Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет147/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ҚЫПШАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӘЛЕМДІК ӨРЕСІ 
 
 
Е.З.Қажыбек 
Алматы, Қазақстан 
Халықаралық түріктану орталығы 
 
Қазіргі кезде өзін Түрік деп атап жүрген ұлы ұлыс, көптеген халық пен 
мемлекеттер жиынтығы, ұланғайыр ұлттық өркениет – адамзат даму 
ерекшеліктеріне сәйкес басқа атау мен аттарға да ие болғаны тарихтан маман 
қауымына жақсы мәлім құбылыс. Скиф, сақ, массагет, ғұн деп аталатын, тағы 
да көптеген басқа этнонимдері мен ру-тайпа аттары, ықылым замандарда 
түрлі сипатта болған. Олардың бірі әрі бірегейі – қазақша (түрікше) Қыпшақ
орысша (славянша) Половец, византийша (европаша) Құман, мажарша 
(венгрше) Құн, арабша Мәмлүк деп аталатын көне түрік атауы жөнінде сөз 
өрбітелік. 
Тілдік тұрғы. Бүгінгі компаративистік тек- (прото-) және түп- (пра-) 
тарихи-салыстырмалы зерттеулерде тектүрік пен түптүрік деңгейде негізгі 
байырғы диалекттерінің бірі ретінде тек- пен түпқыпшақ архетиптері –
толық әрі жүйелі түрде қолға алынбаған тақырып.
Түпқыпшақ лексикологиялық – Т.М.Гарипов, А.А.Чеченов, көнетүріктік 
– С.Б.Байчоров, Дж.Клосон, Осман Ф. Сертқая, А.Рона-Таш, жалпы алтайлық 
– К.М.Мұсаев, К.С.Кадыраджиев, И.М.Қоңыр, текбұлғар – М.З.Закиев пен 
Н.И.Егоров, түп- пен текқазақтық – Ә.Т.Қайдаров, палео ортағасырлық – 
Э.Р.Тенишев, Э.Н.Наджип, Ф.Хәкімзянов, этно-топо-ономастикалық – 
А.Г.Шайхулов, ареалдық – Н.З.Гаджиева, т.с.с. сынды бастамалары болмаса, 
мынадай көкейкесті сұрақтарға: 
 Тек- пен түпқыпшақ арасындағы грамматикалық (морфология – 
сөзжасам – синтаксис), лексикалық, фонетикалық, семантикалық, 
морфонологиялық айырмашылықтары
 Текқыпшақ (протоқыпшақ) пен алтай (тек-, түпалтай, оралалтай, жалпы 
алтай) тілдерінің арақатынасы;
 Тек- пен түпоғыз, тек- пен түпқарлұқ және тек- пен түпчуваш пен 
түпсақа тілдерінде түп- пен текқыпшақ элементтері мен архаизмдердің 
жүйесі;
 Тек- пен түп- – басқа тілдік топтарға жататын тілдерде (дравид, 
палеоазиат, қытай, үндіеуропа, иран, араб, картвел, армян т.б.) түп- пен 
текқыпшақ элементтері мен архаизмдердің жүйесі; 
 Ең байырғы тілдік жүйелерде тек- пен түпқыпшақ сарқыншақтары 
(шумер, этруск, авеста, викингтер тілі т.б.) ж.б. 
– әлі де көңілге қонымды монографиялық зерттеу немесе басқа типтес 
жанжақты ізденістер, не ғылыми мақалалар топтамасы жауап беріп көрген 
емес. 
Ал, жоғарыда келтірілген сұрақтар сияқты мәселелерге уақытында тиісті 
өз жауабын бермей, яғни түп- пен тектүріктің ажырамас бір бөлшегі ретінде 
есептелетін тек- пен түпқыпшақтың табиғатына тән кешенді жанжақты 


зерттеу жүргізбей, жалпы түп- пен тектүріктік те, тіпті, түп- пен текалтай 
реконструкциясы да толық болып шықпауы түсінікті. 
Фоно-морфо-лексико-семантикалық гомогендік ұялар (түбірден өрбу 
кестелері) 
арқылы 
белгіленген 
түпнұсқа 
(праформа) 
бұтақтарын 
хронологияландыру – болашақтың үлесі. 
Сөзімізді дәлелді ету мақсатымен, істің күрделілігін әрі түрленгендігін 
көрсету үшін тек бір ғана моносиллабтық *oŋ // *aŋ // *es // *uy ~ *uq /
*us / *oŋ ~ *oy / *ög ‘түсіну’, ‘ойлау’, ‘сезу’

‘түсінік’, ‘ой’, ‘сезім, 
сезік’ ұя-қатарына тоқтала өтейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет