Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Балаларын күтіп-бағауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді



Pdf көрінісі
бет203/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

139- 
6 а п. Балаларын күтіп-бағауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді 
орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жубайын (зайыбын) 
күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару 
Ата-ананың кәмелетке толмаган балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке 
қабілетсіз балаларын күтіп-багуга сот иіешімі бойынша қаражат телеу жөніндегі міндет- 
терін уш айдан астам орындамауы не кәмелетке толган еңбекке қабілетті адамның өзінің 
еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-багуга сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш ай- дан 
астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке 
муқтаж жубайын (зайыбын) күтіп-багуга сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан 
астам жалтаруы - 
екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостан- 
дыгынан айыруга жазаланады. 
Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жаска толған еңбекке қабілетсіз 
балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндет- терін үш айдан астам 
орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке кабілетсіз ата-анасын 
күтіп-бағуға сот шешімі бойынша каражат төлеуден үш ай- дан астам жалтаруы не еңбекке кабілетті 
адамның еңбекке кабілетсіз және материалдық көмекке мұктаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот 
шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы үшін жеке дара жауаптылық 
көзделген. 
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған, сондай-ак кәмелетке жасы толған еңбекке 
жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың еңбекке кабілетсіз жұбайын лайықты өмір 
сүруін қамтамасыз ететін материалдык мүдделері. Қылмыстық құқық бұзушылықтың 
жәбірленушілері - 18-ге толмаган балалар, 18-ге толган еңбекке жарамсыз балалар; еңбекке 
қабілетсіз жұбайлар, ата-аналар (соның ішінде бала асырап алғандар да). 
Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 139-бабында көрсетілген қылмыс ата- ананың сот 
шешімі бойынша кәмелетке толмаған, сондай-ақ 18-ге толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларын 
асырауға арналған қаражатты әдейі төлеуден жалтаруы арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңына сәйкес алимент: 
1) ата-аналардың, жұбайларының ерікті келісімі болган және ол нотариус арқылы куэландырылған 
жағдайда; 2) соттың шешімі бойынша өндіріледі. Бірақ Қылмыстық кодекстің 139-бабының 
талабына сэйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық соттың шешімі бойынша алимент 
төлеуден жалтарғаны үшін гана туындайды. 
Балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтаруға соттың шешімі заңды күшіне 
енгеннен кейін оны орындаудан үнемі, ұзақ уақытқа жалтарулар жатады.


307 
Зацда оның мерзімі үш айдан астам уақыт деп белгіленген. Еңбекке қабілетті адамның еңбекке 
кабілетсіз жэне материалдық көмекке мүқтаж жүбайы (зайыбы) күтіп бағуға сот шешімі бойынша 
қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы. Жалтарудың тәсілі эр түрлі: жүмыс орнын себепсіз 
жиі өзгерту, тұргылықты жерін жасыру, қосымша жүмыс орнын немесе табыс көздерін жасыру т.с.с. 
болуы мүмкін. Әдейі жалтару деп тануга сот органының белгіленген қаражатты төлеу туралы ресми 
ескертуінің орындалмауы негіз болады. 
Қылмыстық күкық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. 
Қылмыстык кұкык бұзушылык ниет әр түрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, баланың анасына деген 
өшпенділік, кінәлінің баламен туыстыгына күмән келтіру т.с.с. көрсетілген қылмыстық ниеттердің 
қылмысты саралауға әсері болмайды. 
Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық субъектісі бола сот шешімі бойынша 
каражат төлеуге міндетті ата-аналар немесе соларга теңестірілген адамдар ата- анасын асырауга 
арнайы каражатты сот шешімі бойынша төлеуден жалтарган кәмелетке толған олардан туган немесе 
өгей балалары, асырап алынған үлдары, кыздары, көмекке мұқтаж жүбайын сот шешімі бойынша 
қаражат төлейтін адамдар танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет