Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Математиканы тереңдете оқытатын сыныптарда тригонометриялық теңдеулер жүйелері мен кері тригонометриялық теңдеулер тақырыбы ұсынылған. Кері тригонометриялық теңдеулер тақырыбы 4 пунктен тұрады: «Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс». Оқушылардың бұрынғы білімдеріне қарай теориялық білімдерінің рөлі күшейе түседі: түбір туралы теорема, арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс ұғымдары енгізіледі, қарапайым тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу туралы түсінік беріледі. Жоғарыда айтылғандардың бәрі тақырыптың «ядролық» материалы болады.
1 пункте алдымен түбір туралы теорема беріледі. Онда былай делінген: Теорема (түбір туралы) функциясы аралығында өсетін (немесе кемитін) болса, онда саны -тің осы аралықтарда қабылдайтын мәндрінің кез келгені болсын. Сонда теңдеуінің аралығында бір ғана түбірі болады.
Осы теореманың дәлелдемесі оқушыларға ұсынылады және бір мысал қарастырылған. Одан кейін жаңа ұғымдарға анықтамалар беріледі: арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс.
Келесі пункте қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері енгізілген және оларға мысалдар келтірілген.
Жаттығулар қарапайым теңдеулерді шешу іскерлігі мен дағдысына бағытталған. Теңдеулер ішінде тригономериялық формулаларды қолданып шешетін теңдеулер бар.
Келесі пункт «Қарапайым тригономериялық теңсіздіктерді шешу» тәсілдерін мысалдар келтіре отырып қарастырған. Күрделі тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелеріне бірнеше мысалдар келтірілген. Осы параграфтан қайталауға арналған сұрақтар мен есептер беріледі.
Тақырыптың логико-математикалық талдау келесі «ядролық» материалдарды көрсетеді:
- түбір түралы теорема;
- қарапайы тригонометриялық теңдеулерді (теңсіздіктерді) шешу;
- дәрежені төмендетумен шешілетін есептерді қарастыру;
- тригонометриялық формулаларды қолдана отырып, теңдеуді (теңсіздікті) шешу;
- біртекті теңдеулерді шеше білу.
Материалдың баяндалуы тригонометриялық теңдеулерді шешуге, функция графигін оқуы мен салуына сүйенеді
Сонымен, оқушылардың алдына келесі мәселелер қойылады: тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу және осылар арқылы есептер шешу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
«Қарапайым тригонометриялық теңдеулер» түрдегі теңдеулердіқарапайым тригонометриялық теңдеулер деп атаймыз.
Бұл тақырыптың негізгі мақсаты – қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуге дағдыландыру және теңдеуді шешу қабілеттілігін қалыптастыру, теңдеуді графиктік тәсілмен шешуге үйрету. Осы пункт алдыңғы өткен материалды меңгеруге жәнеоларды тригонометриялық теңдеулерді шешуде қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |