Кіріспе зерттеу жұмысының белсенділігі



бет1/4
Дата27.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461441
  1   2   3   4
КІРІСПЕ


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының белсенділігі: Айна-бір беті шағылдырушы қабатпен қапталған,кескіні шағылысқан заттар бейнесін,суретін айнытпай көрсететін шыны немесе металл бұйым. Осы зерттеу жұмысындағы ең өзекті мәселе айнаның физикалық қасиеттерін өлшеу жұмыстарында, техникада қолдану жолдарын қарастыру. Мысалы, қалай ойлайсыздар, қарапайым сызғыштың көмегімен өлшеуге келмейтін биік ғимараттардың биіктігін жазық айна арқылы дәл өлшеуге болады ма?! Осы мәселені тәжірибелік түрде дәлелдеу. Сонымен қатар айнаның негізгі қасиеттерін, яғни жарықты шағылдыруын, белгілі бір бұрышта кескіндерді беруін графопроекторларды, ойыншықтарда, энергия алу жолдарында қолдану жолдарын зерттей отырып, дәлелдеп шығу.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Айнаның негізгі қасиеттерін тәжірибелік жолмен тексеру және айнаның қасиеттерін өлшеу жұмыстарында, техникада, ойыншық жасауда қолдану жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Айнаның негізгі оптикалық қасиеттерін зерттеу;

  • Практикалық тәжірибелер барысында айнаның қасиеттерін анықтау;

  • Айнаның қасиеттері негізінде қолдан жасалған құрал жасау;

  • Қолдан жасалған құралмен өлшеулер жүргізу

Зерттеу объектісі: жазық айна
Зерттеу жұмысы жүретін орын: мектеп


І ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

    1. Айнаның физикалық қасиеттеріне тәжірибе жасау

ТӘЖІРИБЕ № 1. Айнаның беретін кескіні
Егер біз жазық айнаның алдында тұрып оң жақ қолымызды көтерсек, айнадан сол жақ қолымыздың кескінін көруге болады. Демек айнада шағылған оң жақ қолдың кескіні сол жақ қолдың кескінін көрсетеді. Демек біз айнаға әрбір жақындаған сайын өзімізді емес, өзіміздің қарама-қарсы жағымызды көреміз (1-сурет).

1-сурет
Ал егер айнадан дәл өзіміздің кескінімізді көргіміз келсе екі жазық айнаны алып, оларды бірінін жанына бірін қоямыз. Екі айнаның ортасына тұрсақ, айнада шағылатын сол жақ қолдын кескіні сол қалпында қалатындығын көруге болады. Демек біз айнаның ерекше орналасу жағдайында ғана өзіміздің тура кескінімізді көруге болады. [1]
Симметрияның ең таралған түрі оң-сол (айна) симметриясы. Бір заттың өзі мен айнадағы көрінісі симметриялық түрді байқатады. Денеміздің оң жағы мен сол жағы бір-біріне симметриялы немесе тең. Маңдай, мұрын, иек пен кеудеміз денеміздің дәл ортасынан өтетін сызық бойынша симметриялы. Осы дене мүшелеріміздің біреуін алып, дәл ортасынан кесіп, айнаға тақасақ, айнадағы суретпен бірге толық мүше секілді көрінеді (2-сурет). Себебі, қол, көз, құлақ, мұрын, мен ерін секілді мүшелеріміз жоғарыда айтылған орта сызық бойынша симметриялы жаратылған. Дәл осы симметрия заңдылығы тіршілік иелерінің көпшілігінде бар. Барлық адамдар, жан-жануарлар, құстар осы симметриялық заңдылықпен жаратылған .

2-сурет
Айнаға қарағанда оң жағымызды сол, сол жағымызды оң көреміз. Бірақ төменгі жағымызды жоғары, жоғары жағымызды төмен көрмейміз. Осы құбылысытың себебін ойлап көрдіңіз бе? бұл болмашы сұрақ көрінгенімен негізінде өте мәнді. Өйткені айнада оң-сол, жоғары-төмен түсінігі жоқ. Демек бұл құбылыстың сыры біздің дене мүшелерімізбен байланысты болса керек. Мысалы, жаныңызда сол жағымен айнаға қарап жатқан адамды елестетіңіз. Оны айнада оң жағымен жатқан адамды көресіз. Бұл жағдайда айна жерде жатқан адамның оң және сол жатқандарын ауыстырмай, төменгі-жоғарғы жағын ғана ауыстырды. Бұл құбылыстың себебі, денеміздің оң және сол жақтарының сиимметриялы болуында. Егер денеміз симметриялы болмағанда айнадағы көрінісіміз бізге ұқсамас еді. [2]

3-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет