«КӘсіптік қазақ тілі» Пәнінен әдістемелік нұсқау 5В072600– «Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы»


Малдың терісіне әсер ететін факторлар



бет2/10
Дата06.07.2016
өлшемі0.94 Mb.
#181157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Малдың терісіне әсер ететін факторлар


1. Бағу және тамақтандыруды 4 негізгі жағдайға бөлуге болады:

а) Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы. Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы малдың қоректенуіне байланысты. Қорек, біріншіден, жеткілікті, екіншіден теңестірілген болу керек. Өйткені, жаман сіңіретін малдың терісі борпылдақ, жұқа болып келеді, бұлар механикалық әсер нәтижесінде әртүрлі аурулармен оңай зақымданады. Әсіресе, жүнді жабының жетілуі кезінде өте қауіпті. Ол мамықтың, жүнді жабынның, қылшық жүні төмен, сирек болып, шала жетілуіне әкеліп соғады. Көміртектің жетіспеуі кезінде ақуызды қоректің мол болуы жүнді жабынды айтарлықтай жуандатады.

б) Еркіндік. Малдар кең жерде тұруы керек және көп уақыт өрісте жайылғаны дұрыс. Әйтпесе, тері борпылдақ, иілімсіз, ал жүнді жабын сирек, әрі байланып қалады.

в) Тазалық - гигиеналық жағдайды қадағалау. Нашар күтімдегі малдарды лас жерлерде ұстау, терілерде кірдің пайда болуына себеп болады. Бұндай жағдайда, теріні өндеу кезінде кірлердің араласып кетуі әбден мүмкін. Тіпті, тері ауруларына әкеліп соғады. Сонымен қатар, біріншілік үрдісті айтарлықтай қиындатады.

г) Паразиттермен күрес кезіндегі: бөгелек, кене түйінді, беттік кене және тағы басқалар.

Осындай барлық маңызды талаптарды орындау нәтижесінде ақау, кемістіктерден сақтана аламыз. Енді болашақ тері маманына пайдалы болып табылатын, келесі реттілікпен танысайық:

Механикалық ақау - эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы. Механикалық зақымданудың - негізгі себептері: сыздауық - ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюуы. Сыздауықтардың мынадай себептері болуы мүмкін:


  • Тері аурулары (экзема, ірің дерматиттері т.б.)

  • Гельминтозды жаралар

  • Жұқпалы аурулар

  • Таз аурулар

  • Шіркейдің шағуынан

  • Механикалық зақымдану және т.б.

Ақаулар бірінші рет туған сиырларда кездеседі. Қамшының ізі - қамшымен қатты ұрғаннан болады.

Тері бөртпесі - көп мөлшерде терлеудің салдарынан пайда болады.

Таңбаның орны - темірді қыздырып, мал терісіне ен салғаннан қалады.

Сызат - терінің беткі қабатын өткір заттармен тіліп кетуінен пайда болады.

Мінекей, өздерініз көріп отырғандай малды дұрыс күтіп, бақса сапалы шикізат алуға болатынына көз жеткізіп отырсыздар.

Малдың жынысы мен жасы. Терінің өлшеміне қарай малдың жынысын білуге болады. Көбінесе еркек малдың терісі ұрғашы малдың терісінен ірілеу келеді. Негізінен мамықтық еркек аңның жүні, тері сапасына қарағанда қатқылдау. Еркек малды піштіру терінің сапасын жақсартады. Сонымен қоса, түріне қарап жасынан айыра білу қажет. Көбінесе жас малдың жүнді жабыны үлкен малдарға қарағанда, бірінші түлеуден кейін жұқа, нәзік, әрі жұмсақ келеді. Кейде оны түсіне қарап біледі: жас мамықтық аңдардың жүнді жабыны қаралау болады. Тек қана жас, кейбір үй жануарларының терісін мехтік шикізатқа пайдалануға болады. Бұған қаракөл қойлары жатады. Олардың жаңа туған қозыларының жүнді жабыны мықты, берік, бұйра келеді. Бірақ жүнді жабын біраз күннен соң өседі, беріктілігі мен әдемі пішінінен айырылады. Көбінесе, жас үй жануарларының терісі, керісінше арзанырақ болады.

Жыл мезгілі. Малдардың жүнді жабыны үшін жыл мезгілдерінің де өзіндік әсері бар. Мерзімдік өзгерістер: олардың жүнді жабыны жыл мезгіліне және тыныштық кезеңіне, қылшықтың өсуі тоқтағанда (қыс, жаз) және жаңа қылшықтың өсуіне байланысты болады. Жүнді жабынның алмасуы кезінде ескі қылшық түсіп қалады. Бұл уақытты түлеу уақыты деп атайды. Өрісте көп жайылатын үй малдары мен жабайы аңдарға жыл мезгіліндегі көптеген факторлар (күн сәулесі, жауын-шашын, қар т.б.) әсер етеді. Ақырғы түлеу - негізінен жаздың аяғында, күзде және ерте көктемде болады. Сиыр, бұқа және жылқыларды тамыздың соңынан, желтоқсанның аяғына таманғы аралықта сойған жөн. Себебі, бұл кезде тері тығыз және сау келеді. Сонымен қатар, егер теріде сыздауық болса, осы уақытта жазылып, қайта шығып үлгере алмайды. Ал қойды бірінші сою уақытында маусым, шілде, тамыз айларында сойған дұрыс. Екінші сою мерзімі қыркүйек, қазанда нашарлайды, ал үшінші сою кезеңінде - күзде қылшықтары ұзарып, жұқарып кетеді. Көктемде сойылған тері мүлдем жарамсыз. Ешкілер үшін союға ең ыңғайлы уақыт - күз.

Мамықтық аңдарға мезгілдік өзгерістер қатты әсер етеді. Қыста олардың жүні ең ұзын, жұмсақ, жылтыр қалыпқа жетеді. Қыста ұйықтайтын аңдар басқа малдар сияқты екі рет түлемейді, бір рет қана түлейді. Сондықтан оларды кеш күзде және ерте көктемде союға болады. Күзде жүнді жабындары жұмсақ, жылтыр болып келеді және түсінің өзгеруі болмайды. Көктемде жүнді жабын құрғақтау, қатқылдау болып келеді.

Бұрын қыстың бас кезінде, суық күнде аңшылықпен алынған, егер тез арада терісі сыпырылған болса, онда ол аңның мехі - ең жақсы мех болып есептелген. Тері үшін қысты күні аңды (бірінші айынан басқа) союдың қажеті жоқ, себебі, олардың қыста терісі жұқарып, өздері арықтайды.

1. Сою. Терінің сапасына сою да әсер етеді. Союдағы ең негізгі талап - малды қансыратпау. Қан бактерияларды жетілдіретін керемет орта болып табылады. Терінің қан тамырларында қалып қоюы, шандырлы беттік қабат түзеді. Қансыратпау үшін, малдың жүрегі мен нерв жүйелерін байқап кесу керек. Қансыратпаудың ең дұрысы малдың мойынындағы қан тамырын кескен жөн.

2. Теріні сыпыру - ең жауапты кездердің біреуі. Теріні ұшадан мал тоңазып кеткенше тезірек айырып алу қажет. Осы уақытта май, қан суып, теріні сыпыруды жеңілдетеді. Тері сыпырудың негізгі дұрыс принципі, оның периметрін кіші қылып алуында.

Қансыздандырғаннан кейін, біріншіден жұмыс істеуге ыңғайлы, екіншіден таза ауа жолын ашуға қолайлы. Үй ірі қара малының ауыр ұшасын ілу үшін, артқы аяғын кесіп, соған таяқшаны кигізеді. Таяқшаның ортасына мықты жіп байлап, оны төбеге бекітеді.

Теріні сыпырмас бұрын, қан болған, кір болған жерлерді жылы суға батырылған бұлмен тазартып, байланған қылшықтарды тарап алу қажет. Теріні сыпыру үшін, өткір пышақ, ағаштан жасалған күрекше мен лучинка керек. Оны құйыршық терісінің астына салады. Барлығы дайын болған кезде, теріні сыпыра бастайды. Пластпен ІҚМ, сонымен қоса, қой, ешкі т.б. мал терісінен өтіп, құйрықтың төменгі жағына дейін ұзын кесінді және де қиысатын кесінділерде жасайды:

1) алдынғы аяқтың ортаңғы бармағынан омырау арқылы басқа аяқтың ортаңғы бармағына дейін;

2) артқы аяқтың бармағынан жыныс саңылау арқылы келесі аяқтың бармағына дейін.

Теріні құйрығынан бастап сыпыру керек. Ол үшін ағаш күрекшені терінің астына тығып, қолмен тері аймағын ұстап тартады да, еттен бөліп алады. Бұл үрдісті өте баяу, ұқыпты істейді, әйтпесе тері жыртылып кетеді. Жартысын тірекше көмегімен істеген соң, ары қарай қолмен сыпырып, іреуге де болады. Теріден ерін, құлақтарды кесіп алып тастайды.

Егер теріні тұтасымен қолданылатын болса, онда түтікпен шешеді. Ал бауыр терісі жонарқадан бөлек алынса, оны жеке қолданады. Бұл жоғары бағалы болады. Осындай сыпыруды кәмшат, қара күзен, сусар, түлкі, ақ тиын, ондатра, қоян, бұғының төлі және т.б. үшін қолданады. Артқы жағы аяқ бармағының ішкі сызығының бойымен кесіледі. Теріні құймышақ тұсы терісінен бастап, артқы аяқ пен санын, сосын құйрығын, содан кейін барлық ұша бойынша басын бөлектейді. Бағалы тері тұяғымен қоса шешіледі.

Мехтары ашық, нәзік, бағалы аңдардың (бұлғын, ақкіс, күзен, ақ құлақ) терісін чулакпен сыпырады. Басынан ауыз жағын, ерінін бөлектеп, мұрынын ойып, кеседі. Сосын басынан құйрығына қарай тартады да, біртіндеп сыпыра бастайды. Құйрығы қозғала бермес үшін оған лучинка қояды.

Теріні сыпырғанан кейін оны тез арада майсыздандыру керек. Ол дегеніміз - қалдық майлар мен еттерді тазарту. Бұл операцияны бірінші тәсілмен орындайды. Оны орындау үшін біраз құрал-жабдықтар қажет.

1. Болванка пышақпен майсыздандыру. Ол конус тәріздес пішінде, оны әртүрлі ағаштан жасауға болады. Болванка әр түрлі терілер үшін әркелкі өлшемде болады.

Түлкі үшін: ұзындығы - 80 см, негізгі диаметрі - 12 см, ұшындағы диаметрі - 4 см.

Қара күзен үшін: ұзындығы - 60 см, негізгі диаметрі - 8 см, ұшындағы диаметрі - 3 см.

Болванка беті міндетті түрде біртегіс, сызатсыз болуы қажет, жапсырмаларды да, басынан құймышақ тұсына қарай тазартады.



2. Ағаш пышақпен. Біртегіс мықты ағашқа теріні кигізіп, бір қолмен тартып, екінші қолмен пышақпен жұмыс істейді.

3. Тұтқа көмегімен. Тұтқа - жұқа болаттан жасалған арадан және пышақтан және кронштейннан тұрады. Кронштейнға пышақ және ара 40-50 градус бұрышпен тігінен бекітілді. Теріні майсыздандыру үшін тұтқа орындыққа қағылады.

4. Қалыпты тупикпен майсыздандыру. Бұл әдіспен түлкінің құйрығынан бастап тазартқан әлдеқайда жеңіл. Қалып қалың ағаштан дайындалады. Жұмыс істейтін бөлігінің ұзындығы 20-25 см, қалыңдығы - 2,5 см, биіктігі - 15 см. Қалыптардың жоғарғы бөлімі сопақша және ойыс болып келеді. Қалыппен жұмыс істеу үшін ешкілерге ойыс жағы бекітіледі. Осы ақырғы әдіс пласт пен теріні сыпыруға қолданылады.

Майсыздандырғаннан соң құрғақ бұлмен және қағазбен сүртеді. Майсыздандыру кезінде жүнді жағы былғанып қалса, оны тазартқан жөн. Өндірістерде тазарту қолмен және арнайы барабандарда өтеді. Барабан ішіне ағаш ұнтағын салады және сыртына терінің жүнді жабыны келеді.

Теріні сыпырып, майсыздандырумен қатар біріншілік өңдеуде кемістіктер жібермеуге тырысу керек.

Ойынды - терімен дұрыс жұмыс icтeмey нәтижесінде тepi тінінің зақымдануы.

Жыртық - тepi тесілуінен пайда болады.

Қан дақтары - қан тиген жерлерде қоңыр дақ қалады.

Дұрыс емес кecіндi – теріні кескен кезде стандартты қадағаламаса.

Kеciк - шел қабатын терең кесіп алу.

Қиынды - тepiciн сыпырғаннан соң май, ет қалдықтарын тазартқан орын.

Өлген мал теpici - қызғылт түстес арам өлгенен соң алынған тepi.

Теріні біріншілік өңдеу.Реттеу, жөндеу, консервілеу

Енді, біздің алдымызда майсыздандырудан өткен жаңа тepi жатыр. Жаңа тepiнi - жас тepi деп атайды. Осыдан 1-2 сағат ішінде өңдеуге кipice алмасаңыз, оны мiндeттi түрде консервілеу керек. Әйтпесе, жас терілерде шіріткiш бактериялар көбейіп кетеді.

Tеpiні консервілемес бұрын пайдалануға болмайтын бөліктерді алып, реттеген жөн. Олар салмағын жоғарылатып келсе, өңдеу үрдістерін қиындатады. Оларға: май, ет, қан, кip, ерін, құлақ, мүйіз, лай, тұяқтар жатады. Кір мен майды қолмен, тупикпен тазартады.

Реттеуден кейін енді бip гигиеналық операция - тepiні жуу. Әдістелген жолмен мұқият жуу - микроптарды екі есе төмендететінін көрсеткен. Сонымен қатар, еритін ақуыздар да жуылып, консервілеуді жеңілдетеді. Теріні шелек, шлангалы тазартқыштармен жуады. ІҚМ терісінің қылшығын арнайы тазартқышпен тазалайды. Тазартқыштың eкi жағы болады: бipiншi жағының ені - 10см, ұзындығы - 40см бipтегic, eкіншіci - тістермен айналдырылған, биіктігі - 2см, негізгі eні - 3см болады. Tepiнi кір мен қан толықтай кеткенше жуған дұрыс. Бip теріні қылшық жағынан жуу ұзақтығы 2 минуттай, ал шел жағынан 4 минуттай жуу керек. Осыдан кейін тазартқыштың тегіс жағынан 30-40 минуттан суы сорғу үшін іліп қояды. Нәтижесінде жуған терінің ылғалы, жас тepi ылғалымен бірдей болады.

Консервілеуге дейін мамандар тepінi жөндеу қажеттілігін ескертеді. Жөндеу – қатпарлар мен әжімдерді тартып, тepiнi анықталған пішінге әкелу. Бұны арнайы щит пен рамкаларда өтізеді.

Жөндегіштерді шайыры жоқ ағаштардан алынған құрғақ таяқшалардан жасайды. Ағаш өте құрғатылған болуы керек, әйтпесе тepi жөндеген соң кішірейіп кетеді. Tepiлерді (барлық түрін) жөндегенде жөндегіштің сырты мен жонарқа бөлігін жөндегіштің бip жағына бауыр тepiciн бipкeлкi қылып жапсырады. Tepiнi щит пен рамкаға кішкене шегелермен қағады. Жөндеуге тepiні жуғаннан кейін әбден құрғаған соң бipaқ кіріседі.

Енді біз консервілеуге кipice аламыз. Консервілеуді «барлық фермент, шіріткіш бактериялар, яғни микроптардың тоқтауы» деген сөз деп ұғу керек. Tepiдe 40% ылғал болуы микроорганизмдер үшін қолайлы. Консервілеуде барлық құрғату әдіcтерi тepiнi сорғытудан тұрады. Негізгі конcepвілeyшi зат - кәдімгі құрғақ ас тұзы. Енді консервілеудің бірнеше әдістерін талдайдық.

Ылғалды тұздау. Бұл әдістің кереметі тepi тінінің сапасы, ал кемшілігі – көп тұз шығыны. 1 кг тepiгe 400 г тұз алынады, кальциленген сода 1/400 қатынастағы консервілeyшi тұзбен ІКМ, бұзау, тана терілері тұздалады. Қоспаны жақсылап араластырып, қолдануға бір күн бұрын дайындайды. Жүн жағын жоғары қаратып, бетон және тегіс ағаш бетіне теріні жазып қояды. Терінің бахтарма, яғни, ет жағына тұз себе отырып, қолмен нығыздап жағады. Бip күннен соң қайтадан тұздайды, оны «пакет» дейді. Басынан бастап төрт бөлікке, алдымен оң қолы мен сол қолын iшкe қарай, одан кейін жотасын бүктейді. Осы оралған тepiнi құйыршығымен және жіппен байлайды. Үш күннен кейін тұздалған теріні тексеру керек: егер қатты тұздар болса, онда барлығы дұрыс, ал егер орындарын қалтырып, тұз ciніп кетсе, онда кайтадан тұздаған дұрыс. Бес күннен кейін белок пен ылғалды тұздық аға бастайды. Жақсы тұздалған тepi берік және тығыз келеді. Шел жағы құрғақ, ақшыл түсті келеді, тек пышақ тигізгеннен соң сұрғылт тартады. Дұрыс тұздалған тepi жақсы сақталады, ал нашар тұздалған тepi - көп бөгеттер жасайды. Қатты тұздалған терінің қылшықтары түсіп қалады, ол мехтік және тepi өндірісінде қолдануға келмейді.

Keптipy және құрғақ npeстi консервілеу. Бұл әдіс бұзау, тана, қой, ешкі, құлын терілерін консервілеу үшін өте қажет. Артықшылығы - арзан және оңай, кемшілігі - теріде қажетсіз қабыршықтар пайда болып, май қышқылы әсерінен илеуге тура келеді.

Теріні ақпанның аяғы мен наурыздың басынан бастап, яғни жылы уақыттарда кептіреді. Бұл уақытта күннің көзінен сақтану керек, әйтпесе тері қабыршақтанып, оның құрамындағы колаген жоғары температурада желатинденіп кетуі мүмкін. Tepiні жазда 22-25оС, ал қыста жылытылған қоймаларда кeптipген пайдалы. Tepi диаметрі 3-5 см жақсы тазартылған ағаштарда ілініп тұруы керек. Теріні жерге қойып тұздауға болмайды. Иленіп тұрған терінің басына, құйрығына, аяғына таяқшалар тipeп, жазып қояды. Tepi бipкелкі кебу үшін ауыстырылып отырады.

Жақсы құрғатылған тepi созылмалы келеді, шел жағын саусақпен шерткен кезде өзіне тән дыбыс бepeдi және жүнді жабыны құрғақ кeлeдi.

Тоңазыту. Бұл әдістің айтарлықтай жетіспеушіліктері бар. Мұздалған тері бұзылады, сапасыз. Tepіні қарға мұздатуға болады. Бұл әдіс терінің сапасын сақтайды.

Құрғақ тұздау. Бұл тәсілді қолданған кезде, алдымен теріні тұздайды, сосын құрғатады. Кемшілігі - консервіленген терінің жоғары гигроскопиялығы болып табылады. Сол себептен қоймадағы тері ылғалдылықтан шіріп, дымқылданып кетеді. Негізінен құрғақ тұздауды ыстық климатты жерлерде де, суық климатты жерлерде де қолдана береді.

Егер тері дұрыс консервіленбесе, шикізатта дақтар пайда болады:



Ақ таңлақ – жел мен мұздаудан туады. Бұл кезде тері борпылдақ, ұсақ саңылаулы, созылмалы емес, ақшыл түсті болады, сондықтан оны сорғытуға тура келеді.

Мүйіздену - шикізаттың кeлeci өндеуін қиындатып, сынғыш және қатты болады. Бұл күн көзінен сақтамаудан туады.

Көгеру - аз кептіріліп, теріде ылғалдың қалып қоюы әсерінен болады.

Шірік - шіріткіш бактериялардың әсерінен терінің зақымдануы.

Шірік болу себептері:



  • Консервілеуді кешіктіру;

  • Дұрыс құрғатпау;

  • Жоғары температурада құрғату;

  • Ылғалдың көп мөлшерде қалып қоюы;

  • Теріге тұзды біркелкі жаймау.

Шіріктің қызару түpi бар. Ол ылғалды тұздау кезінде көкшіл микроптарды қоздырады. Бұған қарсы күрес жүргізу үшін тұзға 1 % парадихлорбензол және 2 % нафталин қосады. Егер тepi бетінде қызару пайда болса, онда оны тазартып, жоғарыда көрсетілген компоненттерді қосып, екіншілік тұздау керек.

Тұз дақтары - тepi қатқыл болады және ақшыл-қоңыр түстен, қара-қоңыр түске боялады. ІҚМ-да, бұзауда шел және беттік қабаттарда ылғал тұздалған болады. Оны жою үшін тұзға 2,5-3 кальциленген сода және 1% парадихлор және 2% нафталин қосады.

Егер консервілеу дұрыс, әрі мұқият жасалмаса, шикізатты бұзады.



Қалың тері тінін өңдеу ерекшеліктері

Бұған бірінші топтағы терілер жатады - ірі көлемді шикізаттар: аю, ит, қасыр және т.б. Осындағы ерекше арнайы пикельдеу ертіндісінде міндетті түрде қышқыл мен ас тұзы болуы қажеттілігі ескергілген. Әйтпесе ісініп кетеді. Ал ісінуді кетірмесе, тері бұзылады. Бірақ жоғарыда айтылған теріге бұл қасиет қажетті: кәдімгі пикельдеу тәсілімен өңдеу кезінде тері тініне борпылдақтық жетіспейді және теріде шел пайда болады. Бұндай жағдайда теріге ерекше өндеу кіргізеді, ол қышқылды - гидрометикалық деп аталады.

Теріні басында қышқылмен өңдеп, сосын ас тұзын қосады. Осы өндеу нәтижесінде тері ісінеді, талшықтар борпылдақтанады және тері қажетті жұмсақтыққа кенеледі. Бұл ісінуде тері қалындайды. Ісіну дәрежесі қылшық концентрациясы мен терінің түріне байланысты. Егер күкірт қышқылын қолданса, аз концентрациялымен салыстырғанда ең жоғары ісіну жетеді. Ең жоғары ісінуден кейін концентрациясын үлкейту қажетсіз, себебі бәрібір де ісінбейді, керісінше кішірейді. Қышқылмен өңдегенде өте сақ болу қажет – бұл өте қауіпті, өткір үрдіс. Ол тері тінін жұқартып, тіпті жарып жібереді. Сапалы тері алғыңыз келсе, қышқылды гидрометикалық өндеудегі ісінуді жоғалту керек. Тұз концентрациясы 60-80 г/л болады.

Қышқыл гидрометикалық өңдеу - тек ірі көлемді терілер үшін қолданылады. Еркек мал терілері, орташа мал терілеріне қарағанда шелінің қалыңдығымен өзгешеленеді.

Қалың шелді қоян терісін өндеуді қарастырамыз: жібітуге кеткен сұйық көлемі тері салмағынан 8 есе артық етіп дайындалады. Жібіту ұзақтығы - 22 сағат. Теріні жібіткен суға 0,6 г/л биосульфит пен 40 г/л концентрациялы ас тұзын қосады. Содан кейін аяғы мен басын кесіп тастап, екінші жібітуді 10 сағаттай таза суда орындайды. Сосын теріні қырып шелдейді де, 3 сағат қышқылды-гидрометикалық өңдеуде ұстайды, оған 3 г/л концентрлі күкірт қышқылы ертіндісі пайдаланылады. Пикельдеу үшін ертіндіге 80 г/л есеппен ас тұзын қосып, толық ірігенше араластырады, 6 сағаттан кейін 10 г/л күкірт қышқылын құяды да, 19 сағатқа қалдырады. Жалпы қышқыл шығыны - 13 г/л. Жалпы ұзақтығы - 19 сағат. Ескере кеткен жөн: ертіндіге таза күйінде қылшық қоспайды, себебі ол тері пісіп кеткеніндей ертінді температурасын жоғарлатады. Өндіріске 12 сағат кетеді, сосын қысу, қағу, ұрғылауды өткізеді. Осымен пикельдеу бітіп, илеуді басталады. Илеуде сұйық көлемі тері салмағынан 7 есе жоғары болады, 28-300С температурада 10 сағаттай жүргізеді.

Илеуге 10 г/л гипосульфит, 50 г/л ас тұзы, 4 г/л хромды квасц, 1,5 г/л алюминий квасцы қажет. Операция гипосульфит пен тұз еріген соң теріге жағу арқылы жүреді, 3 сағаттай үздіксіз араластырып отырады. 25-30% хром квасцын 1 сағат аралығында 2 рет құяды, 1 сағаттан соң алюминий квасцы ертіндісін қосады. Ертінді температурасы 40°С-дан аспау керек. Сосын қысу, ұрғылау, кептіру және майлау үрдісі жүреді.



Тері тіні қалың терілерді және қоян мен тиін терілерін өңдегенде қышқылды гидрометикалық өңдеуден қаша алмайсыз. Өндеу реттілігі былайша болады: престі құрғақ теріні үлкен көлемдегі сумен (су тері салмағынан 8 есе артық болсын) 20°С температурада жібітеді. Жібіту ұзақтығы - 4 сағат. Сосын суды ауыстырып, осында 1 г/л ас тұзын, 02 г/л күкірт қышқылын қосып, 4 сағаттай сол температурада тағы да жібітеді. Сосын теріні сығып, бетін мұқият ұрғылап, жотаның бірінші қабыршығын шелдейді. Егер бауыр терісі майлы болса, онда оны майсыздандырады және шелдейді. Аяқтарын тұяғына дейін қырқып, жоғары жағын шелдеп, ені бойынша созғылайды. Осыдан сон қышқылды-гидрометикалық өндеу мен илеуді жүргізеді. Сұйық көлемі жібітудегідей алынады, ал температурасы 25°С болады. Теріні бас кезінде 3 г/л күкірт қышқылы ертіндісіңде 3 сағат жібітеді. Сосын ісінуді жоғалту үшін 60 г/л ас тұзы ертіндісіне салады, 2 сағаттан соң 35%-ды хром квасцын құяды. 6 сағаттан кейін алып, эмульсиясында 25% аммиагы бар майлаған теріні 4-6 сағат жатқызады. Қылшығын жоғары қаратып құрғатады да сілкіп, қапсырмаға иілте енімен жаяды. Сосын қылшықтарын тараған жөн.

Қоянның жұқа шелді терісін өндеу. Жібіту 18-20°С температурада тері салмағынан 8 есе артық дайындалған сұйықтық көлемінде 10 сағаттай уақыт аралығында өтеді. Жібіту суына 4 г/л бисульфит және 30 г/л ас тұзын қосады. Сосын теріні сорғытып, аяқтарын кескен соң 10 сағат ішінде екінші жібітуді жүргізеді. Теріні сығады да, қырқу бойынша шелдейді. Бұлшық етті, майлы қабықшаны қолмен сыпыруға болады, бірақ оған уақыт кетеді. Шелдеуден кейін пикельді илеу ваннасына салады: сұйық көлемі тері салмағынан 7 есе көп болады. Құрамы: 6 г/л күкірт қышқылы, 8 г/л ас тұзы, 6 г/л хромды квасц, 25% г/л гипосульфитті, 12 г/л алюминий квасцы. Операцияның орындалу реттілігі: алғашында қайнатылған су, сосын тұз бен күкірт қышқылын қосады да, тұз толық ерігенше араластырады, содан кейін теріні салады. Үзіліссіз 8 сағат араластырғаннан кейін гипосульфит қосады. Екі сағаттан соң 25% хром квасцының жартысын, 1 сағаттан соң жартысын сыздықтатып отырып құяды. Ал тағы 1 сағаттан кейін алюминий квасцын қосылады. Осыдан кейін 4 сағат тосады да, пикельдену дәрежесін тексереді. Егер тексеру нәтижесі қанағаттандырса, онда 10 сағатқа қалдырамыз. Содан соң сығып, қапсырма иілгіде ұрғылап, майлайды. Бүйіріне қарағанда, жонарқасына қалыңырақ етіп эмульсия жағады. Майлаған соң 6 сағатқа қалтырамыз, яғни кептіреміз. Терінің мүлдем құрғап кетпегені жөн. Кейінірек - ұрғылау, тазарту, сілкілеу, қылшығын тазарту сияқты үрдістерден өтеді.

Қызыл түлкі терісінің өндеу. Алдымен жүнді жабынға көңіл аудару қажет, қылшығындағы қан дақтарын жылы суға батырылған щеткалармен тазартып, тарақпен тарайды. Сосын чулактың көмегімен алынған терінің ішін 35°С-дан аспайтын жылу сумен дымқылдайды. 1,5-2 сағаттан соң, су теріге сіңген соң шел жағына аударып, басынан құйыршығына қарай мұқият шелдейді: қабыршықты, өтті, май қалдықтарын алады. Еңді сылау әдісімен жібітуді бастайды. Бұл үшін ылғалды ағаш ұнтағы керек. Терінің барлық жағын ұнтақпен сылап, 12 сағатқа қалдырады. Ұнтақты тазартып, құйрығы мен аяғын буландырады. Әрі қарай теріні қапсырма илгіде шелдейді. Құйрығы мен аяғын ені бойынша созылған күйінде қалдырады. Тұяғын аяғынан кеспейді. Тері шелденгеннен кейін ұзындығы бойынша созып, пикель ертіндісімен буландырады. Пикельдеуді 4 рет жүргізеді. Ертіндіге 20г/л құмырсқа қышқылы мен 80г/л ас тұзы кетеді. Пикельдеу температурасы - 25°С. Бірінші пикельдеуден кейін 6 сағат, қайтадан пикельдегеннен соң бірнеше сағат жатады. Сосын қырқу әдісі бойынша тері басын шелдейді де, екі рет пикельдеуді өткізеді. Одан соң теріні ұзындығы бойынша, ал құйрығы мен аяғын ені бойынша ұрғылайды. Осыдан кейін жағу әдісі бойынша майлайды, ол 3-4 сағатты қажет етеді. Сосын теріні шелін жоғары қаратып кептіреді. Шел мүлдем кеппей, жеңіл ылғалданса, қылшық жағын жоғары қаратып жаяды. Теріні түтікке (трубкаға) орап кептіреді. Бұдан соң теріні шел жағын жоғары қаратады да, тазартуды жүргізеді. Тазартылған теріні қылшығын жоғары қаратып аударады, сілкіп, металды тарақпен тараған жөн.

Құндыз терісін өңдеу. Бұл кезде майсыздандыру операциясына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қолмен майсыздандырғанда әр түрлі құралдардың көмегі жеткіліксіз болып саналады. Теріні міндетті түріне арнайы жуғыш ертінділермен жууға тура келеді. Бұған әр түрлі жуатын ертінділерді қолдана береді. Сұйық көлемі тері салмағынан 8 есе артық, ертінді температурасы 35°С болғаны дұрыс. Сосын осы температурадағы таза суда жуылады.

Жуғаннан кейін жас теріні пикельдейді, ал құрғағын жібітуге жібереді. Онда жібіту таза күйде емес, ас тұзының қатысуымен болады. Тұз концентрациясы 20 г/л, сол температурада және майсыздандыруда да 35°С. Жібіту ұзақтығы - 14-16 сағат. Жібіткеннен соң тері пикельдеуден өтеді. Пикельдеу үшін сұйық көлемі жуу мен майсыздандырудағыдай болады Пикельдеуге : 60 г/л ас тұзы, 12 г/л 80%-ды сірке қышқылы, операция ұзақтығы - 10 сағат. Ертінді мен теріні жақсылап араластырып, пикельдеуді құрғауы бойынша анықтайды. Дайын тері тәулік бойы жатады, сосын барып ұрғылауды жүргізеді. Ұрғылау барлық бағытта орындалады: алғашында ұзындығы, сосын ені бойынша. Егер тері қалың шелді болса, тері астындағы майлы қабат пен өзең бөлігін қырқу арқылы алады, бұл үшін өте мұқият қарап қылшық түбірін бүлдірмеуге тырысыңыз. Теріні сосын илеп, 6 сағатқа қалдырады. Одан кейін сығады, ұрғылайды және жағу әдісімен майлайды. Теріні майлағаннан соң қылшығын ішке қаратып бүктеліп 6-8 сағат жатады, сосын температуралық тәртіпті қадағалай отырып, кептіреді. Қайтадан 8 сағатқа қалдырады және шелді тегістеу, ұрғылау т.б. да жекеленген операциялармен аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет