Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 а п. Қылмыстық қүқық бүзушылыққа сыбайлас қатысу үғымы



Pdf көрінісі
бет45/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

6 а п. Қылмыстық қүқық бүзушылыққа сыбайлас қатысу үғымы 
Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық қуқық бүзушылық жасауга қасақана 
бірлесе қатысуы қылмыстық қуқық бузушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады. 
Қылмыстык кұқық бұзушылық - бір адам аркылы немесе бірнеше адамның бірле- суі аркылы 
істелуі мүмкін. Бірнеше адамнын кылмыстык кұкык бұзушылық істеуінін нәтижесінде істелген 
қылмыстың мэні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмыстық құқық 
бұзушылыкка қарағанда едэуір өзгереді және мұндайда кылмыстық кұқық бұзушылық істегені үшін 
жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. 
Сондай-ақбұл адамдардыңжауаптылығыныңнегізі мен шегін, олардыңәрқайсысының бірлесіп 
қылмыстық құқық бұзушылық істеудегі кінэсінің мэні мен дәрежесіне карай салыстыру, әрбір 
қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмыстык кұқық 
бұзушылыққа қатысу институты гана осы мәселелерді анықтауга толық мүмкіндік тугызады. 
Жаңа қылмыстық заңда қылмыстық құкык бұзушылыққа бірлесіп сыбайластықпен қатысудың 


107 
ұғымы, оған катысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен 
көмектесушілер) жекелеген іс-эрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың 
негізгі қагидалары, сондай-ақ қылмыска қатысу нысандарының аныктамасы берілген (ҚК-нің 27, 28, 
29, 31-баптары). 
Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше 
нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке-дара қылмыстык құкық бұзушылықты жасауга 
қарағанда, кылмыстық құкықбұзушылыкты осы нысанда істеудің қауіптілік дэрежесі жэне келтіретін 
залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше кылмыстык құқық бұзушылықты 
істеуі олардың - қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді 
жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қогамдық қатынастарға үлкен 
қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық кұкык бұзушылық істеу- ді осылай 
жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, кайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан 
келмейтін кылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді. 
Көптеген ауыр қылмыстык құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте 
көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ереже- лерді бұзу, паракорлық, 
әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстык құкық бұзушылық бірлесіп істеу арқылы жүзеге 
асырылады. 
Қазакстан Республикасында қылмыстык құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ұғымы 
Қазақстан Республикасының 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі 
немесе одан да көп адамның касақана кылмыстық құкық бұзушылық жасауға қасакана бірлесе 
қатысуы қылмыстық кұқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады», - делінген. 
Қылмыстық құқык бұзушылық істеудің ерекше нысаны болып табылатын кылмыстық кұқык 
бұзушылыкка қатысудың өзіндік объективтік жэне субъективтік белгілері бар. Қылмыстық кұкық 
бұзушылыққа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмыстық кұқық бұзушылыкка екі 
немесе одан да көп адамдардың сыбайластықпен қатысуы болып табылады. Бұл жерде 
қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы 
кажет. Есі дұрыс емес адамды неме- се қылмыстык жауап беру жасына толмаган жасөспірімдерді 
қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол қылмысқа 
сыбайластықпен катысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың 
өздері қылмыстык кұқық бұзушылықты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке 
толмаган адамды қылмыстық құқык бұзушылыққа тарту Кодекстегі 132-бап бойынша жеке қылмыс 
құрамы болып есептеледі. Қылмыстық құқықбұзушылык істеуге сыбайластықпен қатысуда екі 
немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объ- ективтік жатынан алганда қылмысгық 
құқық бұзушылык істеуге сыбайластықгіен бір- лесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге қатысқан 
орбір қатысушылардың эрекегі белгілі бір кылмысты іс-әрекетті істеуге жэне соның орындалуын 
жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі 
болуы мүмкін. Қылмысзық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды 
тікелей орындаушымен бірге, сыбайластықпен қатысушылар санына қылмыс істеуге бі- реуді 
көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді үйымдастырган немесе оған басшылық етуші 
(үйымдастырушы) немесе қылмыс жасауга жағдай тугызган (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. 
Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың; комектесушілердің эр түрдегі және эр 
түрлі дәрежедегі сыбайластықпен қылмыстың істе- луіне мүмкіндік тугызумен бірге уақыты 
жагынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі 
жэне олардың барлыгының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір 
қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген кылмыстық 
катысушыларының сыбайластықпен бірлескен қылмыстық кұкық бұзушылыкты іс- эрекеттерінің 
салдары екендігін дэлелдейді, барлык қатысушылардың бірдей жагдайда жауаптылыкқа 


108 
тартылуының алгы шарты екендігін көрсетеді. 
Қылмыстык құкык бұзушылыққа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстық құқық бұзушылықтың 
зардабының озара байланысының жеке адамның істеген қылмыстық қүқык бұзушылыгына қараганда 
өз ерекшелігі бар. Қылмыстық кұқық бұзушылыққа қатысуда қылмыстық кұқық бұзушылыктың 
зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-эрекеттері гана байланысты 
болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек 
қана кылмыстық кұқық бұзушылықтың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу 
қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру 
арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жагынан алганда қылмыска қатысу барлык 
қатысушылардың кылмысты қасақана істегенін білдіреді. 
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың касақана қылмыс жасауга қасақана 
-
-
_
_
_
_
_
_
_
_
_



_
_
и
қатысуы ұиымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істеи- тін 
қылмысының мәнісінен хабардар болатындыгы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыга 
қылмыс істеуге мүмкіндік тугызатыны немесе соған түрткі болатыны ту- ралы сөз болып отыр. 
Қылмыстык кұқык бұзушылыққа сыбайластықпен қатысу тек касакана істелетін қылмыстык 
құкык бұзушылықтагы гана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстык құқык бұзушылықтағы 
қылмысқа қатысушылық болмайды. 
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысуда барлық қатысушылар іс- әрекетті 
касакана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмыстық құкық 
бұзушылықты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстык құқық бұзушылық іс-әрекетке 
біріктіреді. Кейбір жагдайларда қылмыстық құқық бұзушылыққа катысу нақтыланбаган тікелей 
қасақаналықпен де болуы мүмкін. 
Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салган. 
Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанган. Бұлардың әрекетін аудандык сот нақтыланбаған тікелей 
касақаналықпен істелген қылмысты эрекет деп багалап, олар- ды Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-
бөлігі бойынша саралаган. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың немесе кісі 
өлімінін болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген. 
Қылмыстык құқық бұзушылыққа қатысушылардың эркайсысының ниетінің мазмұнына 
орындаушының істейтін қылмыстык кұкык бұзушылығының қогамга 



П9
зияндылыгының мәнісін сезу, сондай-ак сол адамның қылмыстык кұкык бұзушылыкты жалғыз 
өзінің емес, баскалардың әрекетімен бірге жасайтын мэн-жайларды сезінуі шарт. 
Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы, кылмыстык кұкық бұзушылыкка 
көмектесуші немесе айдагі салушы қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының 
істейтінқылмыстыққұкықбұзушылыгыныңмәнін,ниетін,жәнеөздерініңорындаушының 
қылмыстық 
құқық бұзушылықты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі кажет. 
Ал кылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстык құқық бұзушылыққа басқа 
сыбайластықпен катысушылардың өзіне қылмыстық құқык бұзушылыкқа дайындалғанына немесе 
жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар бола- ды. Оның үстіне, қылмыстық құқық 
бұзушылыкты орындаушылардың арасында бір- лесіп қылмыстык құқык бұзушылық жасауға деген 
өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмыстық құқық бұзушылықка қатысушылардың өз 
әрекеттерінің келісушілік- пен жүзеге асырылатындыгын жэне мұның қылмысты іс-эрекеттің тиімді 
түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. 
Қылмыстық құқық бұзушылык катысу - барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық құқық 
бұзушылықты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық құқық бұзушылық ниетінің 
болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ни- еті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, 
келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі кызғаныштан, екіншісі кек 
алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен эрекет жасауы мүмкін. 
Қылмыстық құқық бұзушылық қатысудағы басты шарт - барлық сыбайластықпен қатысушылар 
қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі 
ниетпен соның болуын тілеп, қылмыстык кұкык бұзушыл ыкты жүзеге асыру үшін өздерінің 
кылмыстық кұқық бұзушылық әрекеттерін біріктіреді. 
28- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет