Клиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының профессор оқытушылары Алмабаев Ыдырыс Алмабаевич,м.ғ. д,профессор\, Идрисов Алим Акрамович, м.ғ. д, профессор, Кайназаров Аяган Кайназарович, м.ғ


Иық өрімдері қандай шоғырлардан тұрады



бет7/9
Дата17.06.2016
өлшемі409 Kb.
#142856
1   2   3   4   5   6   7   8   9

24. Иық өрімдері қандай шоғырлардан тұрады


  1. алдыңғы, жоғарғы, ортаңғы

  2. ладыңғы, латералды, жоғарғы

  3. алдыңғы, медиалды, артқы

  4. медиалды, латералды, артқы

  5. латералды, жоғарғы, артқы

25. Қолтық артериясының бітелуі кезінде, коллатералды қан айналымының дамуына қатысатын жауырын асты артериясының бұтағын атаңыз және ол қай тесіктен өтеді?

  1. кеуденің сыртқы артериясы. Төрт жақты тесік арқылы өтеді

  2. жауырынды айналатын артерия. Төрт жақты тесік арқылы өтеді

  3. кеуденің қаптал артериясы. Үш жақты тесік арқылы өтеді

  4. кеуде –акромион артериясы. Төрт жақты тесік арқылы өтеді

26. Білектің артқы бетін қандай нерв қоректендіреді


  1. шыбық нерві

  2. шынтақ нерві

  3. шыбық нервінің беткей бұтағы

  4. сүйек аралық нерв

  5. шыбық нервінің терең бұтағы

27. Иық сүйегі орта және төмеңгі деңгейде сынғанда қай нервтің зақымдануы асқынулар әкеледі?

  1. ортаңғы нерв

  2. шынтақ нерв

  3. шыбық нерв

  4. тері- бұлшық ет

  5. қолтық нерві

28. Білектің алақан беткейіндегі шынтақ нерві қайсы бұлшық еттерді нервтендіреді

  1. саусақтардың тереңдегі бүккіштерінің медиалда бөлігі, қол басының

шынтақ бүккіші

  1. саусақтардың беткейлі бүккіштерінің медиалды өлігі, қол басының шынтақ бүккіші, шаршы пронатор

  2. саусақтардың беткейлі бүккіштері, қол басының шынтақ бүккіші, жұмыр пронатор

  3. білезіктің шыбық бүккіші, жұмыр пронатор, алақанның ұзын бұлшық еті, білезіктің шынтақ бүккіші

29.Шынтақ нервінің зақымдалған белгісін көрсетіңіз


  1. « салбырап» тұрған қол басы, «қалам» белгілері

  2. «қаламсап» белгілері, «салбырап» тұрған қол басы

  3. « қалам» белгілері, « қаламсап» белгілері

  4. қағаз және «құстырнақты» қол басы

30.Қол басының алақан беткейінде шынтақ нерві қайсы саусақтардың терісін қоректендіреді

  1. III, IY, Y саусақтар

  2. IY, Y саусақтар

  3. IY, Y саусақтардың шынтақ беткейі

  4. шынашақ

31. Білезіктің шынтақ өзегінен өтетін тамырлармен нервтерді атаңыз

  1. шынтақ нерві мен шынтақ артериясы

  2. ортаңғы нерв

  3. ортаңғы нерв және шынтақ артериясы

  4. шынтақты бүгетін сіңір және шынтақ артериясы

32.Қайсы синовиалды қынаптар, білектің алдыңғы бетінің төмеңгі 1/3-і деңгейінде аяқталады

  1. қол басын шыбық жағына бүгетін, қол басына шынтақ жағына бүгетін, иық- шыбық бұлшық ет, саусақтардың беткей бүккіші

  2. қол басын шыбық жағына бүгетін, үлкен саусақты ұзын бүккіші, иық- шыбық бұлшық еті

  3. үлкен саусақтары ұзын бүккіші, саусақтардың беткейлі және

тереңдегі бүккіштері

  1. қол басын шыбық жаққа бүгетін, алақанның ұзын бұлшық еті, саусақтардың тереңдегі бүккіші, үлкен саусақтың ұзын бүккіші

33.Үлкен шонданай тесігі арқылы қандай бұлшық ет өтетінін көрсетіңіз


  1. сыртқы жапқыш бұлшық еті

  2. ортаңғы бөксе бұлшық еті

  3. санның квадратты бұлшық еті

  4. ішкі жапқыш бұлшық еті

  5. алмұрт тәрізді бұлшық еті

34.Қайсы бұлшық ет- фасциалды құндақта сан нерві орналасады. Ол нерв қай бұлшық ет тобын нервтендіреді

  1. медиалды құндақта, әкелгіш бұлшық еттерді

  2. медиалды құндақта, балтырды жазатын бұлшық етті

  3. артқы құндақта, балтырды тізе буынында бүгетін бұлшық етті

  4. алдыңғы құндақта, балтырды тізе буыныда жазатын бұлшық етті

35.Санның алдыңғы бұлшық ет- фасциалды құндағында орналасқан еттерді атаңыз

  1. тігінші бұлшық еті, жалпақ фасцианы керетін бұлшық ет

  2. санның төрт басты бұлшық еті

  3. санның тік бұлшық еті, санның жалпақ аралық бұлшық еті

  4. тігінші, санның тік бұлшық еті, санның медиалды жалпақ бұлшық еті

36.Аяқ басының 1- саусақ аралығының терісін қоректендіретін нервті атаңыз

  1. кіші жіліктің тереңдегі нерві

  2. кіші жіліктің беткейдегі нерві

  3. балтыр нерві

  4. жалпы кіші жілік нерві

  5. латералды балтыр нерві

37.Тізе асты /тақым/ артериясы қандай негізгі тармақтарға бөлінетінің көрсетіңіз

  1. тізенің алдыңғы үлкен жілік және ортаңғы артериясы

  2. тізенің төмеңгі медиалды артериясы және балтыр артериясы

  3. тізенің жоғарғы медиалды артериясы және ортаңғы тізе артериясы

  4. жоғарғы бұлшық ет және жоғарғы латералды тізе артериялары

  5. алдыңғы және артқы үлкен жілік артериясы

38.Сирақтың алдының жоғарғы 1/3 бөлігіндегі бұлшық еттерді іштен сыртқа қарай атаңыз

  1. алдыңғы үлкен жілік бұлшық еті, үлкен саусақтың ұзын жазғышы

  2. саусақтардың ұзын жазғыштары, алдыңғы үлкен жілік бұлшық еті

  3. алдыңғы үлкен жілік бұлшық еті, үлкен саусақтың жазғышы

  4. саусақтардың ұзын жазғышы, үлкен саусақтың ұзын жазғышы

39.Балтыр- тізе асты өзегінің май шелінің көрші аймақтармен анатомиялық байланысын атаңыз

  1. жоғарғы тесік арқылы сан- тізе асты өзегімен және сирақтың алдыңғы қынабымен, кіші жілік тамырлары бойымен медиалды тобық өзегімен

  2. кіре беріс тесігі арқылы- тізе асты /тақым/ ойығымен, алдыңғы тесік

арқылы- сирақтың алдыңғы бұлшық ет қынабымен, төмеңгі тесік

арқылы- медиалды тобық өзегімен және табанның ортаңғы бұлшық

ет- фасциялық қынабымен


  1. үлкен жіліктің артқы тамыр- нерв шоғыры бойымен сирақтың

латералды бұлшық ет қынабымен және санның артқы бұлшық ет –

фасциялық қынабымен



  1. сирақтың артқы тамыр- нерв шоғырлары арқылы- табан өзегімен

сирақтың алдыңғы тамыр- нерв шоғыры бойымен сирақтың

латералды фасциялы бұлшық ет қынабымен, кіре беріс тесігі арқылы

санның әкелуші бұлшық ет өзегімен

40.Табанның ортаңғы фасциялық құндағында орналасқан бұлшық еттерді атаңыз



  1. құрт тәрізді бұлшық ет, ұзын бүккіштердің сіңірі, үлкен саусақтың ұзын бүккіші

  2. табанның төртқырлы бұлшық еті, үлкен саусақтың әкелуші бұлшық еті және үлкен саусақты әкетуші бұлшық еті

  3. саусақтардың қысқа бүккіші, табанның төрт қырлы бұлшық еті,

  4. үлкен саусақты әкелуші бұлшық еті, құрт тәрізді бұлшық еті

  5. кіші саусақты қарама- қарсы қоюшы, саусақтардың ұзын бүккішінің сіңірі, үлкен саусақты әкелуші бұлшық ет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет