Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары



Pdf көрінісі
бет7/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
дәріс материалдары КЭ

2. Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты 
және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына байланысты бірнеше түрі болады: 
1. Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың 
жиынтығы; 
2. Қайта өндіру құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы: 
3. Қалдық құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына 
келтіру құны. 
Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын өнімнің түрі, оның 
жалпы 
көлемі; 
Автоматтандыру 
және 
механикаландыру; 
Мамандандыру 
деңгейі; 
Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық жағдайлары; 
Негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі. 
Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі қорлардың теңгеге шағып 
есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол 
өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады. 
Ққ = ЖӨҚ/НӨҚ 
ЖӨҚ - жыл ішінде өндірілген жалпы өнім құны. НӨҚ - негізгі қордың орташа жылдық құны.
Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына 
қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Қс = НӨҚ/ЖӨҚ 
 
 
 
 
 


 
МБ-2.2. Кәсіпорынның айналым капиталы 
1. Айналым капиталының мәні және құрылымы. 
2. Қаражаттың ауыспалы айналымы. 
1. Кәсіпорынның іс әрекетін қамтамасыз етуде айналым қаражатының бар болуы міндетті шарт 
болып табылады. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және 
үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражаттарының 
жиынтығы. Айналым қаражатының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз 
етудегі экономикалық рөлімен анықталады.
Айналым қаржысы – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс 
қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс 
өрісінде қолданылады. Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек 
заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық 
формасын өзгертеді. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, 
сондай ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырыс шотындағы қаржылар және 
дебиторлық қаржылар түрінде көрінеді. Айналыс қоры құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген 
құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаржат арқылы 
айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қаматамсыз ету. 
Кәсіпорындағы айналым қорының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды 
мәселенің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің 
жағдайын сипаттайды. Мысалы, дебиторлық қарыз үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын 
өнім, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді.
Кәсіпорында айналым қаражат құрылымы тұрақсыз және көптеген себептерден өзгеріп те 
отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен 
құрылымы өндірістің сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу 
жағдайына және т. б. байланысты болады. Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы 
кәсіпорынның өндіріс қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы: Ауыр өндіріс кәсіпорынында 
жеңіл өндіріске қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру 
мыналардан тұрады:айналым қаржыларының қажеттілігін анықтаужәне олардың құрамы мен 
құрылымын, қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару 
және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет