Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар



бет12/12
Дата24.02.2024
өлшемі57.68 Kb.
#493073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау

Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар

  1. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалауда қандай әдістер мен тәсілдер қолданылады?

  2. Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесінің мәні мен маңызы неде?

  3. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін талдау кезінде қандай қағидаларды негізге алу керек?

  4. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық өызметін талдау кәсіпкерлік қызметінің қандай аспектілерін қамтиды?

  5. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қалай анықталады?

5.5. Өндіріс шығындарын талдау
Шығын – белгілі-бір уақыт кезеңіндегі өнімді өндіру және сатуға кеткен материалдың, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурс түрінің құндылығының ақшалай бағасы.
Жиынтық шығындар-бұл өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізу бойынша кәсіпорынның жұмсайтын барлық шығындары.
Сыртқы жиынтық шығындар-кәсіпорынның меншік иесі болып табылмайтын шеттегі тұлғалардан ресурстарды сатып алумен байланысты кәсіпорынның ақшалай түрдегі шығындары.
Ішкі жиынтық шығындар-тікелей ақшалай төлемдерді талап етпейтін кәсіпорынның өз меншігіндегі ресурстарды өндіруге жұмсалған шығындар.
Сыртқы жиынтық шығындар+Ішкі жиынтық шығындар=Жалпы жиынтық шығындар
Жалпы жиынтық шығындар+Пайда= Экономикалық шығындар
Шығындардың айналым сипатына және өзгеріс ерекшеліктеріне қарай жіктелуі:

  1. Тұрақты жиынтық шығындар (TFC)- өнім өндіру көлеміне тікелей байланыссыз шығындар, бұл шығындарды кәсіпорын өндіріс толық тоқтаған жағдайда да жұмсайды.

  2. Айнымалы жиынтық шығындар (TVC)-өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар, олар шикізат, энергия, өндірістік қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды қамтиды.

  3. Жалпы жиынтық шығындар (TC)- тұрақты және айнымалы жиынтық шығындар қосындысы.

TC= TFC+ TVC

  1. Орташа тұрақты жиынтық шығындар (AFC)- өнім бірлігіне кететін тұрақты шығындар:

AFC= TFC/ Q (өндіріс көлемі)

  1. Орташа айнымалы жиынтық шығындар (AVC)-өнім бірлігіне кететін айнымалы шығындар:

AVC=TVC/Q

  1. Орташа жалпы жиынтық шығындар-өнім бірлігіне кететін жалпы шығындар:

AC=AFC+AVC; AC= TC/Q
Өндірістің жиынтық шығындары кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін талдаудың негізі болып табылады, ал талдаудың өзі жиынтық шығындар мен табыстарды салыстыруға негізделеді.
Жалпы жиынтық шығындарды (TC) кәсіпорынның өнімді сатудан түске табысын көрсететін кәсіпорынның жалпы табысымен (TR) салыстырады, оны есептеу:
TR=P*Q
(TR-TC)-шаруашылық етудің экономикалық нәтижесі, яғни кәсіпорынның пайдасы немесе шығындалуы.
Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындарға жататындар: кәсіпорынның қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары, қарыз пайыздарын төлеу, салық, аммортизациялық аударым, қорғау ақысы, қамсыздандыру шығыны, өндіріс тоқтаған кездегі құрал-жабдықтарға қызмет жасау шығындары, басқару аппаратының жалақысы т.б. Тұрақты шығындарды кәсіпорын ұзақ мерзім кезеңінде дамуды да бақылай алады. Олар қысқа мерзім кезеңінде де өнім шығару көлеміне байланысты өзгермейді.
Өзгермелі шығындар шығарылған өнім көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Өзгермелі шығынға жататындар: шикізат, материалдар, жұмысшылардың жалақысы, энергия, тасымалдау шығыны, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет