Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы


ДӘРІС 6-7. Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі



бет7/25
Дата22.09.2022
өлшемі0.67 Mb.
#461163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Дәріс 1 Энтомология
Дәріс Дәнді дақылдар №1, Оптика. Есептер оқу құралы by Шыныкулова Г.Н. (z-lib.org), баланс, 40f35535e069a955ca6fc10d13d484b7, 42, Байтұрсынов А, Лекция-1634815154459, 1-зертхана Агрометеорология, 2-зертхана агрометеорология, 1-лаборотория, 2-практика агрометеорологии, 1-лаборотория.pptx, 1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология, Квалиметрия тест, Doc1 план
ДӘРІС 6-7.

Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі.
Жоспар:

1.Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері


2.Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері
Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері
Бұршақ бітесі – Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы,Aphididae тұқымдасы).
Бітенің денесі біршама жуандау,денесінің ұзындығы – 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық Бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық – негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді.Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады.Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы – жаңбырлы) жағдайларында байқалады.


Күресу шаралары.Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет.Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет