.
4. Қазылар алқасы, байқау жұмыстарын бағалау жүйесі, айыппұлдар.
4.1.Қазылар алқасы.
Қатысушылардың жұмысын бағалау үшін Ұйымдастырушылар кәсіби флористердің арасынан білікті қазылар алқасын шақырады. Қазылар алқасының құрамына қазылар алқасының басшысы мен төрешілік құрамы кіреді.
4.1.1. Қазылар алқасының басшысына келесі құқықтар мен міндеттер жүктеледі:
- осы Ережемен танысу;
- қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру және басқару;
- қажет болған жағдайда, осы Ережеде қабылданғандай қатысушылардың жұмысын бағалауды, бағалау жүйесіне сәйкес орындау;
- қазылар алқасының мүшелерімен жиналыс өткізу;
- байқаудың шарттарының орындалуына бақылау жасау;
- қортындысын шығаруға және ұпайларын санау үшін жауапты болу;
- байқауды ұйымдастыру жөнінде және байқау тапсырмаларына байланысты мүдделі тұлғалардың барлық сұрақтарына жауап беруге;
- қазылар алқасының мүшелері мен қатысушылардың арасында байланысатын тұлға ретінде болу,даулы сұрақтарды шеше білу және т.б.
4.1.2. Төрешілер құрамының саны байқауға қатысушылардың санына байланысты, бірақ үштен төмен және алтыдан аспауы керек. Төрешілерге келесі құқықтар мен міндеттер жүктеледі:
- осы Ережемен танысуға;
- қазылар алқасының басшысының өткізетін барлық жиналысына қатысуға;
- қазылар алқасының басшысының барлық нұсқауларын орындауға;
- байқаудың жұмыс саласына қатысу және байқаушылардың жұмыстарын бақылауға;
- осы Ережеде қабылданғандай қатысушылардың жұмысын бағалауды, бағалау жүйесіне сәйкес орындау;
- әрбір тапсырма бойынша жасалған,байқаушылардың ұпайлары жазылған бағалау парағын жинастырып, қазылар алқасының басшысына өткізіп отыруға, төрешілердің расталған қолы қойылған;
- төрешілерге қысым жасалған жағдайда қазылар алқасының Басшысына хабарлап отыруға;
Төрешілер марапаттау рәсіміне дейін Байқаудың нәтижесін қатысушылармен талқылауға құқығы жоқ.
4.1.3. Барлық дайындық кезеңде және барлық мәселелер бойынша қатысушылар Ұйымдастырушыларға өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алады
4.2.Бағалау тәртібі және жүйесі.
4.2.1. Қазылар алқасы байқау жұмысына бағалау жүргізеді және байқау тапсырмасы барлық жағынан талапқа сай болуын тексереді.
4.2.2. Байқауға қатысушылардың жұмыстары Халықаралық Флористер Ұйымының шарттарына сәйкес бағалау жүйесі бойынша бағаланды. (FLORINT):
1.Ойы(идея) ең жоғарғы базалық баға 10 балл
|
2.Түсі ең жоғарғы базалық баға 10 балл
|
3. Композициясы ең жоғарғы базалық баға 10 балл
|
4. Техникасы ең жоғарғы базалық баға 10 балл
|
4.2.3. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
- «идея», «түс» және «композиция» межелері төрешілермен жеке-жеке бағаланады;
- «техника» межесі бірге бағаланады, бірақта «техникаға» төрешілердің бағасы әртүрлі болуы мүмкін;
- төрешілер негізгі бағаны әрбір өлшем үшін он баллдық жүйе бойынша анықтайды (1 баллдан толық 10 балл), оны бағалау парағына жазады да, толтырылған және қол қойылған бағалау парағы қазылар алқасының Басшысына тапсырылады;
- байқауға қатысушылардың жұмысы байқаудың бір тапсырмасы бойынша барлық әділ қазылар алқамының қойған жалпы бағасын әділ қазылар мүшелері санына бөлу арқылы бағаланады. Оның нәтижесінде алынған баға бөлшек сан болуы мүмкін, сондықтан он бөлшекке дейін дөңгелектеуге болады;
- байқауға қатысушылардың байқаудың бір тапсырмасына қойған бағасы осы Нұсқауға сәйкес шарттарын дұрыс орындамағандығы үшін белгілі бір мөлшерде айып-пұлға төмендетіледі. (п.п. 4.3. қараңыз);
- байқаудың қорытындысын шығару үшін әрбір қатысушылардың барлық жұмыстарының бағалары қосылады;
- ең жоғарғы балл санын жинаған қатысушы Байқаудың жеңімпазы болып саналады;
- байқаудың нәтижесі бойынша қазылар алқасы мүшелерінің шешімі соңғы болып саналады және одан әрі қарауға жатпайды.
4.2.4. Қатадан тексеру және байқау жұмысын бағалау қазылар алқасы Басшысының талабы бойынша жүргізілуі мүмкін, егерде төрешілердің бағасы (он баллдық жүйе бойынша 3баллдан жоғары болса)өлшемдердің біреуінен недәуір айырмашылық болған жағдайда. Басқа төрешілердің бағасынан недәуір бағасы алшақ болған төреші, өз әріптестерінің көзқарасымен келісуі де немесе келіспеуі де мүмкін. Төрешілерге ешқандай қысым жасауға жол берілмейді.
4.2.5.Байқау біткен соң, әрбір қатысушының еркі бойынша, қолына өз жұмыстарының әрбір өлшемдері бойынша алған бағалары жазылған құрама кесте беріледі. Байқаушылардың жұмысын ашықтан – ашық қазылар алқасының мүшелерімен талқылауға жол берілмейді.
4.3. Айыппұлдар.
Осы Ережеде белгіленген, Байқау шарттарын кез келген бұзушылық, сонымен қатар, қатысушылардың жұмыстарының байқау тапсырмаларының талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстары айыппұл баллын алу үшін негіз болады. Қатысушының жұмысы үшін төрешілер құрамының бір тапсырма бойынша қойған айып баллдары, баллдар қосындысынан процентпен есептелінеді, бұл ретте он бөлшекке дейін дөңгелектеп шығарады. Бір жолғы бұзушылықта (қараңыз. т.а. 4.3.1., 4.3.2., 4.3.4. (тек соңғы абзац) және 4.3.5.) қатысушыға ескерту беріледі,қайталап бұзса –айыппұл салу жөнінде шешім қабылданады.
Қазылар алқасының мүшелері келесі өлшемдерге бағына отырып, айыппұл салу жөнінде шешім қабылдайды:
4.3.1. 2% ін алып тастайды (нақты жұмысы үшін) атап айтқанда:
- байқау жұмысындағы экспозицияның тұрған орнын қалай болса солай, тазалықта ұстамаған жағдайда; т.б.с.с.
4.3.2. 5% ін алып тастайды (нақты жұмысы үшін) атап айтқанда:
- жұмыс көлемін Анықтамада көрсетілген байқау тапсырмасыннан да арттырып жіберген жағдайда;
4.3.3. 5% тен 20%ке дейін алып тастайды (нақты жұмысы үшін; пайыздың саны жіберген қателіктің күрделілігіне де байланысты) атап айтқанда,егер де:
- тірі өсімдіктің материалы конкурстық жұмыстың ақырғы нұсқасында басым болып табылмайды (егерде Анықтамада көрсетілген байқау тапсырмасына қарама -қайшы келмеген жағдайда) ;
- жұмыстың орындалу техникасы ішін ара байқау тапсырмасының талабына сай келмеген жағдайда (қараңыз. Анықтамадағы байқау тапсырмасы «Техника» тармақшасы);
- жұмысқа жасанды гүлдер мен өсімдіктерді пайдаланғаны үшін; және т.б.
4.3.4. Жұмыс бағаланбайтын жағдай,егерде;
- байқау жұмысы бұзылған кездерде;
- жұмыстың түрі байқау жұмысының талабына сай болмаған жағдайда ( қараңыз Анықтамадағы байқау тапсырмасы «Жұмыстың түрлері» тармағын)
- жұмысты орындау техникасы түгелдей байқау жұмысының талабына сай болмаған жағдайда (қараңыз. Анықтамадағы байқау тапсырмасы «Техника» тармақшасы);
4.3.5. Қатысушыны алып тастау уақиғасы:
- байқаудың қортындысын марапаттау сәтіне дейін байқаушылар, қазылар алқасының мүшелерімен немесе байқауға қатысушының мүддесін жақтайтын тұлғалармен талқылаған жағдайда; және т.б.
4.3.6. Эстетикалық түрі нашар көрінетін байқаулық жұмыстар (солып қалған гүлдер және т.б.) байқауды өткізу кездерінде (көрмені) қатысушыны экспо-орыннан алып тастайды.
5. Жүлделер.
5.1. Байқауды ұйымдастырушылар жүлделік қорды өз шешімдеріне байланысты қарастырады. Жүлделердің саны және мүмкін атаулары ертерек пресс-релизбен жіберіледі.
6. Басқа да жағдайлар
6.1.Ұйымдастырушы Байқау және қатысушылардың жұмысы туралы фотосурет,аудио, бейне және бұқаралық ақпараттық құралдардың көмегімен хабарлауды өз құқығына қалдырады.Осы хабарламаның барлығы Ұйымдастырушының құқығына кіреді.
6.2. Байқауға қатысушы барлық мүдделі тұлғалар (қатысушылар, қазылар алқасының мүшелері және басқалар) осы Ереженің барлық пунктеімен келіседі.
Қатысушыларға: байқау туралы сұрақтарға кеңес 15 мамыр 2015ж. Сағат 15-те Жас натуралистер станциясында беріледі.
Адрес: Алматы қаласы, Щепкин көшесі 27, тел- факс:8(727) 309-75-99
ҚОСЫМША №1
Өтініштер мына мекен жайда қабылданады
Алматы қаласы
Щепкин көшесі №27
МКҚК «Жас натуралистер станциясы»
naturalist2011@mail.ru
Тел\факс: 8 (727) 309-66-44
ӨТІНІш
(БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ)
қАТЫСУШЫЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
|
ФАМИЛИЯ
|
|
АТЫ
|
|
ЖАСЫ
|
|
бІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ
|
|
АУДАН
|
|
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
|
|
E-MAIL
|
|
ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР
|
|
Байқауға қатысуға менің өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын
«_____» ____________________ 2015 ж.
____________________________
(қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |