Кәсіптік практиканы(тағылымдаманы)өткізуге арналған шарт



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі27.5 Kb.
#493948
  1   2   3
договор практики


Кәсіптік практиканы(тағылымдаманы)өткізуге арналған шарт

Орал қаласы «___»________ 2024ж.



«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ атынан Жарғы негізінде әрекет етуші басқарма төрағасы - ректор Наметов Асқар Мырзахметович, бұдан әрі «Білім беру ұйымы» деп аталатын бір жағынан «КММ Орқаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» мемлекеттік мекемесі атынан Ереже негізінде әрекет етуші бөлім басшысы Ермагамбетов Камшат Камалович, бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын екінші жағынан, азаматГильманАсланбек Саламатұлы, бұдан әрі «Білім алушы» деп аталатын үшінші жақтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес төменде көрсетілген осы шартты жасады:


1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1. Білім беру ұйымына2021 жылы түскен 6В11300-«Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқытуын жүзеге асырады.
2. Мекеме білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіптік практиканың (тағылымдаманың) базасымен қамтамасыз етеді.
3. Білім алушы өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.


2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) 6В11300-«Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»білім беру бағдарламасы бойынша,білім алатын студенттерді оқу процесінің кестесіне сәйкес практикалық оқуға (тағылымдамаға) мекемеге жіберу;
2)білім алушыны осы Шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
3)кәсіптік практиканың (тағылымдаманың) бағдарламасын және өтудің күнтізбелік кестесін мекемеменбірге әзірлеу және келісу;
4) мекемеге кәсіптік практиканың (тағылымдаманың) басталуынан екі ай бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың (тағылымдаманың) бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
5) білім беру ұйымның тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекіту;
6) мекеменің қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушымен сақталуынқамтамасыз ету;
7) білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикасына (тағылымдамасына) мерзімді бақылау етіп, оның өтуін ұйымдастыру;
8) мекеменің қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын (тағылымдамасын) ұйымдастыруғажәне өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
9)қажеттілік туындаған кезде мекемеге білім алушының оқу жетістіктері туралы мәлімет беру;
10) жазатайым оқиғаларды, егер олар практиканы (тағылымдаманы) өту барысында білім алушының қатысуымен болған оқиғаларды тергеуге қатысу;
11) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда мекемені хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
12) тұрғылықты мекен-жайынан практика базасының алыс орналасуы кезінде білім алушыға қажетті тұрмыстық және басқа жағдайлар жасау мүмкіндігін қарастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет