7. Кім қашқан құлды немесе қашып
кеткен тұтқынды тауып алса, ол
бұрын кімнің қолында болған болса, соған қайтармаса, өлім жазасына
тартылады.
8. Жануарды жегісі келсе,
оның аяғын байлап, қарнын жарып және
жүрегін жануар өлгенше қолмен қысып тұрып, сонан соң ғана оның етін
жеуге болады; бірақ кім жануарды мұсылмандар сияқты сойса,
оның өзін
сойсын.
9. ???
10. Ол (Шыңғыс хан), Али-бек-Абу Талебтің ұрпақтарына, бәріне
бірдей алым және салық салынбасын, сондай-ақ пақырлардың ешқайсысына,
әл-құранды оқушыларға, заң берушілерге, өздерінің әмірін намаз оқуға және
тақуалыққа сарп еткендерге, азаншы мен өліктердің денесін жуушыларға
алым мен салық салынбауына қаулы шығарды.
11. Ол (діннің) біреуін
басқалардан артық көрмей, барлық (діни)
ғибадаттарды (тәубелерді) сыйлауға қаулы шығарды.
12. Ол (мейлі ол әмір, ол алушы (қабылдаушы) тұтқын болсын)
ұсынушы алдымен өзі ұсынған дәмін жегенше, басқа біреудің қолынан ас
жеуге өз халқына тиым салды; ол оларға дастарханда бөтен біреу бар кезде,
оны тамақ жеуге шақырмастан бұрын жеуге тиым салды; ол біреуінің
жолдастарынан артық тоюына және тамақ пісіретін от
пен тамақ ішетін
табақтан аттауға тиым салды.
13. Егер олар тамақ ішіп жатқанда, адамдардың қасынан кім (жолаушы)
өтсе, ол атынан түсуге, олардың рұқсатынсыз-ақ ас жеуге тиіс және де
олардың ешқайсысы оларға бұған тиым салмауы керек.
14. Ол оларға қолдарын суға салуға тиым салды және су алуға
ыдыстардың біреуін пайдалануға бұйырды.
15. Ол олардың киімдерін әбден тозғанша жумай киіп жүруге тиым
салды.
16. Ол қандай болмасын бір затты адал емес деп айтуға тиым салды,
"барлық бұйымдар адал" деп бекітті, тағы таза
және таза емес аралығына
айырмашылық жасамады.
17. Ол оларға діннің біреуін басқаларынан артық көруге тиым салды,
сөздерді құрметті аттарды (есімдерді) қолданып сөйлеу және сұлтанға немесе
басқа біреуге қарап сөйлегенде қарапайым ғана оның есімін қолдану керек.
18 ???
19. Ол, әскерлерге ілескен әйелдердің (шатырдағы) соңғы жауынгер
ұрысқа (алғы шепке, ұрысқа) аттанғанда ерлердің маңдайына тиесілі еңбегі
мен міндетін атқаруға жарлық етті (бұйырды).
20 ???
21. Ол оларға жылдың басында өздерінің барлық қыздарын сұлтанға
(ханға), ол өзі үшін және өзінің балаларына
таңдап алуына көрсетуді
бұйырды.
22 ???
23. Ол, көне (ескі) әмірлер жаза басқан кезде (тәртіпсіздік жасағанда)
патша оны жазалауы үшін оған қызметшінің соңғысын жібергенде, өзін
соңғының қолына беріп (тапсырып), патшаның тағайындаған жазасын
орындағанша, ол мейлі өмірінен айыру болса да, оның алдында қарсылықсыз
тырп етпей жатуды заңдастырды.
24 ???
25. Ол, мемлекеттердегі барлық саяси оқиғаларды тез білу үшін,
тұрақты пошта құруды сұлтанға тапсырды.
Достарыңызбен бөлісу: