Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады


Жоба сыртқы есептік температураға байланысты өңделген -35 0 С



бет13/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Білім беру

Жоба сыртқы есептік температураға байланысты өңделген -35 0 С.


Жылыту жүйесінің жылу тасымалдағышы – су 95-70 0 С параметрлерімен.
Ғимарат орталық су жылытқышымен жабдықталған, мұнда үш өздігінен жылыту жүйелері жобаланған.
Магистральді құбыр өткізгіштердің өткізілуі негізінен техникалық қабатта жобаланған, және бөлшекті каналдарда.
Жертөле арқылы өткізілетін калорифермен келтіру және жылыту жүйесінің беруші магистральді құбыр өткізгіштері алдағы лакошыныталшықпен жабылуған минералды мақта өнімдерімен оқшауланады. Оқшаулағыш қалыңдығы 40 мм. Қыздырғыш құралдар ретінде "М-90", "РСГ2 " типті радиаторлар орнатылған, ал холлдарда – "Комфорт" типті конвекторлар.
Саты торлары РВ типті ауақыздырғыштармен жылытылады.
Ғимараттың сумен жабдықталуы сыртқы сақиналы құбыр өткізгіш жүйесінен жүзеге асырылады.
Ғимаратта  100 мм құбыр өткізгіштің енгізілуі жобаланған, ол корпус жертөлесінде орналастырылған. Енгізуде су өлшегіш орнатылады.
Ғимарат ішінде біріктірілген шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы сақиналы құбырөткізгіш жүйесі жобаланған.
Магистральді құбырөткізгіштер техникалық қабатта және конденсаттан оқшауланып корпус жертөлесінде салынады. Су құбырының тіректері ыстық су тіректерімен және канализациямен біріктіріліп шахталарда монтаждалады. Келтірулер ашық салынады.
Оқу корпусы үшін суық судың есептік секундтық шығыны 2,97 л/сек тең. Корпустың ішкі өрт сөндіруіне су шығыны 2 ағыс 2,5 л = 5 л/сек бойынша қабылданады.
Кешеннің шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне жалпы су шығыны 8,05 , шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттіліктерге шығындар қосындысы 8,05 л/сек. + 5,0 л/сек. =13,05 л/сек.
Өтпелер мен жасыл көшеттер ғимаратта орнатылған сыртқы суарылатын крандардан суарылады.
Электр жүйесімен қамтамасыз етілуі. Жоба трансформатордың нейтралі бар 380/220 кернеуге есептелген. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша университет ғимараты 2-ші категорияға жатады. Электрмен тұтыну өзара резервтелген кабельдермен жүзеге асырылады, олардың маркасы мен қималары жобаны жобалау кезінде анықталады. Барлық электр жүйелері, жобада белгіленгендерден басқа, АНВ- 660 маркалы сымымен жобаланған және былайша орындалады:
а) винилопластты құбырлардағы қоректендіруші таратқыш электр күштік жүйелер берілген қабаттың еденінде және құрылыс конструкцияларында;
б) жарықтандырудың топтық электр жүйелері - винилопластты құбырларда жоғары ораласқан қабатта және штепсельді розеткаларға берілген қабаттың еденінде;
в) аспалы төбесі бар топтық электр жүйелері – болатты жұқа қабырғалы құбырларда.
Жоспардағы топ нөмірлері щиттегі автоматты қосқыштар нөмірлеріне сәйкес келеді.
Электр жабдықтардың барлық тоқ апармайтын металл бөліктері жерленуге жатқызылады. Жерлендіру үшін болат құбырларды және электр жүйесінің нөлдік сымдарын қолдануға болады.
Барлық электр жабдықтар электрқондырғылардың ережелеріне және ҚНжЕ сәйкес монтаждалады.
Найзағайдың тура соққыларынан ғимараттың найзағайдан қорғалу қондырғысы құрылыс сызбаларында қарастыралады және ҚН сәйкес орындалады.
Телефонизация. Корпустың телефонизациясы ШРП-600 типті таратқыш шкафтан жүзеге асырылады, ол қоғамдық блокта орнатылады. Ғимарат бойынша таратқыш жүйе сыйымдылығы 10 жұпты құрайды.
Өрт-күзеттік дабылдағыш. Корпуста автоматты дабылдағыш жүйесі қарастырылады. ДТЛ типті датчиктер барлық бөлмелерде орнатылады. Станционды жабдықтар күзет бөлмесінде орналасады. Станция сыйымдылығы 50 жылулық және түтінді дабылдағыштарымен қамтамсыз етілген.
Шатыр бойынша найзағай қорғағыш  8А1 арматуралы стерженьдерден тор түрінде жасалады. Найзағайдан қорғау жүйесінің барлық қосылыстары дәнекерленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет