15 - кесте — Кәсіпкерлік қызмет нәтижелері көрсеткіштерінің таңдалған стратегияға тәуелділігі
№
|
Кәсіпкерліктің стратегиясы
|
Стратегия шеңберіңде анықталган мақсаттар
|
Нәтиже көрсеткішінің атауы
|
1
|
Нарыкка ену
|
Нарықтың белгілі бір үлесін иелену
|
Нарықтағы алатын үлесі
|
2
|
Жаңа тауарды шығару
|
Нарыктың белгілі бір үлесін иелену
|
Нарықтағы алатын үлесі
|
3
|
Нарықтық
белсеңділікті
күшейту
|
Нарықтың белгілі бір үлесін иелену
|
Нарықтағы алатын үлесі
|
Өнімнің (кәсіпорынның) бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату
|
Өнімнің (кәсіпорынның) бәсекеге қабілеттілігі
|
Пайданы ұлғайту
|
Пайда
|
4
|
Бәсекеге кабілеттілік ұстанымды нығайту
|
Өнімнің (кәсіпорынның) бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату
|
Өнімнің (кәсіпорынның) бәсекеге қабілеттілігі
|
5
|
Өндірісті кеңейту
|
Пайданы үлғайту
|
Пайда
|
6
|
Нарықка ену
терендігі
|
Өнімді әртараптандыру
|
Нарықтағы алатын үлесі
|
Өнімнің бэсекеге қабілеттілігі
|
Кәсіпкерлік қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері өнімнің өмірлік цикліне тікелей байланысты болады.
Өнімді әзірлеу және енгізу сатысында пайда болмайды (ол енгізу сатысының соңында ғана көрініс табады). Пайда мотивациялық сипатқа ие болады, яғни енгізу сатысының ұзақтығын қысқарту, әзірленетін және енгізілетін өнім сапасын жоғарылату, оның мақсатты сегменттің қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімді зерттеу, оны сынақтан өткізу, нарыққа дайындау мен нарықтық ортаға шығару шығындарын қысқарту міндеттері шешіледі. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалайтын осы кезеңге тән өзгеше көрсеткіштер қажет болады.
Өсу сатысында. яғни өнімнің мақсатты сегменттің талаптарына сәйкестігі туралы нақты дәлелдер көрініс тапқан кезде, пайда көрсеткішін қолданған дұрыс. Сонымен қатар, осы кезеңде нарықтағы үлесті ұлғайту және жаңа нарықтарды немесе сегменттерді жаулап алу міндеттері шешімін табуы тиіс.
Кемелдену (жетілу) сатысында пайда көрсеткіші басымдыққа ие болады. Өнімді тұтынушылардың мойындауы, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының төмендеу факторлары, сондай-ақ өндірістік циклді жетілдіру арқылы пайда есімінің тұрақтьшығы орын алады. Алайда, осы сатының соңында пайда көрсеткішінің абсолютті төмендеуінің алғашқы белгілері байқалады, жаңа өнімдерді әзірлеу және бірқатар өнімдер ассортиментін жаңарту міндеттері қойылады. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызмет нәтижелерін бағалау кезінде көрсеткіштердің үйлесу қағидасы қайтадан қолданылады, яғни пайда көрсеткіші кәсіпкерлік субъектісінің бсекелік ортадағы ұстанымын сипаттайтын көрсеткіштермен толықтырылады.
Өнімнің өмірлік циклінің соңғы кезеңі құлдырау сатысында мақсаттардың мынадай 2 түрі белгіленуі мүмкін: ескірген өнімнің нарықтан жылдам ығысуы және белсенді нарықтық іс-әрекеттен бас тарту. Бұл сатыда да кәсіпкерлік қызмет нәтижесі пайда көрсеткіші көмегімен бағалануы мүмкін. Алайда ол алға қойылған мақсаттарға байланысты толықтыруды қажет етеді.
Сонымен кәсіпкерлік қызметтің нәтижелілік керсеткіштерінің өзгеруі өнімнің өмірлік циклінің сатыларына байланысты, сондай- ақ кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттеріндегі құрылымдық өзгерістерге сәйкес, олардың комбинациялану мүмкіншілігімен сипатталады.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау мәселесі отандық және ресейлік ғалымдардың (Дүйсембаев К.Ш., Савицкая Г.В., Шеремет А.Д., Ковалев В.В. т.б.) еңбектерінде көптеп қарастырылған. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін экономикалық тиімділікті бағалау және тиісті қаржы экономикалық көрсеткіштерді есептеу арқылы қарастырады. Ал кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың танымал шетелдік тұжырымдамаларының бірі теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі (Balanced Scorecard (ВSС) тұжырымдамасы болып табылады.
Теңдестірілген керсеткіштер жүйесі (ВSС) — кәсіпорын қызметінің (қаржылық, өндірістік, маркетингтік т.б.) барлық маңызды аспектілері ескерілетін көрсеткіштер жиыны арқылы оның тиімділігін өлшеу және бағалау негізінде стратегиялық басқару жүйесі. Бұл жүйеге келесі көрсеткіштер кіреді:
кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер;
уақыт бойынша мынадай үш жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер:
кәсіпкерлік қызметтің дамуының бүрынғы жағдайын;
кәсіпкерлік қызметтің дамуының қазіргі жағдайын;
кәсіпкерлік қызметтің дамуының болашақтағы жағдайын. ВSС жүйесінің мынадай негізгі үш идеясын бөліп көрсетуге болады:
1. Даму жоспарлы түрде орын алған жағдайда ғана компания табысты жүмыс жасайды, яғни компания стратегиялық жоспарларды жасау және оны іске асыру арқылы өзінің мақсаттарына жетеді;
Компанияның бүкіл қызметі мақсаттарды қысқа мерзім ішінде және аз шығын жұмсай отырып іске асатындай түрде үйлестірілуі керек;
Өлшеуге болатынмен ғана басқаруға болады. Басқаша айтқанда, әрбір деңгейдегі менеджерде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (КРІ) жиыны болуы керек.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділік көрсеткіштерінің жүйесіне қойылатын мынадай талаптарды беліп көрсетуге болады:
кешенділік, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің барлық жағы мен құрамдас бөліктерін ескеретін көрсеткіштерді сипаттауы тиіс;
стратегиялық мақсаттармен байланыс, яғни көрсеткіштер жүйесі қазір де, болашақта да маңызды болатын кәсіпкерлік қызмет аспектілеріне шоғырлануы керек, сондай - ақ стратегиялық жоспарларды орындауға, жетістіктерге жетуге бағьпталған негізгі бағыттарды анықтауы керек;
жүйелілік, көрсеткіштер екі мағыналы болмауы керек;
икемділік және қарпайымдылық, көрсеткіштер есептеу үшін қолайлы, сондай-ақ есептеулерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін және есептеулер жасауға қажетті мәліметтер базасы болуы қажет.
Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі мынадай төрт бағыттағы көрсеткіштерді пайдаланады:
1) салынған капиталдың қайтымдылығы көзқарасы тұрғысынан компания қызметінің тиімділігін қарастыратын қаржылық көрсеткіштер;
2)соңғы тұтынушыларт көзқарасы тұрғысынан компанияның тауарлары мен қызметтерінің пайдалылығын бағалау көрсеткіштері;
бизнес-үрдістерді ұйымдастыру тиімділігін бағалайтын ішкі өндірістік тиімділік көрсеткіштері;
инновациялар мен оқыту, яғни, компанияның жаңа идеяларды қабылдау қабілеті, оның икемділігі, тұрақты жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Кәсіпкерлік қызметті талдау деп оны жүзеге асыру нәтижесінде орын алған теріс (негативті) себептерді анықтай отырып, кәсіпкерлікті бағалау үшін жан-жақты зерттеулер жүргізуді айтамыз. Ол кәсіпкерліктің даму болашағы мен тиімділігін арттыру резервтерін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың негізгі мақсаты - оның ұйымдастырушылық, басқарушылық, қаржы- экономикалық, инвестициялық, технологиялық және өзге де аспектілерін зерттеу арқылы даму болашағын қамтамасыз ету. Талдаудың негізгі міндеттеріне нақты нәтижелерге жетуді, кемшіліктері мен әлсіз тұстарын анықтауды, оның тиімділігі мен табысын арттыру резервтерін айқындауды жатқызуға болады.
Анықталған мақсатқа байланысты талдау әртүрлі дәрежеде жасалуы мүмкін, бірақ ол барлық бағыттар бойынша жүргізілуі керек. Кәсіпкерлік қызметті талдауда оның бірнеше түрі қолданылады. Олардың ішінде негізгілеріне жедел (оперативті) талдау, жылдық талдау, кешенді талдау және т.б. жатқызылады.
Жедел талдау едәуір қысқа мерзімге (ай, тоқсан) жасалады. Ол кәсіпкерлік қызметтің күшті және әлсіз жақтарын, болуы мүмкін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.
Жылдық талдау кәсіпкерлік қызметтің нақты нәтижелерін бағалауға бағытталған. Ол ресурстарды басқарудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді, сондай-ақ, шығындарды оңтайландыру мен табыстарды өсіруде, жоғары өнім сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Кешенді талдау кезінде кәсіпкерлік қызметтің барлық тұстары зерттеледі. Яғни, оның өндірістік- шаруашылық және қаржы -экономикалық қызметіне талдау жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |