КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасыр тұсында білімнің дамуында шарықтаушылық пен өзгеше қарқындылық пайда болғаны белгілі. Білімнің биік шыңға көтерілуі қуантарлық жайт болғанымен, тәрбие мәселесі екінші орынға ысырылып қалмауы тиіс. Себебі, білім тәрбиемен бірге берілгенде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Сондықтан білім алушы студенттерді ересектер өміріне қалыптасуына ықпал етуге жаңаша сипатпен қарауды басты міндетдің қатарына жатқыза аламыз. Елдегі болып жатқан экономикалық, саяси және нарықтық бетбұрыстардың, ақпараттық заманның қарқындауы өсіп келе жатқан жастардың психикасына ықпалы жоғары болып отыр. Мұндай, өмірдің асау ағыстарына ыңғайланып, оңай бейімделуі үшін олардың психологиялық тұрғыдан теңгерімін ұстап тұра алуы үшін отбасылық қарым-қатынас жасай алуының және қоғамдағы жағдайлардың, сонымен бірге этностық құндылықтардың маңыздылығы жоғары.
Студенттердің нарықтық жағдайға дайын болуы жөнінде ой қозғағанда Президент Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастардың, яғни жаңа қоғамды құрушылардың болмыс-бітіміне, рухани дүниесіне ерекше ден қойып, оларды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аудара отырып, бұл мәселеге ғылыми дәйекті жауап табуды мақсат етіп көрсеткендігін атап өткен жөн [1].
Бүгінде студенттердің рухани жан дүниесі мен адамгершілік тәрбиесін, рухани мәдениетiн жетілдіруде отбасының алатын орны жоғары екендігіне ешқандай талас тумайды. Бұл шындығында ғалымдар тарапынан ғылыми негізделген. Осы тұрғыдан алғанда отбасының әлеуметтік комплексті құрылым ретінде «отбасы» нысанының ішкі-сыртқы үдерістеріне жүйелі талдау жасап, заманауи әлеуметтiк және мәдени тұрғыдағы рөлдерін айқындап, студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындаудың өзектілігі жоғарылап отыр. Сонымен қатар студенттердің отбасылық өмірге дайындығын нарық жағдайында қарастыру тақырыптың маңыздылығын арттыра түседі.
Осында зерттеу нысанына алынып отырған мәселелер қазіргі таңда қоғамның аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Бүгінгі қоғамның дүниетанымымен бірге жоғалып бара жатқан, белгілі бір саяси күштерімен мен идеялардың әсерінен арылған сапалы қасиеттің орнын басу үшін және адам жанының рухани және мәдени негiзiнің іргетасын қалауда отбасы ұғымының орны маңызды болып отыр.
Ұлттық құндылықтар арқылы студенттерді психологиялық тұрғыдан отбасылы болуға деген ұнамды пікірлерін қалыптастырып, сондай-ақ, демографиялық және этнопсихологиялық, әлеуметтiк және мәдени ықпалын ескеріп, отбасы тәрбиесiн берудің жаңаша бағдарын айқындауды уақыт талабы деп санауға болады. Осы тұрғыдан алған негізгі мәселенің бірі ұлттық құндылықтар негізінде студенттерді отбасылық өмірге дайындаудың теориялық негіздерін бағамдау қажет болуда.
Аталған мәселенің өзектілігін шешуде этностық құндылықтарды негіздеу арқылы келешек жастар тәрбиесiндегi маңыздылығын зерттеу мен отбасылық құндылықтарды айқындауды нарық жағдайында жүзеге асыруымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда елімізде отбасы турасында педагогикалық және психологиялық ойлар мен тұжырымдардың қордаланған жиынтығы бар. Отбасындағы құндылықтар тәрбиесі мен отбасындағы қарым-қатынас тұрғысындағы мәселелер әлемдегі кез-келген ұлттың дамуындағы тарихы, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпындағы және ауыз әдебиетіндегі, әні мен музыкасындағы, қолөнерi мен көркем шығармалары, этнопсихология туарсындағы ғылыми еңбектерде ғылыми негiздерiн құрайды.
Әрбір жеке тұлға отбасындағы түрлі сипатында өмірлік жағдайлар мен әрекеттерде өз-өзін ұстау нормалары мен мінез-құлқын түзеудің өлшемдерін игереді. Отбасындағы психологияны зерттеген ғалымдардың қатарында А.Г. Харчев, А.Н. Антонов, З.И. Файнбург және Д. Горборинко т.б. зерттеулерінде өте маңызды функциялардың ішіне ата-аналардың жүргізетін насихаттарымен түсініктерін, үлгі-өнегесі мен отбасындағы хал-ахуалы деген пайымдаулар ұсынады. Сонымен бірге бұл ғалымдардың отбасы психологиясының ахуалымен балалардың мінез-құлқы мен әдептерінің және жақсы менен жаманды бағалаудағы көзқарастарын дамытып, қандай қылықтарымен жазаланып немесе жазаланбайтыны, сонымен бірге әділдік және адалдық секілді ұғымдарды меңгеріп, өзіндік пайымдаулар жасады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Конститутциясында ата-ананың негізгі міндеттеріне балаларға қамқорлық жасау мен тәрбиелеуді отбасы мүшелерінің бірлесе атқаруы ата-ананың парызы екендігі атап көрсетілген және отбасының нақтыланған міндеттері нақтыланған [2]. Әрбір Қазақстан азаматы өзінің ұрпағына саналы тәрбие беріп, қатарға қосу міндетті екендігі отбасы туралы Заңда және жоғары, орта білім берудің тұжырымдамасында айқындалып, әрбір отбасына жүктеліп отыр.
Сонымен этностық құндылықтар арқылы нарық жағдайында студенттерді отбасылық өмірге дайындауды анықтайтын этнопсихологиялық-этнопедагогикалық зерттеулер мен теориялық, практикалық тұжырымдар жоқтығы осы қарама-қайшылықтарды шешуде зерттеу мәселесін айқындауда «Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау» атты ғылыми-зерттеу тақырыбын таңдауға ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |