Студенттердің өзін-өзі тексеру с±рақтары:
1. Кәсіпкерлік мәні неден тұрады?
2. «Кәсіпкер» және «бизнесмен» түсінігінің ±қсастыгы мен айырмашылыѓы неде?
3. Кәсіпкерлікті дамыту тарихын баяндањыз?
4. Кәсіпкерлік мақсаты неде?
5. Кәсіпкердің маңызды белгілерін сипаттаңыз?
6. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін қандай жағдайлар қажет?
7. Қандай меншік құқықтарын білесіз?
8. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай қолайлы жағдайлар қажет?
9. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды тиімдерін атаңыз?
Жеке меншіктік жеке бастың (жан±ялық) меншіктен айырма-шылыѓы?
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы неде?
Кәсіпкерлікті реттеу және дамыту дегеннен сіз не түсінесіз?
Адамның қандай қажеттіліктері және оларды қанаѓаттан-
дыру әдістері бар?
Кәсіпкерлік қызметтің кандай түрлерін білесіз?
өндірістік Кәсіпкерлік мәні неден түрады?
Коммерциялық Кәсіпкерліктің негізгі мазмұныын не к±рай-ды?
Қаржылық Кәсіпкерлік қызметінің сферасы не?
Кеңестік қызмет, оның әрі дамуының қандай болашаѓы бар?
2 -ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ¦ЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ
2.1 ҚазақстанДағы кғсілкерлікті ұйымдастыру нысандары
Кәсіпкерлік қатысушы - меншік иелерінің санына байла-
нысты келесі нысандарѓа бөлінеді: жеке және ұжымдық.
Кәсіпкерліктің бұл нысандары, өз кезегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі реттейтін кәсіпорынның белгілі ұйымдастыру құқықтық нысандары шегінде жүзеге асады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасынДағы қатынас және мемлекеттік ұйымдармен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық нысандарын д±рыс таңдау көптеген факторларѓа байланысты:
жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
кәсіпкердің жеке тғжірибесі жµне ұйымдастыру қабілеттері;
нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысанда-
рының қасиеттері.
¦йымдастыру-құқықтық нысанды таңдау Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Оны толыѓырақ қарастырайық. Заңды тұлғаны қ±русыз кәсіпорындар түріндегі жеке нысандар бастамалық жеке Кәсіпкерлікке жатады. Жеке Кәсіпкерлікте меншік бір жеке тұлғаѓа жатады. Әдетте жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстары бар индивидум және шешім қабылдау процессін жеке өзі бақылауѓа бейім, толық материалдық және заңдық жауапкершілік алуѓа дайын, фирманың дара иесі болып, жеке Кәсіпкерлік нысанын қалайды.
Кәсіпкерліктің осы нысанының артықшылықтары бар, олар тғуелді болмау, ±тқырлық, материалдык, қызыѓушылық және т.б. Жеке Кәсіпкерлік өндірістік секторда шамалы орын алады, көптеген жағдайларда қол еңбегі мен өндірістің ғмбебап µтмділігі аз құралдарын қолданады, ЃТП жетістіктерін жеткіліксіз деңгейде пайдаланады. Жеке Кәсіпкерлікте капиталды тарту, иесінің өзінің жеке қаржысын салуына негізделген?
Жеке кәсіпкер өзінің кәсіпорынының міндеттеріне барлық өзінің жиынтык, мүлігімен, жеке меншігімен жауапкершілік алады. Жеке Кәсіпкерлікте пайда болған тәуекел оның барлық дғулетіне таралады. Кәсіпкерліктің осы түрінен пайда иесіне тиесілі.
Кәсіпкерлік қызметтің бұл нысаны соңғы жылдары ерекше қарқында дамуда, Қазақстанда 1998 жылы 40433 жеке кәсіпкер-
лік тіркелген болатын, оның ішінде өнеркәсіпте 1950 адам
(4,8 %), саудада - 29992 (74,2 %), қала және жол кµлігінде - 4020 (10%), қонақ ‰й мен мейрамханаларда-1815 (4,5%), және қызметтің басқа сфераларында 2656 (6,5 %) адам істейді. Өз кезегінде Кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру-құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық деп бөлуге болады.
¦йымдастыру-құқық; нысанына серіктестікті, қоѓамдарды, кооперативтерді жатқызуѓа болады.
Бірақ үлкен көлемдегі қаржы ресурстарын қалаумен қатар, жеке материалдын жауапкершілік жоғары және тәуекел µседі, сондықтан үлкен жобаларды жүзеге асыру үшін негізінде «меншік иелерінің саны» белгісі бар, ұжымдық Кәсіпкерлік нысанын таңдаѓан жµн.
¦жымдық кесіпкерлікте меншік бір уақытта әрбірінің белгілі, үлесі бар және белгісіз үлесі бар (біріккен меншік) бірнеше субъектілерге жатады. Оларѓа серіктестік, акционерлік қоѓам, кооперативтерді жатқызуѓа болады.
Серіктестік екі және одан көп әріптестердің қатысуымен құрылады. Серіктестіктің артықшылыѓы қосымша капиталды тарту мүмкіндігі және кәсіпорын ішінде әрбір әріптестің білім және қабілеті негізінде мамандануды жүзеге асыру болып табылады.
Осы нысанның кемшілігі: әрбір қатысушы өзінің салымының мµлшеріне байланыссыз тең материалдық жауапкершілік алады; бір әріптестің әрекеті барльқ қалѓаны үшін егер олар осы әрекеттерге келіспесе де міндетті болып саналады.
Серіктестіктің қатысушылары екі топқа - толық серіктестік (жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер жауапкершілігі шектелген серіктестікке бөлінеді.
Коммандиттік серіктестікте әріптестердің бір бөлігініде
шектелмеген, ал бір бөлігінде шектелген жауапкершілік болуы
мүмкін. Қоѓам екіден кем емес азаматтар немесе заңды тұлғалар-
дың келісімі бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында, олардың салымдарын (ақшалай және натуралды түрде) біріктіру жолымен құрылады.
Жауапкершілігі шектелген қоѓам (ЖШҚ) қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Олар тек енгізген салымдарының құны шегінде жауапкершілік алады. Қосымша жауапкершілігі бар қоѓам қатысушылары өздерінің барлық мүліктерімен жауапкершілік алады.
Ең көп таралѓаны акционерлік коѓам (АҚ). Олардың ерекше-лігі оларѓа құнды қаѓаз - акция шыѓару жолымен қажет қаржыны тарту құқыѓы берілген. Акционерлік қоѓам қатысушылары оларѓа тиісті акциялар құны шегінде оның қызметінің нәтижелеріне жауапкершілік алады.
Кооперативтер - мүліктік пай журналары негізінде біріккен өндірістік және шаруашылық қызмет үшін тұлғалар тобы қ±рѓан кәсіпорын.
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру - экономикалық нысан-
дарына: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синди-
каттар, картелдер, қаржы-өнеркәсіптік топтарды жатқызуѓа болады.
Концерн - қатысу жүйесі арқылы кәсіпорынды бақылайтын көп салалық акционерлік қоѓам. Концерн өзіне еншілес әртүрлі компаниялардың, акцияларның бақылау пакетін алады. Өз кезегінде, еншілес компаниялар басқа акционерлік компания-
лардың, (басқа елдерде орналасқан) акциялардың бақылау пакет-
терін иеленуі мүмкін.
Ассоциация - экономикалық еркін кәсіпорындардың, ұйым-
дардың өз еріктерімен бірігу нысаны.
Ассоциация құрамына белгілі территорияда орналасқан маманданѓан кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.
Ассоциацияны қ±рудың негізгі мақсаты - ғылыми-техника-
лық өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум - ірі қаржы операцияларын бірігіп жүргізу мақсатында кәсіпкерлердің бірігуі (мысалы, ірі өнеркәсіп жоба-
сына үлкен инвестицияны жүзеге асыру).
Кәсіпкерлердің Мұндай бірігуі ірі жобаға қаржы салу мүмкін-
дігін береді, Мұнда ірі салымдар кезінде туатын тәуекел біршама азаяды. ¤йткені жауапкершілік қатысушылардың көпшілігіне бөлінеді.
Ғылыми-техникалық революция жағдайында консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалардың т‰йіскен жерінде пайда болады, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуді қарастырады.
Синдикат - бір сала кәсіпкерлердің арасынДағы артық бәсекені жою мақсатымен өнімді өткізуге бірігуі.
Картель бір сала кәсіпорындары арасында өнімге баға туралы, өткізу нарыѓын, жалпы өндіріс көлеміндегі үлесін бөлу туралы қызметтер және т.б. келісімді білдіреді.
Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру-экономикалық нысандары қаржылық өнеркәсіптік топтар, ол өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және сауда капиталдың, сонымен қатар кәсіпорынның (интеллекттік) парасаттық әлеуетін біріктіру.
Достарыңызбен бөлісу: |