Кәсіпкерліктің артықшылықтары


Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады



бет4/12
Дата10.09.2023
өлшемі43.38 Kb.
#477015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
кәсіпкер 10

Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады:

  • транспортпен жеткізу, сатып алу, тауар сату, жарнама жұмыстарын жүргізу және т.б. операциялары үшін жұмысшыларды жалдау;

  • келесі жағдайда сату үшін тауарларды сатып алу;

  • тауарларды өткізу және сақтау үшін сауда нүктелерін, қоймаларды, ғимараттарды жалға алу;

  • мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын адамның немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;

  • мәмілені қаржыландыру үшін кредитке ақша қорын тарту және келесіде кредитті пайызымен қайтару;

  • тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;

  • мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.

Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі арнаулы тауарлар ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылы кредиттік мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын ала болуы қажет.
Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны бойынша ірі және шағын бизнес деп бөлінеді.
Ірі кәсіпкерліктің басымдылығы:

  • ғылыми техникалық үдерісті тездетеді;

  • жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді;

  • мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;

  • қуатты құрал жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады;

  • шаруашылық тәуекелін азайтады.

Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді болады, кейде өндіріс шектен тыс ұлкен, ыңғайсыз, қиын басқарылатын және экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені фирманың орташа шығындары көбейе бастайды.
Шағын бизнестің басымдылығы:

  • өндірістің жоғары деңгейде мамандануы және фирма арасында тиімді кооперациялану;

  • икемділігі үлкен және рыноктағы өзгерістерге тез ыңғайлануы;

  • өнімдердің әртүрлілігінің көптігі және жеке тапсырыс бойынша жұмыстардың мүмкіндігі;

  • жаңа ғылыми техникалық идеяларға үлкен алғырлығы;

  • алдын ала ұйымдастырудың болмауы, жұмыстың шектен тыс реттелуі;

  • жеке ұсыныстың іске асуына үлкен мүмкіндіктер мен саналы тәуекелдер;

  • қолайлы психологиялық климат және еңбек ұжымындағы үлкен демократия.

Фирма бизнес қызметтің негізгі қызмет бірлігі болып табылады. Фирма дайындау арқылы өз мүддесін жүзеге асыратын шаруашылық тізбегін көрсетеді. Барлық фирмаларды екі негізгі критерий бойынша жіктеуге ьолады: капиталға меншік нысаны бойынша және капиталды шоғырландыру дәрежесі бойынша. Капитал меншігінің нысаны бойынша мемлекеттік және жеке фирмаларды бөліп алады. Соңғысы өз кезегінде тек жеке тұлғалық фирмаларға серіктестік және АҚ болып бөлінеді.Өндірісті шоғырландыру дәрежесі бойынша ұсақ, орта және ірі фирмалар деп бөледі.
Өмір сүре алуы үшін фирма сату көлемін көбейтіп, өсуі қажет. Ол үшін оған өндірістік қуатын көбейтіп, инвестицияны жүзеге асыруы керек. Фирманың өсуінің екі жолын бөліп көрсетеді. Өсудің бірінші жолына фирманың ішкі өсуін, капитал мен өндірісін шоғырландыруды сипаттауға болады. Фирманың ішкі өсуіне қызмет ететіндер:

  • фирманың өз ресурстары, бірінші кезекте табыстың бөлінбеген бөлшегі және кейбір жағдайда өтелетін қор;

  • банктерден және басқа да кредиттік қаржылық институттардан алынған қарыздық қаржы;

  • бағалы қағаздарды қосымша көптеп шығарудан алынған қаржы.

Фирманың өсуінің екінші тәсілі өндіріс пен капиталдың қосылуы мен жұтылуының нәтижесінде орталықтандырылуына байланысты. Екі компанияның бірігуі туралы басшылықтың екі жақты келісімшарты қосылғанын білдіреді. Қосылудың әдеттегі тетіктері біріккен корпорациялардың акцияларын жаңа акциялардың бір үлгісіне айырбастау болып табылады. Ал, жұтып қою бір фирма екіншісінен сатып алғанда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет