«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары: 10.2.1.1 -жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;
10.2.1.2 Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану;
10.2.1.5 -қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;
10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу.
Ойлау дағдыларының деңгейлері: қолдану
Орындау уақыты: 25 минут
Тапсырмалар: І нұсқа
№1. Вертолет түзу сызық бойымен 400 км ұшып, 900 бұрыш жасай бұрылып, тағы да 300 км ұшты.
а) Вертолеттің жолын және орын ауыстыру формулаларын жазыңдар (2)
ә) Катердің жолын және орын ауыстыруының формуласы пайдаланып анықтаңдар (2)
б) График арқылы жүрген жолы мен орын ауыстыруын сызба ретінде көрсетіңіздер. (1)
№2. Екі велосипедшінің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х1=5t, x2=150-10t.
а) х=х(t) тәуелділік графиктерін салыңыздар. (1)
ә) жүрген жолдың және уақыттың формуласын жазыңыздар (2)
б) Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңыздар. (2)
№3. Тыныштық қалпынан 60 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан ракета 750 м жол жүргенде қандай жылдамдыққа ие болады?
а) теңайнымалы қозғалыстың формуласын жазыңдар (1)
ә) жүрген жолдың уақытын табыңдар (1)
№4. Диаметрі 40 см болатын турбинаның роторы 12000 айн/мин жиілікпен айналады. Турбина қалақтары ұштарының центрге тартқыш үдеуі мен бұрыштық жылдамдығы қандай?
а) нормаль үдеуінің формуласын және бұрыштық жылдамдықтың формулаларын жазыңыздар. (2)
ә) өлшем бірліктерді ХБЖ-ға айналдырыңдар (1)
б) нормаль үдеуін және бұрыштық жылдамдықты анықтаңдар.(2)
№5. Өлшеулер кезінде ең үлкен аспаптық қателік қалай табылады? (1)
Тапсырмалар: ІІ нұсқа
№1. Катер көл бойымен солтүстікке қарай 40 м, сонақ соң шығысқа қарай тағы да 900 бұрыш жасай 30 м жүзді.
а) Катердің жолын және орын ауыстыруының формуласы қандай?. (2)
ә) Катердің жолын және орын ауыстыруының формуласы пайдаланып анықтаңдар(2)
б) График арқылы жүзген жолы мен орын ауыстыруын сызба ретінде көрсетіңіздер.(1)
№2. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі берілген: х1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2= -1,5t.
а) х=х(t) тәуелділік графиктерін салыңыздар. (1)
ә) жүрген жолдың және уақыттың формуласын жазыңыздар (2)
б) Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңыздар. (2)
№3. Тыныштық қалпынан 0,6 м/с2 үдеумен қозғалабастаған автомобиль 30 м жол жүрді.
А) теңайнымалы қозғалыстың формуласын жазыңдар (1)
ә) жүрген жолдың уақытын табыңдар (1)
№4. Диаметрі 16 см лебедка барабанының жүкті 0,4 м/с жылдамдықпен көтеру кезіндегі бұрыштық жылдамдығын және айналу жиілігін табыңыздар.
а) бұрыштық жылдамдық формуласын және жиіліктің формулаларын жазыңыздар. (2)
ә) өлшем бірліктерді ХБЖ-ға айналдырыңдар (1)
б) айналу жиілігін және бұрыштық жылдамдықты анықтаңдар. (2)
5. Ең үлкен қателігі қалай жазылады? (1)
Достарыңызбен бөлісу: |