Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Зерттеу жұмысының мақсаты



бет2/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Электр оку кешен дипл
Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқу орындарындағы негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Информатика” пәні бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау.
Осы мақсатқа жету барысында келесi мiндеттер туады:

  • «Информатика» пәні бойынша теориялық материал жинау;

  • Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру;

  • Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру;

  • Курс бойынша тест тапсырмаларын ұйымдастыру.

Диплом жұмысының құрылымы кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды, қосымша және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

    1. Электрондық оқулықтар және олардың оқу процесiндегi ролi

Бiлiм берудiң компьютерлiк технологиясын кеңiнен пайдалануға негiзделген оқу құралы деп электрондық оқу құралын айтуға болады. Өз мүмкiндiктерiне қарай компьютер қазiргi кезде оқытудың ең керектi жабдығына айналды, бiрақ оны тиiмдi түрде пайдалану жолдарының әлi ашылмаған тәсiлдерi, күнделiктi сабақта қолдану үшiн әлi де айқындалатын жақтары көп екендiгiн ғалымдар да, мұғалiмдер де жиi айтып келедi.


Оқу жүйесiндегi информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан гөрi оны пайдалану iсi бiлiм беру жүйесiндегi қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдiсiн жүзеге асыру жалпы бiлiм беру iсiн жетiлдiру тәсiлдерiмен бiрге сонымен тығыз байланысты белгiлi бiр пәннiң ерекшелiктерiн де есепке алуды талап етедi. Мұнда бiрнеше мәселенi қатар шешуге тура келедi, олар:

  • Компьютердi оқыту iсiнiң қай жақтарын жетiлдiру үшiн баса пайдалануға болатынын анықтау;

  • Оқу процесiн компьютерлендiрудiң қажеттi деңгейiн анықтау;

  • Компьютерге жүктелетiн функциялар тiзбегiн анықтау;

  • Әр пән мұғалiмдерi мен әдiскерлерiнiң талап - тiлектерiне сәйкес келетiн компьютерлiк оқу құралын жасау.

Компьютерлiк технологияны қолдану кезiнде оқу материалының негiзгi көлемi мұғалiм емес, компьютер арқылы берiледi. Оқыту процесiн жүргiзiп отырған мұғалiм көбiнесе компьютерлiк оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық - оқу материалын жасауда оның авторы мен оқыту процесiнiң "алшақтығы" бiлiм берудiң негiзгi принципi деп те айтуға болады. Бұл принциптiң негiзiнде берiлген материалды оқып үйрену процесi оның авторының кеңесi қажет етiлмейтiндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал берiп қана қоймай, оны толық түсiндiре алатындай дәрежеде жасалуы тиiс. Оқу құралын жасауға берiлген техникалық тапсырмада осындай әдiстемелiк жағына баса көңiл аудару iсi алдын - ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы бiлiм беруге арналған ақпараттық оқыту және әдiстемелiк құралдар құрамына төмендегiдей материалдар кiруi тиiс:

  • таратылып берiлетiн оқу материалдары;

  • бақылау және тестен өткiзу материалдары;

  • жаттығулар;

  • топпен немесе жекелеп оқытуға және өздiгiнен оқып үйренуге арналған әдiстемелер;

  • әрбiр материалды немесе олардың бiрнешеуiн қатарластыра пайдалану тәсiлi, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бiр - бiрiмен алмастыру жолдары;

  • экраннан берiлетiн барлық ақпараттық - оқу материалдарын компьютердiң мультимедиялық мүмкiндiгiне және сабақтарды сол арқылы бiлiм беру тәсiлдерiне қарай бейiмдеу.

Компьютерлiк оқу құралы жалпы оқу жүйесiне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық әдiстемелiк негiзiн жоғарыда айтылатын материалдар құрайды. Ол алдын - ала жоба бойынша анықталған компьютерлiк технология негiзiнде жасалған бiлiм беру мәселелерiн шешiп, оқыту үйрету функциялары мен оқу процесiн басқару iстерiн жүзеге асыруы тиiс.
Оқыту жүйесiне арналған программалық жабдықтама бетiнде жасалатын компьютерлiк оқу құралын даярлау көп жақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшiн әртрүлi салаларда iстейтiн мамандарды пайдалана бiлу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкiн деп саналатын бiр нұсқасының функционалдық құрамы көрсетiлген, онда пән мұғалiмнен бөлек компьютерлiк оқыту әдiскерi, бiлiм сапасын тексеру жағының мамандары, суретшiлер (дизайнерлер), программалаушылар болуы тиiс.
Компьютерлiк оқу құралын жасайтын шығармашылық топтың функционалдық құрамы:

  • Пән мұғалімі;

  • Компьютерлiк оқыту iсiнiң әдiскерi, жалпы "сценарий" жасауды басқарушы;

  • Түрлi түстер үйлесiмдiлiгi мен дыбыс анимациясы (қозғалыс), мәтiн бөлiктерi құрамын тағайындайтын және сондай материалдарды даярлау iсiн басқаратын маман (дизайнер);

  • Оқыту нәтижелерiн тест арқылы бақылау iсiнiң маманы (әдiскер); Басқару алгоритмiн кодтап, программа жасайтын маман (программалаушы),

Мұнда мынадай негiзгi талаптардың орындалуын атап өткен дұрыс:

  • компьютердiң қолданылатын ақпараттық - оқу материалдары мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрi түсiнiктi болуы шарт;

  • берiлген оқыту әдiстемесiн толықтыру немесе жаңа оқу әдiстемесiн жасау, яғни оқу процесiне сай компьютердiң функционалдық ерекшелiктерiн ескере отырып бұрынғы дидактикалық тәсiлдердi жетiлдiретiндей мүмкiндiктер болуы тиiс;

  • оқу құралының жалпы жоспарын және пәннiң әрбiр тақырыбынын, сабақтың және сабақ iшiндегi белгiлi бiр кезеңдердiң жеке "сценарийiн" жасайтындай мүмкiндiктер болуы қажет;

  • даярланған программаның "ашықтық" деңгейiн анықтау, яғни оны пайдаланушылар (оқыту iсiн нақты түрде жүргiзiп отырған мұғалiмдер) оқу құралының белгiлi бер функционалдық блогын оқу жүйесiнiң соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатын мүмкiндiгi болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу процесiн басқару блогын жетiлдiру, тағы сол сияқты.

Компьютерлiк оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңi оны программаға айналдыру, яғни машина тiлiнде кодтау iсi болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелiк программалар арқылы жүргiзiледi, олар: Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point, т.б. Бұларды пайдалану артықшылықтары:

  • программа жасау мерзiмiн қысқарту;

  • программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерiнiң барлығында да оны сүйемелдеу iсiнiң жеңiлдiгiн қамтамасыз ету;

  • оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалiмге материалдарды аздап түзету - толықтыру мүмкiндiктерiн беру;

  • оқу құралының кейбiр бөлiктерiн өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсiнiң өзгерiссiз күйiнде сақталуы.

Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және "Java" тiлдерiн немесе бұл жұмысты жеңiлдететiн Front Page, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет