«Клиенттердің ағымдағы шоттары және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7501201 индексі 5-сб, мерзімі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық



Дата16.06.2016
өлшемі68.05 Kb.
#139658
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы


№351 бұйрығына 6-қосымша

«Клиенттердің ағымдағы шоттары және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7501201 индексі 5-СБ, мерзімі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика жайлы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Клиенттердің ағымдағы шоттары және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7501201, индексі 5-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру тәртібін нақтылайды.

2. Статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1) заңды тұлғалар – мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар (пайда алу мақсатында тауарлар өндірумен және қаржылық емес қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттік басқару органдары бақылайтын кәсіпорындар мен ұйымдар); мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар (пайда алу мақсатында тауарлар өндірумен және қаржылық емес қызмет көрсетумен айналысатын, мемлекеттік басқару органдары бақыламайтын кәсіпорындар мен ұйымдар); үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын, пайда немесе өзге де қаржылай үлес әкелмейтін кәсіпорындар немесе әлеуметтік ұйымдар. Бұлар қоғамдық бірлестіктер, партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары және басқа да қоғамдық ұйымдар).

2) жеке тұлғалар – халық, заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және дара еңбек қызметінің өзге де нысандары;

3) ағымдағы шот – банк ақшалай қаражаттарды сақтау, заңды және жеке тұлғалармен ағымдағы есеп айрылысуды жүзеге асыру үшін пайдаланатын шоты;

4) бағамдық айырма – мәміле жасасқан сәттен ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты өзгерісінен болатын шетел валютасындағы активтер сомасындағы айырма;

5) ұлттық валюта – қазақстандық теңге;

6) еркін айырбасталатын валюта – басқа шетел валютасына және халықаралық төлем құралдарына еркін айырбасталатын валюта. Еркін айырбасталымды валюта толық ішкі және сыртқы қайтымдылықты, яғни елдің резиденттері мен резидент еместері (жеке және заңды тұлғалар) үшін бірдей айырбас режиміне ие;

7) валютаның басқа түрлері – «ұлттық валюта» және «еркін айырбасталатын валюта» түсінігіне жатпайтын басқа шетел валюталары.

3. Осы статистикалық есептілік нысаны бойынша резиденттердің (заңды және жеке тұлғалар) ағымдағы шоттарында операцияларды жүзеге асыратын барлық банктер ай сайын жасайды. Есеп мың теңгемен ұсынылады. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және жоғары сома мың теңге дейін дөңгелектенеді.

Есеп тұтастай алғанда банк бойынша және филиалдар бойынша ұсынылады.

Егер есепті беру мерзімі демалыс күнге келсе, одан кейінгі жұмыс күні есепті ұсыну күні болып саналады.

Есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚР ҰБ) криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланумен VIDO электрондық байланыс арқылы электрондық түрде ұсынылады.

ҚР ҰБ ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, есептіліктің субъектілері ҚР ҰБ бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрі бойынша хабардар етуге және есепті ҚР ҰБ өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге электрондық түрде ұсынуға міндетті.

4. Нысанның символдары мен шифрларын толтыру мынадай түрде жүзеге асырылады.

01 шифры – заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. 01 шифры барлық символдар бойынша алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 10 шифрына тең болады.

02 шифры – заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. 02 шифры барлық символдар бойынша алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 11 шифрына тең болады.

03 шифры – жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы есептік кезең басындағы ақша қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. 03 шифры барлық символдар бойынша алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 12 шифрына тең болады.

1, 3, 5 символдары бойынша 01 шифры осы символдардың 02, 03 шифрлардың сомасына сәйкес келеді.

04 шифры – заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына есептік кезеңде түскен ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. Егер осы немесе басқа шоттар бойынша салымдар шоттарына ақша түспеген болса, онда есепте нөлдер көрсетіледі.

05 шифры – заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына есептік кезеңдегі түскен ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. Егер осы немесе басқа шоттар бойынша салымдар шоттарына ақша түспеген болса, онда есепте нөлдер көрсетіледі.

06 шифры – жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына есептік кезеңдегі түскен ақша сомасы көрсетіледі. Егер осы немесе басқа шоттар бойынша салым шоттарына ақша түскен болса, онда есепте нөлдер көрсетіледі.

1, 3, 5 символдары бойынша 04 шифры 05, 06 шифрларының осы символдары бойынша сомасына сәйкес келеді.

07 шифры – заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарынан есептік кезеңдегі алып алынған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

08 шифры –заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарынан есептік кезеңдегі алып алынған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

09 шифры –жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарынан есептік кезеңдегі алып алынған ақша сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

1, 3, 5 символдары бойынша 07 шифры 08, 09 шифрларының осы символдары бойынша сомасына сәйкес келеді.

10 шифры – заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы есептік кезең аяғындағы ақша қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

11 шифры – заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы есептік кезең аяғындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

12 шифры – жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы есептік кезең аяғындағы ақша қалдығы сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.

1, 3, 5 символдары бойынша 10 шифры осы символдары бойынша 11, 12 шифрларының сомасына сәйкес келеді.

13 шифры бойынша бағам өзгерген кезде есептік валютадағы шетел валютасы бірлігін дәл осы санымен бухгалтерлік есеп жүйесінде, қаржылық және өзге есептілікте көрсету нәтижесінде пайда болған бағамдық айырма көрсетіледі. 1, 3, 5 символдары бойынша 13 шифры 01, 04, 16 шифрларын қоспағанда, 10, 07 шифрлары сомасына тең:

13 = 10 - 01 - 04 + 07 - 16.

1, 3, 5 символдары бойынша 13 шифры осы символдары бойынша 14, 15 шифрларының сомасына сәйкес келеді.

1, 3, 5 символдары бойынша 14 шифры 02, 05, 17 шифрларын шегергенде 11 және 08 шифрларының сомасына тең:

14 = 11 - 02 - 05 + 08 - 17.

1, 3, 5 символдары бойынша 15 шифры 03, 06, 18 шифрларын шегергенде 12 және 09 шифрларының сомасына тең:

15 = 12 - 03 - 06 + 09 - 18.

16 шифры бойынша есептік кезеңде пайда болған, пайда болу себептері салымдар тарту немесе алып алу бойынша операциялар да, валюта бағамының өзгеруі де емес болып табылмайтын сомалар көрсетіледі. Бұл сомалар, мысалы, клиенттің экономиканың қай секторына жататыны, салым валютасы, салым мерзімдері өзгергенде, қате жазбалар және сол сияқтылар болған кезде пайда болатын сомалар.

1, 3, 5 символдары бойынша 16 шифры 17 және 18 шифрларының сомасына тең.

5. Сыйақы ставкаларын есептеу.

Есепте 2, 4, 6 символдары бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары көрсетіледі.

01 шифры бойынша сыйақы ставкалары 02 және 03 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

02 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша есептік кезеңнің басындағы нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

03 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша есептік кезеңнің басындағы нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

04 шифры бойынша сыйақы ставкалары 05 және 06 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

05 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына есептік кезеңдегі нақты тартылған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

06 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына есептік кезеңдегі нақты тартылған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

07 шифры бойынша сыйақы ставкалары 08 және 09 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

08 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарынан есептік кезеңдегі нақты алып алынған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

09 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарынан есептік кезеңдегі нақты алып алынған ақша сомасы бойынша орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

10 шифры бойынша сыйақы ставкалары 11 және 12 шифрларының орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.

11 шифры бойынша сыйақы ставкалары заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша есептік кезеңнің аяғындағы нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

12 шифры бойынша сыйақы ставкалары жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша есептік кезеңнің аяғындағы нақты қалыптасқан сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.

10 шифры бойынша орташа алынған сыйақы ставкасын есептеудің шартты мысалы:

ағымдағы шоттардағы ақша қалдығының сомалары және олар бойынша сыйақы ставкалары мынадай болды:

заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы ақша қалдығы – 500 тысяч тенге под 0,2 %;

жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарындағы ақша қалдығы – 200 тысяч тенге под 0,8 %;


орташа алынған сыйақы ставкасы мынаған тең:

05 шифры бойынша орташа алынған сыйақы ставкасын есептеудің шартты мысалы:

заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына түскен ақшаның және олар бойынша сыйақы ставкаларының есептік айдағы сомасы мынадай болды:

10 мың теңге 0,1 %-бен;

20 мың теңге 0,2 %-бен;

30 мың теңге 0,3 %-бен;

40 мың теңге 0,4 %-бен;

50 мың теңге 0,5 %-бен.

орташа алынған сыйақы ставкасы 24 шифры бойынша мынаған тең:




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет