3. Шағын көлемдi кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
60. Шағын көлемдi кеме оған тiркеу нөмiрi берiле отырып, кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Кеме кiтабын жүргiзудi аумақтық бөлімшелер қағаз және электронды тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
Кеме кiтабын жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
60-1. Салмағы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспауға тиіс, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Ескерту. Қағида 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1380 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
61. Тiркелген әрбiр шағын көлемдi кемеге осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес шағын көлемді кемені есепке алу карточкасы ашылады.
62. Шағын көлемдi кемелердi меншік құқығында сатып алған жеке және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар олардың техникалық жай-күйiне, жыл мезгiлiне және кеменiң орналасқан орнына қарамастан, оларды тіркеу үшін аумақтық бөлімшеге сатып алған (алған), жасалған немесе оларды тіркеуге, қайта тіркеуге әкелетін жағдайлар туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш береді.
63. Мұрагерлiкпен берiлген шағын көлемдi кемелердi қоспағанда, шағын көлемдi кемелердi тiркеу он сегіз жасқа толған адамдардың атына жүргiзiледi. Шағын көлемдi кеменi он сегіз жасқа толмаған мұрагерге тiркеген кезде тiркеу карточкасында ата-анасының немесе қамқоршысының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi және ата-анасының немесе қамқор органдарының келiсiмiнсiз есептен алуға тыйым салынатыны туралы жазба жасалады.
64. Шағын көлемді кемелер заңды тұлғаларға олардың тұрақты тұрғын жері бойынша тіркеледі. Азаматтардың жеке меншігіндегі шағын көлемді кемелер иегердің атына тек оның тұрақты тіркелу орны бойынша тіркеледі.
65. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды тіркеу осы Қағидаға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде жүргізіледі, оған өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттар:
сататын ұйымның анықтама-есебі (немесе сататын ұйымның тауар чегін не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шартын немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлік);
кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;
шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат (егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда);
Заңың 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар;
2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
66. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;
2) ресми шетелдік құжаттар, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде заңдастырылады.
Ұсынылатын құжаттар шет тiлiнде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды расталған аудармасы қоса берiледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазаланған не үстiнен жазылған, сызылған сөздер мен оларда ескрілмеген өзге де түзетулерi бар құжаттар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттiк тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тіркеу үшін қажетті барлық құжаттар түпнұсқа көшірмелерімен ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
67. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ кеме билетінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
68. Жеке жасалған шағын көлемді кемелерді тіркеу аумақтық бөлімшемен келісілген шағын көлемді кемені жасауға арналған жобалық техникалық құжаттаманың негізінде, кейіннен оны бастапқы куәландыруға ұсына отырып, жүргізіледі.
69. Өздiгінен жүзетiн шағын көлемдi кеменi тiркеген кезде оған тiркеу нөмiрi берiледi және кеме иесiне осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес кеме билетi тапсырылады. Берiлген тiркеу нөмiрi қазақ әлiпбиiнiң үш әрпiнен (литерiнен) және төрт цифрдан тұрады.
Бірінші үш әріп Қазақстан Республикасының облысына, қаласына тиесілігін білдіреді. Цифрлар кеме кітабында тiркелген реттiк нөмiрiне сәйкес келеді.
Әрбiр серия 0001-ден 9999-ға дейiнгi төрт таңбалы нөмiрлерден тұрады және флоттың 9999 бiрлiгiн қамтиды.
70. Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша тiркеу нөмiрлерiн белгiлейдi:
1) Ақмола облысы - АҚМ 0001-ден 9999 дейiн
2) Астана қаласы АСТ - 0001-ден 9999 дейiн;
3) Ақтөбе облысы - АҚТ 0001-ден 9999 дейiн;
4) Алматы облысы - АЛМ 0001-ден 9999 дейiн;
5) Алматы қаласы - АЛҚ 0001-ден 9999 дейiн;
6) Атырау облысы - АТР 0001-ден 9999 дейiн;
8) Жамбыл облысы - ЖАМ 0001-ден 9999 дейiн;
7) Шығыс Қазақстан облысы - ШҚО 0001-ден 9999 дейiн;
9) Қарағанды облысы - ҚАР 0001-ден 9999 дейiн;
10) Қызылорда облысы - ҚЗЛ 0001-ден 9999 дейiн;
11) Қостанай облысы - ҚОС 0001-ден 9999 дейiн;
12) Маңғыстау облысы - МҒУ 0001-ден 9999 дейiн;
13) Павлодар облысы - ПВР 0001-ден 9999 дейiн;
14) Солтүстік Қазақстан облысы - СҚО 0001-ден 9999 дейiн;
15) Батыс Қазақстан облысы - БҚО 0001-ден 9999 дейiн;
16) Оңтүстік Қазақстан облысы - ОҚО 0001-ден 9999 дейiн.
71. Өздігінен жүзбейтiн шағын көлемдi кемелердi (ескектi қайықтар, байдаркалар және үрлемелі кемелер) тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiледi және кеме иесiне осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес кеме билетi тапсырылады, бiр «Е» әрпiнен тұратын литер және кеме кiтабы бойынша реттiк нөмiр белгіленеді.
72. Тiркеу нөмiрi шағын көлемдi кеменiң екi бортына да салынады және форштевеннен корпус ұзындығының 1/4-iне тең қашықтықта орналастырылады. Бояу жуғанда кетпейтіндей және корпустың түсiне қарама-қарсы түстi болуы тиiс. Әрiптер мен цирларды бiр жолға жазады. Олардың биiктiгi кемiнде 100-150 мм, ал енi тиiсiнше - 15-20 мм болуы тиiс.
73. Шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуден, егер мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады.
Бас тарту кемені мемлекеттік тіркеуге бас тарту негізін көрсете отырып, ұсынған кеме иесіне жазбаша түрде өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарланады.
74. Шағын көлемдi кеменi мемлекеттiк тiркеу орны шағын көлемдi кеменiң меншiк иесiнiң шағын көлемдi кемені мемлекеттiк тiркеудің аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемдi кеменің жаңа мемлекеттiк тiркеу орнының аумақтық бөлімшесіне жiберiлетiн өтiнiшi (еркiн нысандағы) негiзiнде өзгертiледі. Бұл ретте шағын көлемдi кеменiң жаңадан мемлекеттiк тiркелген орнының аумақтық уәкiлеттi органына жiберiлетiн өтiнiште шағын көлемдi кемеге ауыртпалық салынғаны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
75. Шағын көлемдi кеменi мемлекеттiк тiркеу орны өзгерген кезде шағын көлемдi кеменің бұрын мемлекеттiк тiркеу орнының аумақтық бөлімшесі шағын көлемдi кеменi жаңа мемлекеттiк тiркеу орнының аумақтық бөлімшесіне шағын көлемдi кемеге ауыртпалық салынғаны туралы ақпаратты көрсете отырып, тiркеу карточкасын бередi. Шағын көлемдi кеменiң мемлекеттiк тiркеу орнын алдағы уақытта өзгерту туралы шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi тiркелген ипотеканың немесе шағын көлемдi кеменiң өзге де ауыртпалықтарының кепiл ұстаушысын хабардар етеді.
76. Кеме iсiн алған аумақтық бөлімше шағын көлемдi кемеге жаңа реттiк тiркеу нөмiрiн бередi және шағын көлемдi кеменің бұрынғы мемлекеттiк тiркеу орнында жүргiзiлген кеме кiтабында қамтылған барлық мәлiметтердi осы Қағидаға сәйкес шағын көлемдi кеменiң жаңадан мемлекеттiк тiркелген орнында жүргiзiлетiн кеме кiтабына енгiзедi.
77. Оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
78. Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдар өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын шағын көлемді кемені коммерциялық мақсаттарда пайдалану да шағын көлемді кемені қайта тіркеуге негіз болып табылады.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
79. Шағын көлемді кемені қайта тіркеу осы Қағидаға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің негізінде мынадай құжаттарды:
1) кеме билетін;
2) кеме иесінің жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлға үшін – тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не куәлікті;
3) осы Қағиданың 77-тармағына сәйкес шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негізді растайтын құжаттарды;
4) шағын көлемді кемені қайта тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжатты қоса бере отырып жүргiзiледi.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
80. Жаңа кеме билетін беріп және жаңа тіркеу нөмірін бере отырып, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
81. Кеме билеті жоғалған, бүлінген, иесінің мекенжайы өзгерген немесе көшелердің, елді мекендердің атауы өзгертілген кезде және атауы өзгертілуімен байланысты басқа жағдайларда иесінің өтініші негізінде кеменің жүзуге жарамдылығын кезектен тыс техникалық куәландырудан және бюджетке белгіленген алым төлеуден кейін өтініш берушіге кеме билетінің телнұсқасы беріледі.
82. Кемелерді есептен шығару кеме иесінің жазбаша өтініші бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі: кеме иесінің ауысуы (сату, сыйлау, мұрагерлік), иегердің басқа тұрақты тұратын жеріне көшуі.
83. Кеме иесінің жаңа тұрақты мекенжайға көшуіне байланысты кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде кеме билетінде мемлекеттік тіркеуден алынуы туралы белгі қойылады және кеме кітабында тиісті жазбамен тіркеу нөмірі жойылады. «Жойылды» деген мөртабан қойылған кеме билеті кеме иесіне қайтарылады.
84. Кеме иесінің ауыстырылуына байланысты кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде «Жойылды» деген мөртабан қойылған кеме билеті жаңа кеме иесіне жаңа иесінің тұрақты болатын немесе тұратын жері бойынша мемлекеттік тіркеу үшін тапсырылады.
85. Толық техникалық тозудың салдарынан кемені мемлекеттік тіркеуден шығару арнайы техникалық бақылау актісі бойынша, ал кемені мемлекеттік тіркеуден оның қирауына байланысты шығару кезінде кеме кітабында және тіркеу карточкасында тиісті жазбалар жасалады. Мұндай жағдайларда кеме билеті жойылады және уәкілетті органда сақталады.
86. Мемлекеттік тіркеуден шығарылған шағын көлемді кеменің тіркеу нөмірі бес жыл ішінде ешқандай кемеге берілмейді.
87. Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын аумақтық бөлімше шағын көлемдi кемеге меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн кепiл берушiнiң өтiнiшi негiзiнде шағын көлемдi кеме тiркелген соң кеме кiтабына тiркейдi.
Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiште:
1) ипотеканың кепiл берушісінiң аты мен мекенжайы;
2) ипотеканың кепіл ұстаушысының аты мен мекенжайы немесе оның сынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;
3) екi немесе одан да көп шағын көлемдi кемелерге ипотека белгiлеген кезде ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң барынша жоғары мөлшерi; тараптардың бұл туралы келiсiмi болған кезде, мiндеттемемен жеке-жеке әрбiр шағын көлемдi кеме қамтамасыз етілетiн мөлшер;
4) шағын көлемдi кеме ипотекасының аяқталу күнi көрсетілуі тиіс.
Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшке шағын көлемдi кеменiң ипотекасы туралы шарт (нотариалды куәландырылған көшірме), осындай шартта көрсетiлген құжаттармен қоса берiледi.
Шағын көлемдi кеменiң ипотекасы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш алынған күнi тiркеледi.
Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу кезiнде бұл туралы кеме құжаттарына қандай да бiр жазбалар енгiзу талап етiлмейдi.
Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес Шағын көлемдi кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берумен куәландырылады.
88. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мерзімінде шағын көлемді кеменің ипотекасы туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне қосымша парақтар беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне қосымша парақта шағын көлемді кеменің ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ шағын көлемді кеменің ипотекасы туралы шартқа енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
Кепіл берушінің және (немесе) борышкердің ауысуы кезінде, егер борышкер кеменің ипотекасы туралы шарты бойынша кепіл беруші болып табылмаса, Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері, сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қолы көрсетілуі тиіс.
Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші негізінде өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде береді.
Өтінішке шағын көлемді кеменің ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің тұпнұсқасы не оның нотариатты куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
88-1. Кеменің кепіл берушісі Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші бойынша Куәліктің телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде береді.
Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініште осы Қағиданың 87-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі. Өтінішке Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Ескерту. Қағида 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
88-2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша кеме ипотекасы тоқтатылған кезде аумақтық бөлімше кеме кітабына шағын көлемді кеме тізіліміне кеме ипотекасының тоқтатылуы туралы жазба енгізеді.
Ескерту. Қағида 88-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидасына
1-қосымша
Сериясы/Серия хх № ххххххх
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитеті
Комитет транспортного контроля
Министерства транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан
КЕМЕ КУӘЛІГІ № ____
СУДОВОЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
_____________________________________________________________________
__________________________________ Көліктік бақылау комитеті аумақтық
органының Мемлекеттік кеме тізіліміндегі деректер негізінде төменде
көрсетілген
На основании данных Государственного судового реестра
территориального органа Комитета транспортного контроля
_____________________________________________________________________
указанное ниже ___________________________________ кемесі
cудно принадлежит:
___________________________________________________________ тиесілі.
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі
Название судна или его номер __________________________________
2. Үлгісі және міндеті
Тип и назначение ______________________________________________
3. №______ жоба жасалған жылы және орны
Проект № ______ год и место постройки _________________________
4. Корпусының материалы
Материал корпуса ______________________________________________
5. Бас машиналары (үлгісі, саны, жалпы қуаттылығы)
Главные машины (тип, число, общая мощность) ___________________
_____________________________________________________________________
6. Кеменің габариттік өлшемі: ұзындығы ені
Габаритные размеры судна: длина ___ м, ширина ___ м
толық жүкпен шөгу жүксіз бос шөгу
осадка в полном грузу _______ м, осадка порожним ________ м,
қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз, бос шөккен
кезінде)
наибольшая высота с надстройками (от осадки порожним) _____ м.
7. Белгіленген жүккөтергіштігі жолаушы сыйымдылығы (адам)
Установленная грузоподъемность __ т. пассажировместимость (чел.) ____
8. Жүзу разряды
Разряд плавания ______________________________________________
Осы Куәлік Қазақстан Республикасының туын көтеріп кеменің жүзу
құқығын куәландырады және кеменің меншіктік құқығын растайды.
Настоящее Свидетельство удостоверяет право плавания судна под
флагом Республики Казахстан и подтверждает право собственности на
судно.
Кеме куәлігінің түпнұсқасы кемеде сақталады (өздігінен
жүзбейтін экипажсыз кемеде – кеме иесінде)/
Судовое свидетельство хранится в подлиннике на судне (на
несамоходном судне без экипажа – у судовладельца)
Осы куәлікті Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді
________________________________
Настоящее свидетельство выдано территориальным органом Комитета
транспортного контроля
20_____ж./г. «___» _________________________
(күні/дата) (айы/месяц)
М.О.
М.П.
Көліктік бақылау комитеті
____________________ ___________________ аумақтық органының басшысы/
(қолы/подпись) (аты-жөні/Ф.И.О) Руководитель
территориального органа
Комитета транспортного
контроля
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидасына
2-қосымша
Сериясы/серия хх № ххххххх
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы/Государственный
герб Республики Казахстан)
ШЕТЕЛ КЕМЕСІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТУЫН КӨТЕРІП ЖҮЗУ ҚҰҚЫҒЫН УАҚЫТША БЕРУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
СВИДЕТЕЛЬСТВО О ВРЕМЕННОМ ПРЕДОСТАВЛЕНИИ ПРАВА ПЛАВАНИЯ ПОД
ГОСУДАРСТВЕННЫМ ФЛАГОМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ИНОСТРАННОМУ СУДНУ
Қазақстан Республикасының Жалға алынған шетел кемелерінің
тізіліміне 20___ж. «___» _________ № __ нөмірмен енгізілген
деректердің негізінде осы арқылы _____________ кемесіне жалға алу
шартымен (кемені экипажсыз жалға алу шарты) жалдау кезеңінде (кеменің
атауы) 20___ «____» ____________-нан 20___ «___» _____________
аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге
рұқсат етілгені куәландырылады.
На основании данных, внесенных в Реестр арендованных
иностранных судов Республики Казахстан под № ___ от «__»_________
20__ г., настоящим удостоверяется, что судну _______________
(название судна)
разрешается плавание под Государственным флагом Республики Казахстан
на период фрахтования его на условиях аренды (договор аренды судна
без экипажа) с «__» _________ 20 __ г. по «__»__________ 20 ___ г.
Кеменің меншік иесі және ұлты
Собственник и национальность судна ___________________________
Жалға алушы
Арендатор _____________________________________________________
Жалға алу шартын жасасу күні және оның қолданылу мерзімі
Дата заключения договора аренды и срок его действия __________
Негізгі тіркелген мемлекетте кемені тіркеуді тоқтата тұру күні
Дата приостановления регистрации судна в государстве основной
регистрации ________________
Кеме туралы мәліметтер
Сведения о судне _________________
1. Үлгісі және мақсаты 2. Жобаның №
Тип и назначение __________________ Проект № _______
Жасалған жылы және жері 3. Корпусының материалы
Год и место постройки _____________ Материал корпуса __________
4. Бас машиналар (үлгісі, саны, жалпы қуаты)
Главные машины (тип, число, общая мощность) ___________________
5. Кеменің габариттік өлшемдері: ұзындығы ені
Габаритные размеры судна: длина___м, ширина___м,
толық жүкпен шөгу жүксіз бос шөгу
осадка в полном грузу _______м, осадка порожним _______м,
қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз, бос шөккен кезде)
наибольшая высота с надстройками (от осадки порожнем) _____м.
6. Белгіленген жүк көтергіштігі жолаушы сыйымдылығы (адам)
Установленная грузоподъемность ___т. пассажировместимость (чел) _____
7. Жүзу разряды
Разряд плавания __________________________
Осы Куәлік кеменің Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу
құқығын растайды.
Настоящее свидетельство удостоверяет право плавания судна под
флагом Республики Казахстан.
Осы куәлікті Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы берді
_____________________________
Настоящее свидетельство выдано территориальным органом Комитета
транспортного контроля
20_____ж./г. «_______» _____________________________
(күні/дата) (айы/месяц)
М.О.
М.П.
Көліктік бақылау комитеті
____________________ ___________________ аумақтық органының басшысы/
(қолы/подпись) (аты-жөні / Ф.И.О) Руководитель
территориального органа
Комитета транспортного
контроля
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидасына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидасына
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік
бақылау комитетінің аумақтық органына _______________________________
Территориальному органу Комитета транспортного контроля Министерства
транспорта и коммуникаций Республики Казахстан ______________________
Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы,
телефоны, факсы, тіркелген жері _____________________________________
Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический
адрес, телефон, факс, место регистрации _____________________________
Достарыңызбен бөлісу: |