Классикалық механикадан лекциялық материалдар
Лектор: ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Б.Қ.Рахашев
1 – лекция. Классикалық механика кіріспе
Классикалық механика пәні және оның қолданылу аясы.
Кеңістік пен уақыт жөніндегі классикалық түсініктер. Кеңістік пен уақыт туралы постулаттар.
Материалдық нүкте қозғалысын декарттық координатада қарастыру.
Материалдық нүкте қозғалысын цилиндрлік координатада қарастыру.
Материалдық нүкте қозғалысын сфералық координатада қарастыру.
1.1Классикалық механика пәні және оның қолданылу аясы.
Классикалық механика пәні жалпы физика курсында оқытылған механикалық қозғалыс заңдылықтарын математикалық аппарат көмегімен зерттейтін пән болып табылады. Классикалық механикада макроскопиялық денелердің қарапайым қозғалыс заңдары тағайындалады, олай болса классикалық механика заңдарынынң қолданылу шекарасы бар.
Микробөлшектердің қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механика – кванттық механика деп аталады. Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын денелердің қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механика – релятивистік механика деп аталады. Сонымен классикалық механика екі жағынан шектелген, яғни заңдылықтары белгілі бір шекарада ғана орындалады. Классикалық механика заңдылықтарын тағайындауда кейбір абстракциялық ұғымдар енгізіледі.
Мысалы: 1. Материалдық нүкте – қарастырып отырған есеп шартына сәйкес өлшемін елемеуге болатын дене. Материалдық дене жиынтығы материалдық нүктелер жүйесі деп аталады.
2. Санақ жүйесі – координаталар жүйесімен және уақыт өлшеуіш құралмен жабдықталған санақ денесі.
Санақ жүйесі инерциялды және инерциялды емес деп екіге бөіп қарастырады.
Инерциялды санақ жүйесі дегеніміз – бақылаушымен салыстырғанда тыныштықта немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болатын санақ жүйесін айтамыз.
Инерциялды емес санақ жүйесі дегеніміз - бақылаушымен салыстырғанда үдемелі қозғалыста болатын ( шеңбер бойымен айналады, тербеледі).
3. Абсолют қатты дене – сырттан күш әсер еткенде деформацияға ұшырамайтын, яғни қатты денені құрастыратын бөлшектердің арақашықтығы өзгермей қалатын қатты денені айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |