Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет163/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

т, -ыс, -қай тұлғаларын түбiр құрамына қатысы жоқ элементтер ретiнде 
таныған М. Томанов «осы азғана фактілер тобына жасалған талдаудың өзі де 
қазіргі тіл нормалары бойынша бөліп-жаруға келмейтін жалаң түбір деп 
қаралатын сөздердің недәуір тобы «мағынасыз» түбірлер мен белгісіз 
қосымшаларға ажырайтынын көрсетеді» деп қорытады [17,140]. Түркілік 
түбір табиғатын қазақ тілі аясында әр қырынан жан-жақты қарастырған 
академик Ә.Т. Қайдар ұзақ жылдар бойы түркі тілдеріндегі түбір, негіз 
терминдерінің ара-жігі толық ажыратылмай келгеніне ерекше мән беріп, 
аталған ұғымдардың өзіндік ерекшеліктерімен сараланатын ғылыми
анықтамасын ұсынады. Нақты тілдік деректер мен В.В.Радлов бастаған 
белгілі лингвист-түрколог ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, «... 
разложимость односложных корней-основ в тюркских языках ... вполне 
реальный факт» [18, 28] деген қорытындыға келеді. Түркі тілдері бойынша 
ғалым пікірінің негізділігіне дәлел бола алатын, дисиллабтармен қатар 
моносиллабтардың да біразы тіл дамуындағы ұзақ мерзімді қамтитын 
агглютинативтік процестің жемісі екенін көрсететін тілдік деректер қоры 
жинақталып, маңызды теориялық тұжырымдар жасалды. Е.Қажыбек түркі 
тілдеріндегі гомогенді моносиллабтарды етіс-есім омонимиясы тұрғысынан 
зерттеп, синкретизм құбылысының теориялық сипаттамасын ауқымды тілдік 
дерек негізінде дәйектеп берсе, қазақ тіліндегі етістік негіздерді морфемдiк-
компоненттiк талдау барысында тілімізде қолданылып жүрген етiстiктер 
құрамындағы өлі түбірлердің мол қорын анықтаған ғалым Ж.Манкеева қазақ 
тіліндегі айт, арт, кет императивтерінің құрамындағы т етістік тудырушы 


тарихи жұрнақ екенін көрсетеді. Аса ежелгi дәуiрлерде қолданылған түбiрлер 
мен қосымшаларды мүмкiндiгiнше бастапқы қалпына келтiрудi өз 
зерттеуiнiң басты мақсаты етiп алған Б.Сағындықұлы қазiргi түркi сөздерiнiң 
ежелгi тұлғасын реконструкциялауда дәстүрлi салыстырмалы-тарихи әдiстер 
жиынтығымен қатар математикалық амал-тәсiлдерге де, атап айтқанда 
теңдеу теориясына жүгiнедi. Жалғамалылыққа дейінгі флекциялық 
құрылымның басты ерекшелігі ретінде түркі түбірлерінің бір ғана дауысты 
мен бір ғана дауыссыздан тұратынын дәйектеп көрсеткен ғалым, жеке 
дауыссыздар заттардың, қимыл-қозғалыстың, сын-сапа, қасиеттердің атауы 
болса, дауысты дыбыстар әртүрлі семантикалық өзгерістерді, реңктерді 
жеткізгенін айтады. [19, 5]. Б.Сағындықұлының көзқарастары жалпылама 
алғанда 
лингвистикадағы 
фонология 
теориясының 
қағидаларымен, 
императив теориясындағы идеяфондық идеялармен үндесiп, жалпы 
лексикадағы фоно-семантикалық құбылыстарды нақтылай түседi. Түркi 
тiлдерi түбiртану мәселесiн зерттеуде дәстүрлi әдiс-тәсiлдермен қатар тың 
теориялық-методологиялық қағидаларды да ұстанудың қажеттiгiн көтерiп 
жүрген башқұрт ғалымы А.Шайхулов түркi түбiрлерiнiң құрылымдық 
сипаттамасын жасау үш деңгейлi (фонологиялық, морфологиялық, 
семантикалық) зерттеу аясында жүргiзiлгенде ғана нәтижелi болатынын баса 
көрсетеді. Ғалым тұжырымдарынан түбiр табиғатын зерттеуде теориялық-
танымдық 
бағытты 
да 
ұстанатынын, 
имманенттiк 
талдау 
мен 
когнитологиялық 
талдауды 
ұштастыра 
қарастыруды 
қолдайтынын 
байқаймыз [20,8]. Қазақ тiл бiлiмiнде түбiртану жайлы соңғы жылдары 
айтылған маңызды ой-пiкiрлер мен тұжырымдарды А.Салқынбайдың, 
Ш.Жалмахановтың, М.Сабырдың, Ұ.Исабекованың т.б. еңбектерiнен 
кездестiремiз. 
Түркi лингвистикасындағы түбiртану мәселесi бойынша айтылған ой-
пiкiрлер, түбiрлер мен түбiр-негiздердiң жекелеген аспектiлерiн қарастырған 
зерттеу нәтижелерi де, кешендi түрде жүгiзiлген зерттеулер де тiлдегi 
түбiрлiк деңгейдiң қалыптасуы мен дамуы фонетика-фонологиялық, 
морфологиялық, семантикалық, ономасиологиялық құбылыстардың өзара 
тығыз байланысына негiзделетiнiн, түбiр табиғатын тереңiрек тани түсу үшiн 
моносиллабтардың сыртқы тұлғасы мен iшкi мазмұнын сабақтастыра 
қарастырудың қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. Себебi, жалпы лексикалық 
байлықтың өзегiн құрайтын моносиллабтар адамзат өмiрiндегi тiлдiң 
маңызын айқындайтын сан қырлы рухани-функционалдық сапаны 
қамтамасыз ететiн лингво-онтологиялық құрылым. Үнемi даму үстiнде 
болатын тiлдiк жүйенiң өзгермелi, икемдi табиғаты моносиллабтардың 
құрылымдық модельдерiнiң даму бағытымен, оның құрамындағы фоно-
корреляттардың өзара сәйкестiк түзу мүмкiндiгiмен, таралу аясымен, фоно-
морфологиялық, 
фоно-семантикалық, 
идеофондық, 
идеосегменттiк 
қырларымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет