Кіріспе Жұмыстың мақсаты



бет1/10
Дата09.03.2023
өлшемі193.5 Kb.
#470551
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -tarihty-oqytu-adistemesi-pani-zhane-ondagy-oqytu-adisteri


Ф-0Б/001/035



Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:
Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Олай болса, жұмыстың мақсаты: тарихты оқытудағы әдістердің бір әңгімелеу тәсілдеріне толыққанды тоқталып сипаттама беру.
Жұмыстың міндеттері:

  • Тарихты оқыту әдістемесі пәніне жалпы сипаттама

  • Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру

  • Оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді әдіс - тәсілдер арқылы игеруі.

  • Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы

Жұмыстың өзектілігі:
Тәуелсіздік алғаннан кейін оқыту жүйесінде біраз өзгерістер болды. Тарихты оқытудағы әдістерге жаңаша әдістер келіп қосылды. Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Осы сәттен бастап, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін Отансүйгіш азамат тәрбиелеу күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Қазіргі таңда тарихты оқыту барысында жаңаша тәсілдер пайдалану үстінде.
Жұмыстың тарихнамасы:
Жалпы алғанда «Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері» туралы көптеген ғалымдарымыз мерзімді басылымдар беттерінде қалам тербеп жүргендігі баршамызға аян. Курстық жұмыста Т. Хазіретәлінің «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі», Т.Т. Тұрлығұлдың «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі» және Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтың «Педагогика» атты кітаптарын пайдаландым.



    1. Тарихты оқыту әдістемесі пәні және ондағы оқыту әдістері.

Тарихты оқыту әдістемесі -тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқыу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
Әдістеме дегеніміз-методика. «методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда-«таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді1. Әдістеме дегеніміз-нақты міндетті шешеудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі.Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріліеді. Мысалы, Швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді. Педагогикалық энциклопедия «оқыту әдістері»-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалаптасады. Қабілеттері дамиды-деп жазылған2.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісінің осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс әрекетін нақты реттке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мұмкіншілік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуды ең бастысы оқушылардың танымдық іс әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бір сыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс әрекетіне қолданылатын оқыту әдісітерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдісітері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерімен қортылады. Осы ержелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ол мақсатқа жету, мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне , оқушылардың барлық дәрежесін, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогокалық ынтымақтастығына байланысты. «Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты3. Әдістемелік тәсіл оқу әдісінің элементті (компоненті, құрамды бөлімдері).Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру суреттерді демонстроциялау т.б.
«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы. Сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:
1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттеуді демонстроциялап көрсетсе, онда демонстрация әдістелік тәсілге жатады.
2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстроциялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
3. Лабороториялық сабақтардың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады.
4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайданылады.
Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытқанда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі, тіл сабақтарында оқытудың аналитикалық –синтетикалық әдісі, химияда және физикада лабораториялы, практикалық жұмыстар қолданылады.
Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтер мұғалімдер арасында әліде бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және тәсіл туралы сіздің түснігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің 40 пайызы әдіс әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл мәсілелерге ерекше көңіл аударылуы қажет.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері дәл сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау , бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді4.
Осылайша әдістеме пәні-педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің мысалы-оқушылардың әдісітері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту - өзара байланысты және үнемі қозғалыста болатын құрауыштарыдың басын біріктіретін өте күрделі процесс ол оқыту мақсаты →оның мазмұны →білім беру және оны игеруге басшылық жасау→оқушылардың оқу әрекеті→оқыту нәтижесі деге тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже, арасында, қолдануы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен тәсілдері арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатын қорытып, жаңғыртып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білуіне емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар.
ХХ – ші ғасырдың 20 жылдарында белгілі педагог – ғылымдар Б.Е. Райков, К:П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30 – жылдары М.М. Пистрак, П.Н. Шимбирев, И:Т: Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50 – жылдардан бастап оқу әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін, үшке бөледі: сөздік әдістер; кітаппен жұмыс істеу әдістері; оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50- жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я. Голант, С.Г. Шаповаленко, Н.М. Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жетеуін үш топқа бөлді:
Сөздік әдістер тобы: әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет