Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет17/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Дәріс 1 Энтомология
Дәріс Дәнді дақылдар №1, Оптика. Есептер оқу құралы by Шыныкулова Г.Н. (z-lib.org), баланс, 40f35535e069a955ca6fc10d13d484b7, 42, Байтұрсынов А, Лекция-1634815154459, 1-зертхана Агрометеорология, 2-зертхана агрометеорология, 1-лаборотория, 2-практика агрометеорологии, 1-лаборотория.pptx, 1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология, Квалиметрия тест, Doc1 план
Жылыжай аққанаты –Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ).Қиярды ,қызанақты бұрышты салат жапырақтарын,бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз –ақ жылжымалы сатысы болып табылады.Ересек дернәсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді,ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар,үстін қысқа түктер басқан,денесінің шетінде 2 жіпшесі болады.
Ұрғашыларыақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады,жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады.Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес.1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері,одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымаен қоректеніп,олардың өсуін қатты әлсіретеді.Қою шырынды сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды,олар жапырақтың фитосинтетикалық қызмтін әлсіретеді.Сондай-ақ саңырауқұлақтары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады.7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады.Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады.
Күресу шаралары Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою.Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойфп отыру.Аз зақымдалатын дақылдарды өсіру.Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады,желімді торлар құрады.Ол үшін фанер кесіндісін алып ,оны сары немесе ақ түске боялады,бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен ,бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды.Жәндіктер оған қонады да,жабысып қалады.Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатынасында энкразиялар жібереді.
Темекі трипсі- Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды , Thripidae тұқымдамасы) Темекі өсімдітерін,қозаны,қытай бұршағын,қиярды,асқабақты,пиязды,картопты ,гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды.Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1-мм шамасында )ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе қара қоңыр түстес.Дернәсілдері қанатсыз,ақшыл немесе жасыл сары түсті болып келеді.Ұрғашылары ұсақ қоңырқай жұмыртқалар салады,оларды бір –бірден жапырақ ұлпасы қабықшаларының астына орналастырады.3-5 күннен дернәсілдері шығып,жапырақтар мен гүлдің шырынын сорып алады.Осының нәтижесінде өсімдік өспей қалады.Бітелер өсімдік қалдықтарында ,пияздың құрғақ қабықшаларының астында,сондай-ақ топырақтың жоғарғы бетінде қыстайды.Бір ұрпақтың дамуына15-30 күн қажет.Темекі бітесі вирустық ауруларды таратушы болып табылады.
Күресу шаралары Дақылдарды кезектестіріп отырғызу және барлық өсімдік қалдықтарын жинау.Терең сүдігер жырту қажет.Пиязды егу алдында 45С суда 10 минут бойы залалсыздандыру ,кейін салқын суда суыту.Өскіндер айналасындағы топырақты жиі қопсытып отыру.Инсектицидтерді тізімге сәйкес қолдану.Егін орағынан кейін жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту.Дезинсекциялау үшін 50г/м2 есеппен күкіртті 1-2 тәулік бойы 18С ауа температурасын жағу арқылы қолдануға болады.
Тапсырмалар:
1.Сәбіз шыбынының тіршілік оралымы мен зияндылығын зерделеу.
2.Пияздың қос қанаттылар отрядына жататын зиянкестердің морфологиялық және биологиялық өзгешіліктері мен өсімдіктерді зақымдау белгілерін зерттеп танысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет