«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа
Оқу мақсаттары 9.2.1.1 - материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық
қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
9.2.1.3 - вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу
9.2.1.5 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану
- дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Материялық нүкте анықтамасын қолданады
Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді
Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады
Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды
1.Дененің қозғалыс теңдеуі берілген: 𝑥 = 20 + 5𝑡 + 6𝑡2(м)
(а) бастапқы координатаны анықтаңыз. [1]
(b) 𝜗(𝑡) қатысты теңдеуін жазыңыз. [1]
(с) дененің қозғалыс үдеуін анықтаңыз. [1]
(d) 2 секунд өткеннен кейінгі орын ауыстыруды анықтаңыз. [1]
2. Денені қай жағдайда материялық нүкте деп қарастыруға болатын мысалдарды анықтаңыз.Дұрыс жауаптарды таңдаңыз
А) Жерді айнала қозғалып жүрген жасанды серік
Ә) Сынып бөлмесінде жүрген оқушы
Б)Эскалатормен көтеріліп бара жатқан адам
В)Мектеп ауласында ойнап жүрген оқушы
Г) Жағалаудан алшақтап бара жатқан кеме [2]
3.Дене шеңбер бойымен қозғала отырып, 5 с ішінде 2π радианға тең жол жүрсе,
шеңбер радиусын 10 м деп ала отырып, дененің сызықтық жылдамдығын анықтаңыз. [3]
4.Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалған дене, 9 секундта 18 айналым жасаса, онда дененің айналу периоды мен жиілігін табыңдар. [3]
5.Автомобиль 0,2 м/с2 үдеумен тежелгенде, өзінің жылдамдығын 20 м/с-тен 36 км/сағ-қа дейін кеміту үшін қажет уақытты табыңдар. [3]
Жалпы балл: 15
«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа
Оқу мақсаттары: 9.2.1.1 - материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық
қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану
9.2.1.3 - вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу
9.2.1.5 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану
- дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Материялық нүкте анықтамасын қолданады
Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді
Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады
Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды.
1.Дененің қозғалыс теңдеуі берілген: 𝑥 = 10 + 7𝑡 + 4𝑡2(м)
(а) бастапқы координатаны анықтаңыз. [1]
(b) 𝜗(𝑡) қатысты теңдеуін жазыңыз. [1]
(с) дененің қозғалыс үдеуін анықтаңыз. [1]
(d) 2 секунд өткеннен кейінгі орын ауыстыруды анықтаңыз. [1]
2. Денені қай жағдайда материялық нүкте деп қарастыруға болады
А) Жүгіруші ұзын қашықтықты жүгіріп өткенде
Ә) Гимнаст жаттығу жасағанда
Б) Доп өз осін айналғанда
В) Жер бетінен ғарышқа қарай ұшып бара жатқан ракета
Г) Сынып бөлмесінде жүрген оқушы [2]
3.Дене радиусы 80 м шеңбер доғасының бойымен қозғалды. Оның 20 с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,60 радианға тең. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығын тап. [3]
4.Денені вертикаль жоғары 72 км/сағ жылдамдықпен лақтырды. Дененің максимал көтерілу биіктігін табыңдар. [3]
5. Дене радиусы 4 м шеңбер бойымен 500 см/с жылдамдықпен қозғалады. Центрге тартқыш үдеуді анықта. [3]
Жалпы балл: 15 балл
Достарыңызбен бөлісу: |