Үкіметтік емес ұйымдар консультативтік кеңесінің 3-ші кеңейтілген отырысының



Дата05.07.2016
өлшемі23.44 Kb.
#179240
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы

Үкіметтік емес ұйымдар консультативтік кеңесінің

3-ші кеңейтілген отырысының

Ұ С Ы Н Ы М Д А Р Ы
Алматы қ. 28 сәуір 2012 жыл
Үкіметтік емес ұйымдар консультативтік кеңесінің 3-ші кеңейтілген отырысында (бұдан әрі - ҮЕҰ Кеңесі ) күн тәртібіне сәйкес мәселелер талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша ҮЕҰ Кеңесі келесі ұсынымдарды қабылдады.




  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне, балалардың құқықтарын қорғау департаменттеріне:

– Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне, балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің сайттарында Үкіметтік емес ұйымдар консультативтік кеңесінің 3-ші кеңейтілген отырысының материалдары (өткізілу қорытындысы бойынша ақпарат, шешім) орналастырылсын;



шыққан балалар үшін сапалы білімге қол жетімділік мәселелеріне арналған «Мектеп портфелі» деректі фильмі (қойылымы) көбейтіліп, жіберілсін;

қоғамның, әсіресе БАҚ-тың мұқтаж балаларға деген оң көзқарасын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру;

– кәмелетке толмағандарды сенім телефоны туралы кеңінен хабардар ету бойынша жұмысты күшейту;

– Еуразия Орталық Азияда Қорына «Балалар үйлері түлектеріне әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын дайындау және алға бастыру " жобасын іске асыруда ықпал көрсету;

– ҮЕҰ ақпараттық-ресурстық орталығына «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық акциясы аясындағы іс-шараларды өткізуде ықпал көрсету;

– балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ келісімдерге, меморандумдарға қол қою бойынша жұмыстарды жалғастыру.


2. Үкіметтік емес ұйымдар Кеңесіне:

– ҮЕҰ ақпараттық-ресурстық орталығына (Көбеева А.О) қоғамның мұқтаж балаларға деген оң көзқарасын қалыптастыру бойынша кеңкөлемді кампания ұйымдастыру;

– «Балаларды әлеуметтік бейімдеу Орталығы» ҚБ (Колмогорова Е.А.) мүмкіндіктері шектеулі балаларға сапалы білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастыру;

– «Шығармашылық-бастамашыл әйелдер лигасы» ҚБ (Хайруллина А.У.) үкіметтік емес ұйымдардың мамыр, маусым айларына жоспарлаған іс-шаралар күнтізбесін дайындау.



3. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар жетекшілерінің Республикалық кеңесіне:

– Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатыгездік көрсетілген оқиғалар үшін жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар жетекшілерінің жеке жауапкершіліктерін күшейту;



– Еуразия Орталық Азияда Қорына «Балалар үйлері түлектеріне әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын дайындау және алға бастыру " жобасын іске асыруда ықпал көрсету.
Төрайым Р. Шер

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет