Кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



Дата26.02.2016
өлшемі68.5 Kb.
#26306
түріКодекс
ЖОБА


Қызылорда облысы бойынша

жер үсті көздерінің су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

ставкаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Қоса берілген Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Қызылорда облыстық мәслихатының

____сессиясының төрағасы




Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысы







_______________




А. Әлназарова

Қызылорда облыстық мәслихатының

2015 жылғы «___» _______________

№ ____ шешiмiмен бекітілген




Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары





Сырдария өзені және Арал теңізі бассейнінде арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары

1

Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге /1000 текше м

94,9

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда

теңге /1000 текше м

268,6

3

Ауылшаруашылығы

теңге /1000 текше м

74,4

4

Су көздерінен су алатын тоғандық шаруашылықтар

теңге /1000 текше м

74,4

5

Су энергетика

теңге/1000 кВт.сағ

27,7

6

Су көлігі

теңге /1000 текше м

10,2

Қызылорда облыстық мәслихатының

2015 жылғы «___» _______________

№ ____ шешiмiне қосымша




Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды

деп танылған шешімдерінің тізбесі

1. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы № 299 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4158 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2006 жылғы 21 шілдеде жарияланған);



2. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы XXVII сессиясының № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 325 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4170 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2007 жылғы 20 қаңтарда жарияланған);

3. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы XXVII сессиясының № 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 374 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4188 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2007 жылғы 15 мамырда жарияланған).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет