Кішіқұм селолық округі К. Н. Казбековтің Кішіқұм селолық округінің «2013 жылғы 9 айының әлеуметтік экономикалық дамуының қорытынды- лары және алға қойылған міндеттері» туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі42.39 Kb.
#6868
Кішіқұм селолық округі К.Н.Казбековтің Кішіқұм селолық округінің «2013 жылғы 9 айының әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытынды-

лары және алға қойылған міндеттері» туралы есебі.

Елбасының 2012 жылғы «Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында белгіленген бағыттар мен тапсырмаларды орындау жолында округ көлемінде кең көлемде жұмыстар жүргізіліп жатыр деп айтуға толық негіз бар деп есептеймін.

«Қазақстан - 2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы біздерге көп міндеттер жүктеп отыр. Соның бірі жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде қатысуын қамтамасыз ететін заңдар қабылданды.

Елдегі осы реформаларға байланысты мәслихат арқылы селолық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкімдіктің бақылау шотын аштық. Республикалық бюджеттен округ әкімшілігіне қосымша 3 штат беріліп, ауданда құрылған комиссия арқылы 3 маманды жұмысқа қабылдадық, материалдық базамызды нығайту мақсатында қосымша құрал - жабдықтар алынып берілді. Бұл жағдайдың бәрі біздің, оның ішінде округ әкімінің алдына көп міндеттерді жүктеп, округ тұрғындарының қатысуымен экономикалық - әлеуметтік мәселелерді бірлесе отырып өзіміздің шешуімізге мүмкіндік туғызып отыр.



Ауыл шаруашылығы.
Округімізде тұрғындардың негізі кәсібі - ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы болып табылады. Селолық округімізде 43 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Биылғы жылы жаңадан 5 шаруа қожалығы ашылып, құжаттары дайындалуда.

Мал басы да өсу үстінде, атап айтсақ 2013 жылғы 1 қазан жылқы саны - 935 басқа, түйе саны - 1232 басқа, мүйізді ірі қара саны - 3060 басқа, қой - ешкі саны- 5665 басқа жетіп отыр. Ветеринарлық - профилактикалық шаралар уақытында жүргізіліп отыр, сібір жарасына қарсы - 2700 ірі қара, қой-ешкі - 4950, түйе - 1050, жылқы - 700 бас егілді, құтыруға қарсы - 400 ірі қара, түйе - 200бас, қарасанға қарсы -1500 бас ірі қара егілді, бруцеллезге тексерілген мал басы ірі қара - 2240, қой ешкі - 5665, түйе - 1232бас.

Мал басын асылдандыру мақсатында биылғы жылы Батыс Қазақстан облысынан - 5 бас, Қостанай облысынан - 14 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқалары шаруа қожалықтары арқылы, қоғамдық табындағы аналық ірі малға қосу үшін «ҚазАгроСервис»АҚ - арқылы лизингке 15 бас асыл тұқымды бұқа сатылып алынды.

«Сыбаға» бағдарламасымен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 6 шаруа қожалығы 9.770 000 мың теңге көлемінде несие алып жұмыс жасауда.

Мал басының көбеюіне және жайлауға көшу үшін шаруа қожалықтары ұзақ мерзімге жалға алға 25 мың га - дай жер алып құжаттарын дайындалуда.

Ауыл тұрғындарын арзан ұнмен қамтамасыз етуде де округімізде 1 жыл ішінде 72 тонна ұн алынып халыққа сатылды.


Шағын кәсіпкерлік.
Селодағы кәсіпкерлік субъектілер саны -58. Оларда 128 адам жұмыс жасауда. Биыл округімізде 1 тойхана, 1 наубайхана салынып, құрлысы бітуге таяу.
Міндеттер:


  1. Округімізде шағын кәсіпкерлік субъектілер санын арттыру.

2. Мал өнімдерін өңдеу цехтарын ашу жолдарын қарастыру.

Білім беру және спорт.
Селолық округте 2013-2014 оқу жылында 2 орта мектеп, 1 негізгі , 1 дара бастауыш мектептерінде - 381 бала, 2 шағын орталықта - 45 бала, 2 бала бақшасында - 57 бала білім алып, тәрбиеленуде. Оқушыларымыз аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орындар иеленіп жүр.

Округімізде бұқаралық спортты дамытуда да жұмыстар атқарылып жатыр. Ұлттық спорт түрі - қазақша күрес секциясын қатысушы палуандарымыз аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып, мерейімізді көтеріп, балуандарымыз аудан мақтанышына айналды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Шілікті селосында спорттық жарыстардан жыл сайын аймақтың спартакиада өткізу дәстүрге айналды.

Міндеттер:


  1. Оқушылардың білім сапасын арттыру.

  2. Спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында, бұқаралық спортты насихаттау жұмыстарын жүргізу.



Денсаулық сақтау.

Округте ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 елді мекенде фельдшерлер жұмыс істейді. 9 айда скринингтік тексеруден «Тоғыз» дәрігерлік амбулаториясы бойынша ересектерден - 327 адам, балалардан - 627 бала, флюрографиядан өтіп, бұл көрсеткіш 100% -ға орындалды. Алғашқы көмекке, балаларға, аурулардың сырқат түріне байланысты тегін дәрі - дәрмектер таратылып тұрады.


2014 жылы Шілікті селосында 40 адам қабылдайтын амбулатория ғимараты, Қарашоқат стансасынан медициналық пункт салынады деп жоспарланып отыр.



Міндеттер:


  1. Тұрғындар арсында түрлі аурулардың алдын - алу мақсататында түсінік жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.


Мәдениет.
Селолық округтегі Шілікті Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, қазір өз мәнінде жұмыс жасап би, драма үйірмелері жұмыс істейді. Барлық мерекекелік шаралар аталып өтіліп, округ көлемінде барлық елді мекендердің тұрғындарының қатысуымен түрлі байқаулар, диспуттар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Кітапханамызда 5200 кітап қоры бар, кітап қоры жыл сайын толықтырылып отырады.
Міндеттер:
1.Қоғамдық сәдени - рухани ағарту жұмыстарының жаңа жолдарын енгізу.

Қорытынды.

Селолық округіміздің климаты мен ауа - райы мал шаруашылығын одан әрі дамытуда қолайлы болып табылады. Қыс бойы малды құмның бойында жайып шығуға, мүмкіндік мол. Үкіметіміз мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде мал тұқымын асылдандыруға, алыс жайылымдарда қой шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөліп, жеңілдіктер қарастырылып отыр. Осы жеңілдіктерді пайдаланып мал санын көбейтіп, оның сапасын арттыру бағытында, мал шаруашылығы өнімдерін өзімізде өңдеп,оны сыртқы нарыққа шығару мүмкіндіктерін қарап жұмыс жасауымыз керек. Сонда біздің тұрмызымыз да әлеуметтік - экономикалық жағдайымыз да жақсара түсетініне сенімім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет