Кішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы:
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен
алға қойылған міндеттері туралы
Қадірлі ауылдастар!
Құрметті ел тұрғындары, өткен 2011 жылы отанымыздың өміріндегі өте маңызды оқиғалармен есте қалды. Олардың бірі - елге қойылған жоспарлары мен міндеттерін бекіткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Халыққа Жолдауы. Ел басының Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы Жолдауы әрқашанда еліміздің қоғамдық өмірінде басты оқиға болып табылады. Бұл жаңа кезеңнін басталуы. Бұл жаңа жоспарлар, жаңа міндеттер, жаңа үміттер.
Жалпы Қазақстанның көркейуі мен бірге елдің экономика барысы түзеліп, нығайып алға басып келе жатыр деуге болатының бәріміз көріп, біліп отырмыз. Ел басының демеуімен, қабылдаған іс-шаралар халыққа сапалы жұмыс корсетіліп, әлеуметтік және экономикалық проблемелардың жедел шешілу жолдарын табуға көмек етті.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан Халқына жолдауының маңызы ерекше. Олай дейтініміз, Елбасымыз бізге жахандық экономикалық және саяси ықпалдарының қайта бөлісі мен тарихи кезендер алмасуының күрделі бір сәтінде Қазақстанның 10 жылдық даму бағдарламасын ұсынды. Ол бізге экономикалық және өркениеттік қиындықтарға төтеп беретін,нақты қадаммен алға апаратын бағытты белгілеп берді. Тек үдемелі индустрияландыру мен инновация, еңбек өнімділігінің еселене өсуі ғана Қазақстанның дағдарыстан кейінгі жаңа әлемде ұтымды әрі берік позицияны емденуге мүмкіндік беретінің Елбасымыз дәлелді түрде айқындап берді. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына жолдауы – бұл Жеңіс стратегиясы!
Жолдаудың әрбір сөйлемі мен ондағы әрбір тапсырмасын Кішкенекөлдіктер үлкен сеніммен және үмітпен қабыл алды
Құрметті ауылдастар
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгілеп берген жыл сайынғы есептік кездесулер басталды.
Осы сәтте біз өткен жылға сын көзбен келесі жылға үлкен үмітпен қараймыз. Осы кездесулерде ел тұрғандарының негізгі мұң – мұқтаждары, күрделі мәлелелері ортаға салынып, биліктің өткен жылдың жұмыстарының нәтижесі талқыланып, келешекте неге аса қөңіл аудару қажет кендігі белгіленді.
Жыл-жылға ұқсамайды. Әрбір жылдың өзінің ерекшелігі бар, өткен 2011 жылдың саяси өмірінде біраз жетістіктерге жеткенімен істелген жұмыстар мен болашаққа істелінетін жұмыстардың барлығы осы отырған халықпен бірге істелінді. Сондықтан да елдің дамуына, көркейуіне белсенді қатынасатын Сіздерге көп рахмет. Бұл бірлік пен ынтымақтың арасы болғандықтан.
Ауылшаруашылық саласы
Біздің округтің экономикасы 90 пайыз ауылшаруашылық саласында. Қазіргі кезде бұл шаруашылықтарда жаңа техника мен технология қолдануы жалғастыруда.
Өткен жылы ауылшаруашылығының егіні бітті шықты, 8473 гектарға егін, 170 гектар картөп, 10 гектар көкөніс егілді. 8473 гектар егіннен өндірілген астық көлемі 93283 тонна, бірақ оған қарамай елдің егінді жинап, ендігі жылға 1408 тонна тұқым қоймаға салды, оның бәрі ел басының нұсқауымен көмек есебінде беріп жатқан субсидия арқылы болды. 2011 жылы шаруашылықтарға барлығы 3870 650 теңгедей субсидия берілді, әр гектарына 350 теңге мөлшерінде суьсидиялық көмек жасалды. 2012 жылға ауылшаруашылық шаруашылықтары 5701 гектар сүдігер және 2100 гектар пар дайындады. Ел тұрғындарының малына шөп, сабандайындауда 12 звено жұмыс істеді.Олар 5250 тонна шөппен сабан халыққа жеткізді.Онын сыртында 500 тонна кебек,ұн және дәнді данқылар қалдығы сатылуда.
Шағын бизнестегі егістік және малшаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында әр сембі сайын орталық базарда ауданның барлық селолық округтер мен аудан орталығының мекемелері қатысуымен ауылшаруашылық жәрменке өткізілуде,онда ет, сүт, құмыз, қаймақ, жұмыртқа, май, құс еті, көкеністер, кебек, ұн және дәндә данқылдар қалдығы сатылуда.
Мал басына келетін болсақ,қара малдың саны былтырғы жылға қарағанда 10,4 пайызға кеміді,барлығы елде 1852 бас қара мал бар,жылқы саны 952 бас болды,қой мен ешкілердің саны былтырғы жылға қарағанда 25,4 пайызға өсті,саны 3825 басқа жетті,құстын басы 30 пайызға кеміді.
Мал басы азайғанына қарамай ауылшаруашылық өнімдерін шығару тапсырмасы ойдағыдай орындалды; ет-116 тонна,сүт-228 тонна алынды.
Жыл басынан бастап 847 бас бұзау алынды,1393 бас ірі қара мал ұрықтандырылды оның ішінде;142 бас жасанды,944 бас қолдан ал 307 бас өз бетімен ұрықтанды.
Ел тұрғындарының түсінуімен қара мал басын жасанды ұрықтандыну жолымен асылдандырып,өнімін үлкейту мақсатында былтыр 2-екі жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс істеді,онда да тәжірібиелі технолог-маман жұмыс істеуде, жылдан жылға жасанды ұрықтандырудан өткен малдың басы өсуде.
Мал ауруларын қарысы алу мақсатында да жұмыс жүргізілуде, жыл басынан бастап 4400 бас қара мал,3800 бас қой,30 бас жылқы және 66 бас шогқадан бруцилез ауруына тексеру мақсатында қан пробалары алынып облысттық лабараторияға тексеруге жіберілді,12 бас ірі қара малдың бруцилез ауруымен ауырғаны анықталып, мал арнайы кәсіпорынға жіберіліп жойылды. Бірдейлендіруден 2205 бас ірі қара мал өтті.
Мал ауруларын қарсы алу мақсатында мал егу жұмыстары жүргізілді.Құтыру ауруына ,Сібір жарасына ,қарасанға,ауруларына қарсы мал егілді.
Шағын және орта бизнес
Кішкенекөл селосы бойынша шағын және орта бизнес оз жұмысын жылдан жылға асыруда, халықтын сұрауын орындап, жіне жұмыс орын ашуға тырысады.
Округ бойынша тіркелген және шағын орта бизнес -226 кәсіпкерлер, оның ішінде нақты жұмыс істейтіндер -180 кәсіпкер /80%/
2011 жылы т-рт дүкен ашылды,бір сауда үйі.
Жыл басынан шағын несие беру қорынан бір азаматшаға 100,0 мың тенге несие берілді. Ол Кішкенекөл селолық Кішкенекөл селолық тұрғыны Алигазина Балжан, өзіне жаңа жұмыс орнын ашты.
Кішкенекөл бойынша шағын бизнес сауда жағынан жақсы жұмыстарын жасайды.Осымен қатар селода халыққа ір түрлі қызмет көрсетілетін субъектілер жоқ.
Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шағын және орта бизнеске тұрақты қолдау көрсетуге көп көңіл бөледі және шағын мен орта бизнесті даму стратегиясын аса назар аударуда.
2012 жылыға арналған жұмыс жоспары:
Бүгінге заман талабына сай монша ашу, ет дүкенін ашу, көліктердің жүру жолдарында сервис орталықтарын ашу.
Салық саласы
Аудан бойынша жиналатын салықтардың барлығының 65 пайызы Кішкенекөлден түседі, оның 3,1 кәсіпкеллерден түседі.
Салық жинау жұмысы жоспарланған мәжеден шықты. Жергілікті салықтың үш түрінен барлығы 9219 000 теңге жоспарланған, түскені 9219000 мың теңге, оның ішінде 566 800 теңге мүлік салығынан, 470 000 жер салығының және 7 603 000 теңге автокөлік салығынан түсті, жалпы салық тапсырмасы 100,1 пайызға орындалды, оның сыртында 1 реттік талондардан 583 000 теңге түсті жалпы 1 реттік талондар арқылы салық жинау жұмыстары 132 пайызға орындалды.
2012 жылыға арналған жұмыс жоспары:
Тиісті тіркеуден өтпеген азаматтардың заңсыз тұрде қаражат иеленуін, анықтау, салық төлеуден бас тартқан тұлғаларды анықтау.
Әлеуметтік сала
Ел басы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік ахуалына аса көңіл аударуда. Сондықтан жергілікті билік әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асуын қатты бақылауына алынады. Тұрғандарға көрсетіп жатқан мемлекеттік әлеуметтік көмектерге келетін болсақ 2011 жылы округ бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 53 адам саны 212 отбасына 2594500 теңге берілді,18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 410 балаға 4 483000 теңге берілді.
Ауылшаруашылық,өндірістік,кәсіпкерлік салада көзделген жұмыс
орындарының жоспарлары орындалды. Жалпы жұмыс орындарына 620 кісі орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 375 кісі,уақытша жұмыс орындарына 162 кісі орналастырылды.
2011 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарға 86 кісі жіберілді,оларға 4814,3 мын теңге еңбек ақы төленді,қоғамдық жұмыстардың жоспары 100 пайызға орындалды.
Жұмыссыздықты азайту мақсатында селолық округ тұрғындарынан, нарық сұранысы бойынша кәсіби мамандықты алуға оқуға 14 адам жіберілді;
1 – адам –аспашы, 3-адам-электрик ,1-адам-есепші және, 1- адам токарь, 4- адам оператор ЭВМ, 1- адам іс-жүргізуші, 3-адам ұрықтандырушы оқуға жіберілді.
Өндірістік сала
«Қызылту ұн үктіру комбинаты» жекешеленген шектелген серіктестікті біздегі ен ірі кәсіпорын. Бұл кәсіпорынның мүмкіндігі мол күніне 250 тонна бидай үйге алатын бәрімізге аян, жыл басынан бастап 14 тонна ұн, 237 тонна нан және 3509 тонна кебек шығарылды. Осы кәсіпорында 250 дей адам жұмыс істеуде. Жұмыстары өздеріне де елге де тиімді.
«Қызылту трансс» серіктестігі де өз мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуде, осы кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істеуде.
Білім беру саласы
Ел басымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев білім беру жүйесінің сапалы болуына аса көңіл аударды. Кішкенекөлде үш мектеп, бір кәсіптік лицей, бір интернат және екі балабақша бар. Барлық мектептерде 1266 бала оқиды. Жазда барлық ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіптің лицейдің жатаханасы спорттық-мерекелік шараларды өткізу ғимараты жөндеуі аяқталды.
Біздің мектептің түлектері өткен жылы жылдағыдай сыннан өте жақсы өтті. Ерекше атауға лайықты №1 Кішкенекөл орта мектеп түлектерінің көрсеткіші, әрине бұл мұғалімдердің еңбегі. №2 мектеппе мектеп гимназияның оқушылары да жақсы жетістіктер көрсетуде.
Аудандық мәдениет үйі мен аудандық орталық кітапхананың жұмысы түзелді, аудандық кітапхана жеке ғимаратына орналасқан жыл сайын өсуде кітаптын саны 48624, сонымен қатар оқырмандардың саны да көбейіп келеді, 2011 жылы 8756 оқырмандар болды.
Денсаулық саласы
Елдің денсаулығы- біздің байлығымыз денсаулыққа өте көп назар аударылады, ел тұрғындарына ақысыз көмек және дәрі дәрімек беріледі. Барлық емханаларда бірінші көмек көрсетуіне байланысты дәрілер бар. Аудандық емхана ел 110 жататын төсек орны бар. Демографиялык жағдай қөрсеткіштері 2010 жылға қарағанда арта түсті. 2011 жылы аудандық ауруханасында хирургия бөлімшесінің жөңдеу жұмыстарына аяқталды, жөндеу жұмыстарына 22,3 млн.тенге болінді.
2012 жылда жоспар бойынша аудандық емханасына жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінеді.
Спорт саласы
Спорт дамуына жас өспірімдер мектебі өз үлестерін қосуда. Жас өспірімдер спорт мектебінің спорттың әр түрінен 200 ге жуық бала спортты үйреніп жүр. 2011 жылы Кішкенекөл аудандық облыстық «Ақ бидай» спорт ойындары өтті. Кішкенекөл селосы бірінші орынға ие болды. Осыған байланысты көктемде А.Қазымбетовтың атындағы стадионда күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді, ел тұрғындарына спортты дамыту және спортқа деген сүйіспеншілікпен жастарды өсіру мақсатында жыл бойы әр түрлі спорттық іс – шаралар өткізілді. Олар: кростар, турнирлер,мекемелер арасындағы жарыстар, денсаулық күндегі спорттық іс шараларына белсене қатысатын мекемелерді де атап шығайық, олар: «Қызылту Астық» ЖШС – сі, №1 және №2 орта мектептері, мәдениет үйі, ішкістер бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, білім бөлімі және әрине Кішкенекөл селолық округі аппаратының ұжымы да шетте қалмай әр дайым спорттық шараларға қатысуда.
Аббатандыру саласы
Жыл сайын арнайы жасалған бағдарлама бойынша 3- аймақ аббатандыру, тазалық қамтамасыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бір қатар жұмыстар жүргізілді, әсіресе ғимараттар маңайындағы фасаддтарды жөндеу,қоршауларды түзеті маңайындағы қурай ,көн қоқыстарды жинату мақсатында,әр аптаның бейсембі күні таза бейсембілік деп жариялады.Бұл күндеріәр бір мекеме өз ғимаратының маңайын және «Жеңіс» саябағында бекітілген секцияларыда тазалықты жасайды.Ол жұмыстар сәуір айынын басталып қазан айына дейін жүргізіледі.
Көзделген іс - шаралар бойынша әрбір тұрғын өз маңайының шекарасында өз қоршауынан бастап көлік жүретін жол ортасында дейін аралықты көң-қоқыстан,күлден тазалау жұмыстары мен әркім көше бойындағы үйлерін ,қоршауларын жөндеу,сырлау аяқтау жұмыстарын істеуге тиіс еді.сондай – ақ көшелердегі дүкендер ,дәмханалар ,сауда орындары да өз маңайларын түзету керек еді.Осы жұмыстар жүзеге асырру үшін кейбір үйлердің иелеріне әлденеше рет барып ескерту жасағанның өзінде де өз үйлерінің маңайын жинамағандар бар. Кейбіреулер сендерге керек, сендер істеңдер дегені де болды. Сондықтан ел көркі тазалықты бүкіл зиялы қауым болып жалқауларға айтқанымызда жөн сияқты, сонда ғана санасыздардың санасы оянды, өйткені көп қорқытады, терең батырады.
Тазалық қамтамасыздандыру бағдарламасына 5683 мың теңге бөлінді, оның 1480 мың теңгесі архитектуралық- құрылыс жобасымен дайындалуға берілді.
ҚР мемлекеттік рәміздер стелласы орнатылды, брусчадка 682 м2, асфальт 516 м төселді жалпы соммасы 2090,0 мың теңге жұмсалды.Қарашаның 26-шы жұлдызында салтанатты стелланың ашылуы өтті
Архитектуралық-құрлыс жобасына келетін болсақ,әр мекеме және дүкендер ауласында қойылған кішігірім ескерткіштер орнатылды.Осыған қоса С.К.Ташкин №16 кәсіптік лицейінің директоры Абылайхан мен С.Маликов көшесінің қилысында архитектуралық жоба «Бәйтерек» орнатты.Осы «Байтерек» жобасы кешкілік кезде әр түрлі түспен жарықтандырылады.
Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай жоспар бойынша «Тәуелсіздік Пирамида»-сы архитектуралық жоба жоспарлануда.
3128,0 мың теңге Кішкенекөлде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонның аббатандыру жұмыстарына жұмсалады.Онда келесі Жиылған көң-қоқыстарды жинастыру және эскаватор мен шекарасын орлап белгілеу,тегістеу,үю.688мың теңге Сейфуллин көшесіндегі бұрыңғы пошта орында қалған құрлыстық тұрмыстық материалдардың қалдықтарымен Гагарин,Қазымбетов көшесіндегі үйлердің қалдықтарына 1724 тонна қалдықтар полигонға шығарылды.902 мың теңге Мир мен Абай көшесіндегі бұрыңғы элеватор тұрғын үйдің қалдықтарының барлығы 89 тонна полигонға
Шығаруға жұмсалды .Барлығы 1637 мың теңге 4081 тонна бұзылған құрлыс қалдықтарды полигонына шығарылды.
С.Сейфуллин көшесінің жолына 100 тонна щебень 2,5 км-ге төгілді. Осы бағдарлама бойынша бос қаңғырып жүрген ит жою мақсатында 400 мың теңге жоспарланды,ит ату жұмыстарын «Қызылту қызмет» кәсіп орын жүргізуде.Ол жұмыс қыс бойы жүргізіледі,барлығы 500 бастан астам қаңғыбас иттер жойылу жоспарланды.
Жарықтандыру саласына келетін болсақ,көше жарықтарына күтіп ұстау мақсатында қаржылай ақша бөлінді, ол ақша түгелдей игерілді.2011 жылы Кішкенекөл селосының Мәліков көшесінде 1839 шаршы метр жарықтандыруға 52 столб орнатылып,көше жарықтандырылды,оған 44532,1 мың теңге жұмсалды.
Қазақстан Республика Президентінің «Жасыл жапырак-Зеленый лист» бағдарламасы жүзеге асыру мақсатында былтырғы жылы КЛ-16, мекемелер, мектептер, сауда үйі «Ару», 30 пәтерлі үй «Коктем» көмегімен , барлығы 300 қарағай отырылғызылды, жоспардың жақсы орындалғанын айту керек деймін, сіздерге коп рахмет.
Орталық алаңда гүлдер отырғызылды алаңы 1040,2 м2 бөлінген соммасы 300,0 мың теңге, фонтан құрылысына 299,777 мың теңге бөлінді.
Судың да сұрауы бар деп – жылдан жылға есептік кездесуде айтылады, суға төлемей жүрген ел тұрғындары аз емес, олардың арасында танымалы кісілер де, ақсақалдар да бар.
289 үй орталықтангған су құбырларымен жабдықталды.
Құрметті ауылдастар!
Өздеріңіз куә болып тұрсыз, ел өмірінде біраз жақсы өзгерістер болып жатыр, осы жетістіктерімізді ел болып сақтап ,халық болып қорғап, жанашырылықпен, сана, патриоттық сезіммен елге дұрыс көз қараспен қарайық. Биылғы жылы Кішкенекөлде облысттық ауыл ойындары өткізілді, селоның әр тұрғынына есік алдын таза ұстап, қоршауын жөндеп, сырлап, бірге елді көкейтейік.
Істелінген жұмыстан, істейтін жұмыс көп, істелінетің жұмыстардаң бәрі ел тұрғындарының мүлдесіне шыққан, жалпы халыққа керек. Сондықтан барлығымыз жанашырырлықпен қарап ,барлық іске белсене қатысуларыңызды сұраймын. Ынтымақ пен бірлік пен ел тұрғындарының мәселелерін бірлесіп атқара берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |