Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары



бет65/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
annotation491

Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:


Адам өлтіру қылмысын тергеу
Адам өлтіруді криминалистикалық топтастыру, өлтіру тәсіліне байланысты ғана жүзеге асырылмайды, сонымен қатар:

  1. жүйке психикалық артықшылықтардың әлсіз, өшіп қалған формаларын белгілеумен

  2. қылмыс мехнизмін құрайтын бүкіл элементтер бойынша

  3. қоршаған ортамен қарым - қатынасқа түсіп отырған біртұтас организмнің процестерін ұйымдастыру тұжырымдамасы бойынша

  4. саусақ іздерін идентификациялауға

  5. қылмыс қабылдаушылар тобының шеңберіне

Адам өлтіру істері бойынша алғашқы шаралардың түрі мен сипаттамасына әсер етуші себептерді көрсетіңіз:



  1. тергеу ситуациясынан туындайтын

  2. жәбірленушінің денесіне келтірілген жарақаттың сипаты

  3. мәйіттің орналасқан жері

  4. өлімнің қаруын табу

  5. аяқ киім іздерінің болуы

Мәйіт табылған кезде қылмыстық іс қозғау үшін тексеру жүргізу әрекеттері:



  1. тергеу эксперименті

  2. тінту

  3. оқиға болған жерді қарау

  4. баллистикалық сараптаманы тағайындау

  5. туыстарынан жауап алу

Мәйіт табылған кезде қылмыстық іс қозғау үшін тексеру жүргізу әрекеттері:



  1. туыстарынан жауап алу

  2. сот – медициналық сараптама тағайындау

  3. сезіктіні куәландыру

  4. куәлардан жауап алу

  5. құжаттарды алу

Адам хабарсыз кеткен жағдайда, қылмыстық іс қозғау сатысында жүргізілмейтін әрекет:



  1. туыстарынан жауап алу

  2. медициналық мекемелерге, мәйітханаларға сұрау салу

  3. танылмаған мәйіттердің тіркеуін тексеру

  4. куәлардан, туыстарынан жауап алу

  5. қамауда және уақытша қамауда тұрғандарды тексеру

Адам хабарсыз кеткен кезде қылмыстық істі қозғау мүмкіндігін жоятын негіздерді атаңыз:



  1. қоршаған ортадан жасырын өз еркімен кетуге себептердің болмауы

  2. құжаттар мен заттарды қалдыру

  3. хабар - ошарсыз кеткен адамды жұмыстан шығару және тіркеуден алу шараларын жүргізбеу

  4. хабар - ошарсыз кеткен адамның өліміне біреудің мүдделілігі, қауіп төндіруі және құрал мен жағдай дайындау әрекетін орындауы

  5. жеке басы анықталмаған өліктің табылуы

Адам өліміне байланысты негіздер мен амалдарды және өлтіруге қатысты күдікті тұлғаларға байланысты іс - әрекеттер негізін көрсетіңіз:



  1. жәбірленушінің күн тізбесі

  2. жәбірленушінің жол жүруге қолданатын көлігі

  3. жол жүру бағыты

  4. жәбірленушінің кәсіби мамандығы

  5. жәбірленушінің жоғарғы білімінің болуы

Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатысқандығы туралы болжам жасаудың негізі бола алады:



  1. жәбірленушінің денесіндегі ашық жарақат

  2. мәйіттің жанынан дөңгелек іздерінің табылуы

  3. мәйіттің киіміндегі түйменің үзілуі мен киімінің жыртылғандығын анықтау

  4. жарақаттардың көптілігі

  5. жәбірленушінің денесінде әр түрлі көлемдегі жарақаттардың болуы

Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатысқандығы туралы болжам жасаудың негізі бола алады:



  1. мәйіттің ашық алаңда табылуы

  2. мәйіттің құбыр шұңқырларынан табылуы

  3. мәйіт өлтірілген жерінен қашықта табылуы және ол жерден көлік құралдарының іздерінің табылмауы

  4. бір түрдегі аяқ киім ізінің болуы

  5. денесінен атылған оқтың табылуы

Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатысқандығы туралы болжам жасаудың негізі бола алады:



  1. жәбірленушінің денесінде странгуляциялық сайдың табылуы

  2. шатасқан странгуляциялық сайдың болуы

  3. жәбірленушінің киіміндегі жыртықтар

  4. мәйіттің сіресіп қалуы

  5. мәйіт дақтарының және қолынан қан кетудің болуы

Адам өліміне бірнеше тұлғаның қатыстылығы жөніндегі болжаудың негізі болып табылатын жағдайлар:



  1. ату қаруын қолданған іздерінің болуы

  2. әртүрлі аяқ киім іздерінің болуы

  3. киіміндегі жыртықтардың көптілігі

  4. үлкен көлемдегі жарақаттардың болуы

  5. шанышпалы кесетін қаруды қолдану іздерінің болуы

Адам өлтіруге негіз бар және оған қатысты тұлғалар жөнінде болжау жасаудың негіздерін атаңыз:



  1. жәбірленушіге тиісті материалды құндылықтардың болмауы

  2. мәйіттегі жарақаттың түрі мен сипаты

  3. өліктік құбылыстар

  4. қолдың іздері

  5. оқиға болған жердегі қарудың жүргізілмеуі

Тұрғылықты жерде мәйіт табылған кезде жауап алынатын адамдардың санатын көрсетіңіз:



  1. медициналық мекемелердің қызметкерлері

  2. таныстары

  3. көршілері

  4. қызметтестері

  5. өтіп бара жатқандар

Оқиға болған жерді қарау хаттамасында қандай жарақат пен қан іздерінің көрінісі сипатталуы қажет?



  1. орналасу орны

  2. іздердің көлемі және олардың пішіні

  3. түсі

  4. қанның аққан бағыты

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Адам өлімінің шабатын қарумен жасалғандығына тән белгілерді көрсетіңіз:



    1. дөңгелек саңылау диаметрі 9 мм

    2. жарақат қиғаш түрде

    3. қиғаш түрдегі зақым кетірілу салдарынан шетінің жыртылуы

    4. сызық түріндегі жарақат ұзындығы 1 - 2 см.

    5. сызық түріндегі жарақаттың ұзындығы 4 – 5 см. және одан жоғары

Адам өлімінің атыс қаруымен жасалғандығына тән белгілерді көрсетіңіз:



  1. ашық жараның сызық түрдегі көлемінің бар болуы

  2. қиғаш түрдегі ашық жараның диаметрі 9 мм – ден артық емес

  3. терең ашық жараның болуы

  4. қанталаудың және жаралардың болуы

  5. доғал түрдегі ашық жараның болуы

Адам өлімінің улы заттан туындауына тән белгілері:



  1. қиғаш түрдегі зақым келтірілу салдарынан шетінің жыртылуы

  2. терең және тесікті жарақаттың болуы

  3. ісік, қызару, іріңді жарақаттың болуы

  4. адамның денесінде қандай да бір жарақаттың болмауы, құсу белгілерінің болуы

  5. жәбірленушінің мойнында қанталау іздерінің болуы

Ерекше аса қатыгездікпен және азаптау сипатынан туындайтын өлім жағдайында, сезіктіні қандай адамдар санатынан іздестіру керек?



  1. рецедивистер

  2. кәмелет жасына толмағандар

  3. туыстары

  4. ақыл – есі дұрыс еместер

  5. қызметтестер

Жәбірленушінің жақындарымен жасалған кісі өлтіру әрекетінің белгілерін көрсетіңіз:



  1. жәбірленушінің жоқ болып кетуі туралы арызды берудің кешіктірілуі

  2. өлімнің жағдайы немесе жәбірленушінің хабарсыз кетуі туралы түсініктегі қайшылық

  3. жәбірленушінің басын немесе бет - әлпетін адам танығысыз күйде ету

  4. жәбірленушінің мүлкін сату, тұрғылықты мекен – жайын өзгерту

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Адам өлімі болған жағдайда қандай тіркеу түрі қолданылады?



  1. тегі бойынша

  2. дактилоскопиялық

  3. хабар – ошарсыз жоғалып кету

  4. танылмаған мәйіттерді тіркеу

  5. қылмыстың жасалу тәсілі бойынша

Сот медициналық сарапшының құзырына анықтау кірмейді:



  1. өлімнің туындау себебі

  2. жәбірленушіге жарақат келтіру кезінде, ол қандай жағдайда болды

  3. жәбірленушінің өлімі нақ сол тұлғамен жасалынған ба

  4. жарақат бір не бірнеше қарумен келтірілген бе

  5. жәбірленуші өлімнің алдында қай уақытта ас ішті

Сот медициналық сарапшының құзырына анықтау кірмейді:



  1. жарақат өлімге әкелетін сипатта болды ма

  2. жәбірленушінің ағзасында алкоголь болды ма

  3. жәбірленушінің жарақат алғаннан кейін қозғалу мүмкіндігі болды ма

  4. оған қандай қарумен жарақат салынды

  5. жәбірленушінің өлімі күйзеліс жағдайында жасалуы мүмкін бе

Адам өлтіру туралы қылмыстық істерді қозғауға барлық уақытта негіз бола алмайтын жағдайларды атаңыз:



  1. бөлшектелінген мәйіттің болуы

  2. тұйық странгуляциялық сайдың болуы

  3. өліктің денесінде бірнеше қару қолдану іздерінің болуы

  4. мәйіттің табылуы

  5. шаншылған жарақаттардың болуы

Мәйіт табылған кезде кісі өлтіру істері бойынша жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттерін атаңыз:



  1. алу және тінту

  2. тергеу эксперименті

  3. оқиға болған жерді, өлікті қарау

  4. көрсетпелерді оқиға болған жерде тексеру

  5. салыстырмалы үлгілерді алу

Мәйіт табылған кезде алғашқы тергеу әрекетін жүргізудің дұрыс кезектілігі:



  1. сот - медицина сараптамасын тағайындау

  2. куәлардан жауап алу

  3. оқиға болған жерді қарау

  4. мәйітті қарау

  5. ұстау

Өлімнің басталу уақытын анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді атаңыз:



  1. жарақат саны

  2. өліктік құбылыстар (дақтар, өліктің сіресуі т.б.)

  3. өліктің жату жағдайы және оның киімдері

  4. жарақаттардың орналасу орнын анықтау

  5. кеткен қанның көлемі

Нақты жердің қылмыс болған жер екенін анықтауға мүмкіндік бермейтін оқиға болған жердің белгісін көрсетіңіз:



  1. өліктің жату жағдайы

  2. жәбірленушінің киімінің, аяқ киімінің жағдайы

  3. жарақат кезінде қанның болмауы

  4. өлік денесіндегі жарақаттарға сәйкес өліктің жатқан жерінде қанның болуы

  5. өліктің жанындағы заттар

Қандай белгі бойынша өзін - өзі асты деген болжауды жасауға болады:



  1. асылған адам білегінің қанталауы

  2. аяқ астында тіреудің болмауы

  3. жәбірленушінің алақанында талшық іздерінің болуы

  4. жәбірленуші киімінде жарақаттың болуы

  5. тұйық странгуляциялық сайдың болуы

Қоршаған ортаның қай элементіне байланысты мәйіттің орналасуы анықталады?



  1. үстел, орындық

  2. теледидар

  3. қабырға

  4. төсек

  5. шкаф

Қоршаған ортаның қай элементіне байланысты мәйіттің орналасуы анықталады?



  1. көлік құралы

  2. аяқ киімнің іздері

  3. темекі қалдығы

  4. ағаштар

  5. тастар

Өзін - өзі өлтіру, абайсызда апатқа ұшырау немесе табиғи өлім түрінде көрсетуге тырысқан, бүркемеленген кісі өлтіруді тергеуде, оқиға болған жерді және өлікті қарау үстінде мынадай жағдайды анықтаудың ерекше маңызы бар:



  1. естен тану жағдайын

  2. жағымсыз жағдайларды

  3. жанжал ситуациясын

  4. мәйіттің сіресуін

  5. мәйіттің астында қан дақтарының болуын

Кейбір жағдайларда кісі өлтіру қылмыстық ісі бойынша төбелеске қатысушылар жәбірленушіні өлтіргенін мойындай отырып, қажетті қорғану жағдайында болғанын айтады. Мұндай көрсетулер жан - жақты және обьективті тексеруден мынадай жолмен өтеді:



  1. дактилоскопиялық тіркеу бойынша

  2. оқиға болған жерді қарау, сезіктінің киімін қарау, жауап алу

  3. сот - трасологиялық сараптама тағайындау

  4. сезіктіні тінту

  5. таныту жүргізу

Адам өлтіру ісін тергеу кезінде оқиға болған жерді және өлікті қараумен, куәлерден жауап алумен, сот-медициналық сараптама жүргізумен қатар алғашқы тергеу және жедел іздестіру шараларының жиынтығына мыналар кіреді:



  1. айыпкерді танытуға ұсыну

  2. кісі өлтіру кезіндегі жәбірленушінің тәртібі (оның тарапынан қорлау, тіл тигізу,бопсалау, кісі өлтірушіні қорқыту әрекеттерінің болуы не болмауы)

  3. өлікті танытуға ұсыну

  4. сот - тауартану сараптамасын тағайындау

  5. тергеу эксперименті

Мәйітханада мәйітке сараптама жасауға дейін сот - медициналық сарапшының қатысуымен тергеуші төмендегі зерттеу үлгісін алады:



  1. мәйіттің тырнағының астындағы заттарды

  2. санитардың алақанының және денесінің басқа да ашық жеріндегі микробөлшектерді

  3. өлікті әкелген автокөлік ішіндегі ауа үлгілерін

  4. өліктің қалтасынан табылған заттарды

  5. өліктің киімін





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет