415
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың тікелей объектісі экономикалық қызмет аясындағы ақша
каражат айналымын реттеудің коғамдык қатынастары болып табылады.
Осы қылмыстық құқық бұзушылык кұрамының міндетті белгісі - оның заты болып табылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың затына ақша қаражаты немесе заңсыз жол- мен алынған өзге
мүліктер жатады. Ақша қаражаты теңгелік немесе валюталық көріністе болады. Мүлік қозғалатын
немесе қозғалмайтын (ғимараттар, құрылыстар, кешендер), сондай-ақ
меншікке немесе жалға
алынған жер учаскелері болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 218-бабындагы көрсетілген эрекеттер
нысаны бойыніна занды мэнге ие болған сияқты болып көрінеді, бірак мазмұны жөнінен алып
қараганда бұл әрекеттердің бэрі қылмысты әрекетке жатады, өйткені қылмыстық кұқық
бұзушылықтың заты - ақша жэне мүлік заңсыз жолмен - жымқыру,
қызмет бабында
пайдакүнемдікпен қиянат жасау, есірткі немесе қару-жарақты заңсыз сату, заңсыз кәсіпкерлік
немесе банк қызметі, жалган кәсіпкерлік, салықты төлеуден жалтару арқылы алынған.
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың объективтік жағы - занда белгіленген мынадай нысандар
арқылы: 1) ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен
қаржылық операциялар жасау; 2) басқа да
мәмілелер жасау; 3) каражатты немесе өзге де мүлікті кэсіпкерлік не- месе өзге де экономикалык
кызметті жүзеге асыру үшін пайдалану. Акша каражатымен немесе өзге мүлікпен қаржылык
операциялар жасау деп заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын пайдаланып банктік есеп ашу
немесе жүргізуді, оны төлем қаражаты ретін- де пайдалануды,
осы қаражатқа акция, вексель,
облигация, басқадай бағалы қағаздарды алуды немесе оларды басқадай айырбас кұралы ретінде
пайдалануды айтамыз.
Қылмыстық жолмен алынган ақша қаражатын немесе өзге де мүліктерді пайдала- ну арқылы
азаматтык құқық және міндеттерді белгілейтін, өзгертетін немесе жоятын эрекеттерді (сатып алу,
сату, айырбастау, сыйға беру, т.б.) істеуді басқа да мәмілелер жа- сау деп айтамыз.
Қылмыстық жолмен алынған ақша каражатын немесе мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де
экономикалық қызметті одан эрі дамытуга жұмылдыру, жарғылық
қорға айналдыру кәсіпкерлік
немесе өзге де экономикалык қызметті заңсыз жүзеге асыру үшін пайдалану деп танылады.
Қылмыстык құқық бұзушылык кұрамы жағынан формальдық құрамға жатады. Қылмыстық
кұқык бұзушылық объективтік жақтың осы белгілерінің біреуі жасалған уақыттан бастап аяқталған
деп табылады.
Қылмыстык құкык бұзушылык субъективтік жағынан тікелей қасаканалыкпен істеледі. Кінәлі
адам көрінеу заңсыз жолмен аталган акша каражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды ұғынады
және соны тілейді. Қылмыстық құқық бұзушылык ниет субъективтік жақтың қажетті белгісі болып
табылмағанымен, ол сөз жок соттың жаза тагайындау барысында есепке алынады. Қылмыстық
құқық бұзушылык субъектісі - 16-га толған есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 218-бабының 2-тармағында мынадай ауырлататын белгілер көрсетілген:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 2) бірнеше рет;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаган әрекеттер.
Егер заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыруды бірлесіп
жасау туралы күні бұрын - қылмыстык кұқык бұзушылық істелгенге
дейін уағдаласқан адамдар
катысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаган қылмыстық құқық бұзушылык деп
танылады. Талданып отырған қылмыстык құқык бұзушылықтың объективтік жағынан белгілерін екі
немесе одан да көп жасау, егер адам бұрын жасалған кылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен
қылмыстык құкық бұзушылық үшін жауаптылыктан босатылмаса, не соттылыгы жойылмаса немесе
кылмыстык жауапқа тарту мерзімі өтпесе онда қылмыстық құкық бұзушылық элденеше рет істелген
деп танылады. Осы бап бойынша кызмет бабын пайдаланып жасаған әрекетке мемлекеттік
органның, коммерциялық немесе өзге де ұйымнын заң бойын- ша лауазымды адамы деп
416
танылгандардың кылмыстық кұкық бұзушылыктар жата- ды. Қылмыстық кодекстің 218-бабының 3-
бөлігінде осы кылмыстың өте ауырлататын белгілері көрсетілген. Олар қылмыстық топ жасаған
немесе ірі мөлшерде жасалған әрекеттер. Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-
тармагында берілген. Осы бап бойынша жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомага
кылмыстык жол- мен алынған ақша жэне (немесе) өзге мүлік (ҚК-тің 3-бабы, 38-тармақшасы) ірі
молшер деп танылады. Осы 218-бапта көрсетілген ескертуге сәйкес
қылмыстык жолмен алынган
ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатканы не жасалғаны тура- лы өз еркімен
мэлімдеген адам, егер оның іс-әрекетіне осы баптың екінші жэне үшінші тармагында көзделген
қылмыстар немесе өзге де кылмыс кұрамы болмаса, кылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: