«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет2/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

1. Жалпы ережелер



  1. . Курстық жұмыс – студенттің ғылыми-зерттеу, жобалау және шығармашылық бағыттағы өзбетімен дербес орындауға ықпал жасайтын оқу жұмысының бірі болып табылады. Оны әрбір студент курстық жұмыс орындауға міндетті.

  1. . Курстық жұмыстың тақырыбтары білім беру саласында өзекті, тәжірибедегі қиындықтарды шешуге, мамандықтың мазмұнына, студенттің мамандану саласына сәйкес келуі керек.

  1. .Курстық жұмыстың орындалуы мамандық бойынша жасалған оқу жоспарындағы белгіленген күнтізбелік мерзімінде жүргізіледі. Ол мерзімінің өзгерілу тәртібін реттеу университет және факультет әкімшіліктерінің Кеңес құзыреттілігі күшінде.

  1. . Курстық жұмыстың тақырыбын кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының отырысында бекітілген және ұсынылған тақырыптар тізімінен студенттің өзінің қызығушылығы мен бейімділігі сәйкес таңдауына ерік беріледі. Студент тақырыпты ғылыми жетекшімен келісе отырып та таңдайды. Курстық жұмыстың тақырыбы әр студентке жеке беріледі. Кейбір жағдайда, яғни, өндірістік қызығушылық тудыратын көлемді жұмыс орындаудың тақырыптарын топ студенттері бірігіп орындауға да болады.

  1. . Курстық жұмыс тақырыбының өзгеруі кейбір жағдайда өзгертілуі ғылыми жетекшімен келісе отырып, кафедра меңгерушісінің атына негізделген өтініш арқылы жүзеге асады.

  1. . Курстық жұмыстың жетекшісі кафедраның отырысында білікті оқытушылар арасынан ұсынылып, университет әкімшілігінің бұйрығымен тағайындалып бекітіледі. Ғылыми жетекші студенттің таңдаған тақырыбы бойынша ғылыми кеңес және әдістемелік көмек береді. Студенттің кеңес алуға күнтізбелік кестесін біріге анықтайды. Курстық жұмыс орындауға қажетті ақпарат көздерін анықтауға, әдебиеттерді ұсынуға ғылыми жетекші, кафедра оқытушылары ұсыныстар беріп отырады.

  1. . Курстық жұмыс белгіленген мерзімде ғылыми жетекшіге тапсырылады. Ғылыми жетекші жұмысты пікір жазып қорғауға ұсынады. Курстық жұмысты қорғау арнайы кафедраның отырысында ұсынған комиссия мүшелері қатысады. Курстық жұмысты қорғау комиссиясының құрамында үш кафедраның білікті оқытушыларынан құралады. Жұмысты қорғау қорытындысы бойынша студенттің еңбегі бағаланады.

  1. .Курстық жұмысты дайындамаған немесе қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттің сессияда академиялық қарызы бар деп саналады.

  1. .Студент курстық жұмыстан қанағаттанарлық баға ала алмаса, ол сессияға жіберілмейді. Егер ол курстық жұмысы бойынша қорғауға жіберілмесе немесе қанағаттанарлықсыз баға алса, онда жұмыс қайта жалғастырылады, өңделеді және қайта ғылыми жетекшіге тапсырылады.

  1. .Курстық жұмыстың қорытындысы кафедраның отырысында талданады және факультеттің Кеңесінде ол туралы ақпарат баяндалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет