БРОНХИТ
Бронхит — бронхы кілегей қабығының қабынуы. Бронхиттын жедел және созыл-
малы түрі болады. Бронхиттың қоздырғышы микробтар, вирустар. Бронхитпен ауырған
адамнын қақырығында пневмококк, стрептококк т.б. микроорганизмдер болады. Олар
сау адам ағзасына тыныс жолдары арқылы ауамен өтеді.
Көбінесе бронхит тұмау, көкжөтел, кызылша т.б. аурулардың салдарынан пайда
болады. Бронхитке ауа райының да әсері зор: салкын ауа райының құбылмалылығы,
ауа қысымының жоғарылауы, ылғалдығы т.б.
Бронхиттің жедел түрiнде адам тез тоңып жиі есінейді, басы ауырады, даусы
қарлығып, кеңірдегі жыбырлап әуелі құрғақ, кейін аздаған қақырық араласқан жиi
жөтел пайда болады. Жөтелдің жиі және катты болуына байланысты кеуде шаршай-ды.
Дене қызуы жоғарылауы мүмкін. Мезгілінде емделмесе ауру асқынып, кабыну процесі
бронхиолдар мен өкпе тканьдеріне жайылып, дене кызуы көтеріліп, тыныс алу жиілеп,
ауру күшейе түседі. Дер кезінде емделмеген бронхит өкпенің домбығуына
шалдықтырады.
Созылмалы бронхитпен ауырған адамдар үнемі жөтеледі, әсіресе, таңертең жөтел
пайда болады, құрғақ немесе сары какырык түседі. Жөтел күшейген сайын өкпені ауа
кернеп, оның пішіні өзгеріп созылады. Бронхиттен сақтанудың бірнеше жолдары бар:
денені шынықтыру, күнде таңертең жаттығу жасау, салкын сумен кеудені белуарға
дейін сүрту (жуу) және жұмыста, тұрмыста тазалық сақтау.
Бронхит темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі.
Емі: дене қызуы көтеріліп, аурудың алғашқы белгісі білінген соң науқас адамды
төсекке жатқызып, бөлменің ауасын тазарту керек. Дәрігердің кеңесі бойынша
антибиотиктер, қақырықты жібітетін және жүрек пен кан айналысы жүйесінің
жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектер ішу қажет.
кiлегей кабык - слизистая оболочка
кұбылмалы - изменчивый;
өкпенiн кабынуы - воспаление легких;
күшейе түсу - обострение;
ылғалды - влажный;
белуарға дейін - до пояса;
жиі есінеу - часто зевать
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
Ас -корыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан жұтқыншақ, өңеш, асқазан,
ұлтабар, аш ішек, ток ішек, ұйқы безі, тік ішек және үш жүп сілекей бездері (шықшыт
безi, тiл асты безі) және бауырдан тұрады.
Ас қорыту мен сіңу өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді,
содан кейін химиялык реакцияға тұсіп, қорытылып, денеге сіңетін сатыға жетеді. Ас
қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Онда тiл мен тiстер орналаскан. Ауыз
куысында сілекей бөлінеді. Көмекей куысындағы жұтқыншақ ауыз қуысын өңешпен
жалғастырады. Өңештің төменгі ұшы көкет арқылы іш қуысына өтіп, асқазанмен
жаласады.
Асказанның төменгі жағында он екі елі ішек, артында көк бауыр, карын асты безі
және сол бүйрек жанасып жатады.
Ас корыту жүйесi күрделi кызмет атқарады.
1. Сол шыгару қызметі. Оны асказан, сілекей, ішек-карын, уйкы бездері, бауыр
аткарады. Ересек адамда тәулігіне 1,5-2 л карын селi белiнедi.
2. Коректік заттарды сіңіру функциясы. Тағамдық зат карында 4-10 сағат
корытылады. Бұл кезде су, шарап, карапайым канттар сiнедi. Ас қорыту жүйесі аш
ішекте аякталады.
3. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару функциясы (экскрекция).
4. Эндокриндік функция. Ас қорыту процесінің мерзімі 1-2 тәулік. Ас қорыту
проце-сі жүйке жүйесінің қызметімен реттеліп отырады.
жұтқыншақ - глотка;
асказан - желудок;
сілекей-слюна;
сіңіру - усвоение;
ТОК iшек-толстая кишка
ҰЙҚы без - поджелудочная железа;
сөл шығару - выделение сока;
енеш-пищевод;
көкет-грудобрюшная преграда;
ұлтабар - двенадцатиперстная кишка;
аш ішек-тощая кишка (тонкаякишка);
шықшыт безі - околоушная железа.
1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
2. Ас калай қорытылады?
3. Асқазанмен қандай мүшелер жалғасады?
4. Ас қорыту жүйесі қандай қызмет атқарады?
5. Ересек адамда тәулігіне қанша қарын сөлі бөлінеді?
Тұрақты сөз тіркестер:
Ас дұрыс қорытылу ушін
Құнарлы да майлы тағамдардан кейін ас дұрыс қорытылуы үшін зире (хош иісті
өсімдік) майоран (ас пісіруге қолданатын эфирлі өсімдік) қосындысын пайдаланған
жаксы. Ол үшін бір стакан қайнаған суға зире мен майоранның бір ас қасық майда-
ланған ұрығын салып, 15 минөт тұндырады. Содан кейін күніне екі рет жарты
стаканнан ішеді.
Бауыр басу - привыкнуть, стать родным.
Бауырына салу - удочерить, усыновить.