Классикалық неміс философиясы



бет1/12
Дата14.11.2023
өлшемі71.4 Kb.
#483218
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҒТ. ЛЕКЦИЯ - 5




КЛАССИКАЛЫҚ НЕМІС ФИЛОСОФИЯСЫ


И. Канттың философиялық жүйесі, таным теориясы. Антиномия туралы ілім. Канттың құқық философиясы. И. Фихте: «Меннің» автономдығы. Адам шығармашылығының табиғатын ашу. Ф. Шеллингтің табиғат философиясы. В. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Ойлау мен болмыстың тең келуі. Диалектикалық әдіс пен идеалистік құрылым.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Германия үш жүзге тарта ұсақ мемлекеттен тұратын, экономикасы мен саяси дамуы шиеленіскен қайшылықтарға толы бытыраңқылықты басынан кешіреді. Арнайы әдебиеттер неміс философиясы классиктерінің неміс буржуазия өкілдерін қолдаушы, насихатшы, идеологтар болғанын көрсетеді. 19 ғасыр адамзат тарихындағы ең бір елеулі уақыт болды. Оны келесі жиырмасыншы ғасырмен салыстыруға келмейді. Жиырмасыншы ғасыр тек 19 ғасырда өмірге енген материалдық игіліктерді дамытумен ғана айналысады. Өзіндік жаналықтары жоқ.

Тарихи дәуірде Германияда мәдениет пен ғылым, әсіресе философия өз дамуының шарықтау шыңына жетті. Мұнда Жаңа дәуірдің алдыңғы қатарлы философиялық идеялары – парасаттың құдіретіне сену, гуманизм, адамның құқығы және т.б. өзінің жалғасын тапты. Дегенмен, диалектикалық тәсілдің жете зерттелуі, дамудың әмбебап заңдарының негізделуі оның басты жеңісі болды.


Неміс классикалық философиясының іргетасы Иммануил Кант (1724-1804 жж.) еңбектерінде қаланды. Философия тарихының бай мұраларын меңгерген, жаңа теориялық жаңашылдықты тудырған И. Канттың шығармашылық қызметі «сынға дейінгі» және «сыншыл» деп екі кезеңге бөлінеді.
«Сынға дейінгі» кезеңде ол жаратылыстану ғылымдарымен айналысып, математика, физика, география, астрономия ғылымдары салаларына айтарлықтай үлес қосты. Бұл кезде И. Ньютон, Вольфтың жаратылыстану ғылымдарындағы кейбір көзқарастарымен келіспеген ол уақыт пен кеңістіктің диалектикалық байланысын, табиғаттың өзіндік дамуының жолдары бар екені туралы идеяларын жарыққа шығарады. Коперник, Галилей, Ньютон ашқан жаңалықтарға сүйене отырып, «Жалпыға ортақ жаратылыс тарихи және аспан теориясы» кітабында алғашқы тұмандықтан Күн жүйесінің жаратылыстық жолмен пайда болғаны туралы ұлы гипотезасын ұсынды. Кант ғаламдық денелердің пайда болуы мен жойылуының тоқтаусыз үдеріс болатыны және олардың көптігі туралы қорытындыға жақын келді.
Мұхиттардың тасуы мен қайтуы әсерінен Жер айналысының баяулайтыны туралы космогониялық теория – Канттың еңбегі. Жаратылыстануға тарихи диалектикалық тәсілді қолдану сол уақытта үстемдік жүргізген метафизикалық дүниетанымдық көзқарасқа айтарлықтай соққы берді. Дегенмен, біз философтың екіжақты, қайшылықты пікірінен аттап өте алмаймыз. Бір жағынан, ол материяның дамуы заңдарының әсері негізінде Күн жүйесінің пайда болуының ғылыми картинасын беруге ұмтылды. «Маған материяны беріңдерші, мен одан әлемді тұрғызамын», – деп мәлімдейді. Құдайдың алғашқы түрткісінің қажеттігі туралы Ньютон ұстанымын, пікірін Кант «аянышты» деп атайды. Бірақ, екіншіден, ол әлемнің ең бастапқы себебін бәрібір Құдаймен байланысты қарастырады.
Кант өзінің шығармашылық кезеңінің «сыншыл» кезеңінде көптеген теориялық және практикалық мәселені ашып берді. «Таза парасат сыны», «Практикалық парасат сыны», «Пайымдау қабілетінің сыны» және т.б. негізгі еңбектері сол тарихи дәуірдің практикалық дамуынан туындаған мәселелерді қарастырды десек те, Кант оларды идеалистік тұрғыдан түсіндірді. Канттың «Таза парасат сыны» еңбегінде таным теориясы, логика және диалектика қарастырылса, «Практикалық парасат сыны» еңбегінде мораль, адамгершілік мәселелері көтеріледі.
Кант өзіне дейін таным үдерісінде орын алып келген эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығуға тырысты. Сондықтан Кант априорлы (априорлы – тәжірибеден тыс пайда болатын ұғым, ой, идея) жинақтау әдісінің, пікірдің жаратылыстану саласында алатын орнын көрсету үшін келесі білімдердің – математиканың сезімдікке, жаратылыстанудың пайымдаушылыққа, метафизиканың парасатқа қатысты түрлерін алады.

Кант ілімдері идеализмнің «дүниедегі заттарды толық тануға болмайды» деген агностиктік бағытын тудырды. Ол танып-білуге болмайтын «өзіндік заттар» бар, олар объективті, біздің санамыздан тыс өмір сүреді деп, бір жағынан материализмді қолдаса, екіншіден, біз тек құбылыстардың сырт көрінісін ғана тани аламыз, білеміз деп идеалистік агностицизм бағытына бет бұрады.


Осыған байланысты, Канттың ұстанымдары екі жақты сынға ұшырады. Оны «өзіндік заттары» үшін идеалистер, екінші жағынан, «өзіндік заттарды тануға болмайды» дегені үшін материалистер сынға алды. Қорыта айтқанда, Кант – философия тарихында үлкен орын алған тұлға. Оның этикасы алдыңғы қатарлы адамгершілік принциптерінің қалыптасуына жол ашты.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) шығармашылығы неміс классикалық философиясының шарықтау шыңы деп есептеледі. Онда Кант, Фихте, Шеллингтің диалектикалық идеялары өз жалғасын тапты. Дегенмен, ол өзінің алдындағы ойшылардан айтарлықтай озып, барлық жаратылыстық, тарихи, рухани әлемдерді үзіліссіз дамуда көрсетіп, диалектиканың барлық заңы мен категориясын объективтік идеализм тұрғысынан дәлелдеді. Саналы түрде таным тәсілі ретінде диалектиканы метафизикаға қарсы қойды.
Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады: 1) Логика; 2) Табиғат философиясы; 3) Рух философиясы. Ол идеалист болғандықтан, біздің санамыздан тыс, қоғам мен табиғатқа тәуелсіз абсолюттік идея бар екенін мойындады және оны абсолюттік білім деп түсінді Ал шындығында, ол – Құдайдың бейнесі. Абсолюттік идея логикалық, табиғат және рух кезеңдерінен өтетіндіктен, Гегель осы кезеңдер арқылы логика ғылымына, жаратылыстану салаларына, қоғамдық ғылымдарға жан-жақты талдау жасады.
Гегельдің «Логика ғылымы» таным теориясына, логикаға, диалектикаға ерекше назар аударды. Оның ойынша, жаңа логика ескі формалды логикаға қарама-қарсы, өйткені ол – заттың, үдерістің ішкі мәнін ашып беретін ғылым. Ал ескі формалды логика ойлаудың сыртқы жағына, түріне ғана көңіл бөлді. Жаңа логика таным үдерісінің мәнін аша отырып, оны ғылым ретінде қарастырады.
Гегель логика ғылымында таным үдерісі, диалектика және логиканы тепе-теңдікте қарастырады. Логика таным үдерісінен бөлінбейді, бұлардың байланысы – диалектикалық үдеріс. Гегель диалектиканың сан өзгерістерінің сапаға өтуі; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі және терістеуді терістеу заңдары мен негізгі категорияларын ашып, олардың өзара тығыз байланысын көрсетті.
Ол диалектиканың категориялары мен ұғымдарының өзара байланысын түсіну арқылы объективтік дүниенің шындық бейнесін жасауға ұмтылып, олардың дамуын түсіндіруді философия тарихымен байланыстырды. Категориялардың ішкі, қажетті, объективті байланысын көрсетіп, олардың мазмұнын табиғат пен қоғамның даму сатыларымен сәйкестендіруге тырысты. Мұндай көзқарас диалектика заңдары мен категорияларының ішкі мазмұны жағынан аса бай, объективті дүниенің мазмұнын ашып беретінін көрсетті.
Гегель диалектикасы табиғатты, қоғамдағы құбылыстар мен заттардың өзара байланысын логикалық, теориялық негізде айқындап, түсінуге мүмкіндік берді. Диалектика табиғат, қоғам және адамның ойлау үдерісінің жалпы заңдылықтарын ашып, оны нақты, тарихи тұрғыдан түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет