Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет51/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Іске аспшаи айдап салушылық және көмектесушілік.
Іске аспаган айдап салушылық 
азғырушының қылмысты орындауға азғырылган адамның қылмыстық құқық бұзу- шылықты істеуге 
көнбеуі немесе алғаш көнгенімен қылмыстық құқық бұзушылықты нақты іске асыру кезінде оны 
істеуден бас тартуы болып табылады. Яғни, мұндай жагдайда айдап салушы қылмыс істеуге 
барынша жағдай жасағанымен, бірақ оның ойы өз ырқына байланысты емес себептермен жүзеге 
аспай қалады. Айдап салушының мұндай әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылык құрамы болса, 
онда ол ҚК-нің 24-ба- бында көрсетілген қылмысқа дайындалғандык үшін жауапқа тартылады. 
Іске аспаған көмектесушілікке қылмыстық құқық бұзушылықты орындауга алдын ала келіскен 
адамға қателесіп, жарамды құралдың орнына жарамсыз құралдар беріп көмектесу немесе қылмыстық 
кұкық бұзушылық істеуден өз еркімен бас тартқан адамға, сондай-ақ қылмыстық кұқық 
бұзушылықты істеп, бітірген адамға көмек көрсетулер жа- тады. Іске аспаган көмектесушілік 
қылмыстық құқық бұзушылықка дайындалғандық деп саналады. 
Арнаулы субьектінің қылмысқа бірге қатысуы. 
Кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың орындаушысы болып тек арнаулы субъ- ектілер 
танылады. Мысалы, лауазымды, әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарды алайық. Мұндай 


124 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей орындаушысы жай субъект емес, арнаулы субъект - 
әскери қызметшілер, лауазымды адамдар ғана болады. Қылмыстық кұқык бұзушылыктың басқа 
катысушылары - ұйымдастырушылар, айдап салушылар немесе көмектесушілер арнаулы емес жай 
субъектілер болады. Қылмыстық заңда бұл туралы арнаулы көрсетілген. Яғни, жай адамдар арнаулы 
субъектілердің орын- дайтын қылмыстық кұқық бұзушылығына катысқанда олардың әрекеті эр 
уақытта да 
29- 
бапқа сілтеме жасай отырып сараланады. 
Қылмыстык кұкық бұзушылықты жасыру, қылмыстық құқық бұзушылыкты хабар- ламау және 
кылмыстык құқык бұзушылыққа жол берушілік қылмыстық құқық теори- ясында кылмыстык құқық 
бұзушылыққа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның қылмысқа катысудан 
өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда қылмыстык құқық бұзушылыкка жанасушылыққа өзіндік 
ұғым берілуі жэне оған кінэлі адамдарға жауаптылык белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды қылмыстық құқык бұзушылықка сыбайластықпен бірге қатысудан дәлме-дәл 
ажыратуға, сондай-ак заңдылықты ныгайтуға толык мүмкіндік береді. 
Қылмыстык құқық бұзушылыққа жанасушылық қылмыстық құқық теориясын- да кылмыстық 
кұкык бұзушылық істеуге өздері катыспаган адамдардың сол істелген қылмыстык құкык 
бұзушылықты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық кылмыстық кұкык бұзушылыкты 
хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері немесе заң бойынша қылмыстық құкык бұзушылыққа 
қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардын кылмыстык кұқык бұзушылықты әрекет туралы тиісті 
орындарға хабарламауы, я болма- са, сол эрекеттерге кедергі келтірмейтін эрекетсіздіктері деп 
белгіленеді. 
Қылмыстық құқык бұзушылык жанасушылыктың кауіптілігі сол, мұндай іс-эрекеттер 
дайындалып жаткан кылмыстык құқық бұзушылык тойтарыс беруге, сондай-ақ істелген қылмыстық 
құқық бұзушылықтарды ашуға, кінэлі адамдарды әшкерелеуге мүмкіндік бермейді. Қылмыстық 
қүқық бұзушылыққа жанасушылыққа кінэлі адамдардың зияндылығы қылмыстық қүқық 
бұзушылыққа бірге катысушыларға карағанда онша көп емес, сондықтан да қылмыстық кұқық 
бұзушылыққа жанасушылық үшін Кодекстің Ерек- ше бөлімінде арнайы көрсетілген реттерде ғана 
қылмыстык құкық бұзушылық үшін жауаиқа тартылады. 
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстык кұқык бұзушылыққа жанасушылыктың үш түрлі 
нысаны бар: күні бұрын уәде бермей жасырушылық; хабарламау; жол берушілік. Қылмыстық заң 
бойынша қылмысты жасыру үшін жауаптылық кез келген қылмысты жасырғандық үшін емес, тек 
қана ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уэде бермей жасырғанда ғана жүзеге асырылады. 
Бұл туралы Қылмыстық кодекстің Ерек- ше бөлімінің 432-бабында арнайы көрсетілген. Ауыр немесе 
аса ауыр қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабының 4,5-бөліктерінде көрсетілген. 
Объективтік жағынан осы қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасыру белсенді күйде жүзеге 
асырылады. Заңда жасырушылықтың нақты нысандары аталып көрсетілмеген, әдетте, ауыр немесе 
өте ауыр қылмыстык кұқык бұзушылық істеген адамды жасы- ру, қылмыстық құқық бұзушылық 
істеуге пайдаланылған құралдар мен аспаптарды, қылмыстың ізін, қылмыстық жолмен табылған 
заттарды жасыру арқылы іске асырыла- ды. Жасырушылық тек қана белсенді әрекет күйінде жүзеге 
асырылады. Мысалы, ауыр немесе өте ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған қылмыскерді 
жасыру үшін оған қажетті жалған құжаттар беру, оның бет-бейнесін, сыртқы пішінін өзгерту, оған 
кие- тін киімін беру, олар тұратын мекен-жайды жасыру сияқты белсенді эрекеттер арқылы жүзеге 
асырылады. 
Ауыр немесе өте ауыр кылмыстық құқық бұзушылық жасаған кылмыскерді жасырушылық өте 
сирек жағдайларда эрекетсіздік арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтіріп қолы қан 
күйде бөтен үйге келіп, тыгылған қылмыскерді үй иесі көре тұра, біле тұра, іздеушіге оның 
жасырынган жерін көрсетпеуі, сөйтіп кылмыскердің ұсталмай кетуіне көмек жасауы әрекетсіздік 
арқылы жүзеге асырылған жасырушылык деп табылады. Жасырушылық нысандарының тізбегі заңда 


125 
нақты көрсетілмеген, сондықтан да оны нақты жағдайларға байланысты анықтау кажет. 
Субъективтік жағынан жасырушылык тек тікелей қасақаналыкпен істеледі жэне ол ауыр немесе аса 
ауыр кылмыстық құкық бұзушылық жасаған қылмыскердің өзін, қылмыстың ізін табуға, істелген 
қылмысты ашуға бөгет келтіруге багытталады. 
Жасырушылықта кінәлі адамның өзінің істеген қылмысының мэнін сезінуі, білуі қылмыстық 
жауаптылыққа тартылу үшін негізгі шарт болып табылады. Өйткені қылмыстық заң бойынша 
жауаптылык кез келген қылмыстық кұқық бұзушылықты жасырушылык үшін емес, тек қана ауыр 
немесе аса ауыр қылмысты жасырушылық үшін ғана туындайды. 
Жасырушылықта қылмыстық ниет пен максат эр түрлі болады жэне ол қылмыстык құқык 
бұзушылыкты саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындалғанда есепке алына- ды. 
Жасырушылардың 
кылмыскерлермен 
туыстық 
қатынасының, 
байланысының 
болуы 
жасырушыларды қылмыстық жауаптылыктан босатпайды. 
Жаңа Қылмыстық кодексте (433-бап) уэкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жаткан 
немесе жасалған қылмыстық кұқық бұзушылык туралы арызбен немесе хабарла- мамен жүгінген 
адамға қатысты алдау, азғыру, қорқыту немесе өзге де құқыққа сыйым- сыз әрекеттер аркылы не 
аталған адамның өтінішін кез келген өзге тәсілмен жою немесе жасыру арқылы қылмыстык теріс 
кылықты немесе онша ауыр емес немесе ауырлыгы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасыруы 
үшін тұңгыш рет қылмыстык жауаптык көзделген. 
Дамындалып жатқан немесе жасалганы анық белгілі аса ауыр қылмыс не дайын- далып жатқаны 
анық белгілі терроризм актісі туралы хабарламау қылмысты хабарла- мау деп саналады. Қылмыстық 
қүкық бүзушылық туралы хабарламау қылмысқа бірге қатысушылыққа жатпайды. Өйткені 
кылмысты хабарламаған адамныц қылмысқа бірге катысушылармен бірлесіп, аса ауыр қылмыс 
жасауга не дайындалып жатканы анык бел- гілі терроризм актісі ешқандай катысы болмайды. Ол тек 
кана істелгелі жатқан неме- се істелгені анык аса ауыр қылмысты не терроризм актісі жөнінде накты 
біле тұра, ол туралы тиісті орындарга, лауазым адамдарына мәлімдемейді. Яғни, хабарламау объек- 
тивтік жағынан алғанда сол кінэлі адамның әрекетсіздігін көрсетеді. Қылмыстық кұқық бұзушылық 
туралы хабарламау адамның істегелі жатқан немесе істелгенін анык білетін аса ауыр қылмысты біле 
тұра, нақты жағдайға байланысты хабарлауга мүмкіндігі бола тұра, соны істемеуі болып табылады. 
Субъективтік жагынан алганда, хабарламау тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Хабар 
бермеуші істелгелі жатқан немесе істелгені анык аса ауыр қылмысты не терроризм актісі жөнінде 
біле тұра, оның зияндылығын сезіп, өзінің әрекетсіздігінен мүмкін болған зардаптың болуын тілеп, 
оған саналы түрде жол береді. 
Қылмыстық құқылық нормамен жазаланатын аса ауыр қылмыс туралы хабарлау үшін хабар 
бермеуші - кінәлі адам істелгелі жатқан немесе істелгені анык қылмыс туралы, оның мәні, құрамы 
туралы накты білуі кажет. Өйткені қолданылып жүрген қылмыстык заң бойынша қылмыс туралы 
хабарламагандық үшін жауаптылық Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген реттерде 
гана жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 434-бабында арнайы көрсетілген аса ауыр қылмысты, 
не дайындалып жатқаны анық бел- гілі терроризм актісі хабарламағаны үшін ғана қылмыстык 
жауаптылык көзделген. Аса ауыр қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 5-бөлігінде 
корсетілген. Осы бапқа, яғни аса ауыр кылмысқа жатпайтын кылмыстарды хабарламау қылмыс деп 
саналмайды, сондай-ак қылмыс істеген адамның жұбайы (зайыбы), жакын туыстары - ата-аналары
балалары, бала қылып алушылары, бала боп алынғандар, туған ағалары мен аналары, ата-әже, 
немерелері. Сондай-ақ діни қызметшілер өзіне сеніп сырын ашқан адамдардың қылмыстарын 
хабарламағандык үшін жауапқа тартылмайды. Терроризм актісінің түсінігі ҚК-тің 255-бабының 1-
бөлігінде берілген. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыққа жол берушілік деп істелгелі жаткан кылмыстык құқық 
бұзушылыққа бөгет жасауға міндетті адамның мүмкіндігі бола тұра бөгет жасамаушылығын 


126 
айтамыз. Қылмыстық заң бойынша мұндай міндет заңның тіке- лей сол міндетті орындау туралы 
нұскауымен немесе кызмет бабын атқаруға байла- нысты міндеттілегінен туындайды. Объективтік 
жағынан алғанда, қылмыстық кұкық бұзушылықка жол берушілік істелетін немесе істелгелі жаткан 
кылмысқа бөгет жасауға міндетті адамның мүмкіндігін пайдаланбай, әрекетсіздік жасауы арқылы 
жүзеге асыры- лады. Субъективтік жағынан алғанда, жол берушілік тек қана қасақаналықпен жүзеге 
асырылады. Қылмыстык жолмен жазаланатын осындай жол берушіліктің нақты түрлері қылмыстық 
занда көрсетілген. Ол 370-бап - қызметтегі әрекетсіздік, яғни лауазымды адамнын пайдакүнемдікпен 
немесе өзге де жеке мүддесі үшін өзінің кызметтік міндет- терін орындамауы, қылмыстык кұкық 
бұзушылыққа карсы күрес жүргізбеуі. Сондай-ак 119-баптағы жас болуы, кэрілігі, науқастығы 
салдарынан немесе баска бір дәрменсіздік себепті өзін-өзі сақтауға шара колданарлык мүмкіндігі 
жок адамды біле тұра, өміріне кауіп төніп тұрған жағдайда жәрдемсіз калдыру, егер жәрдемсіз 
қалдырушы ол адам жөнінде қамқорлык жасауға міндетті болса жэне жәрдем көрсетуге мүмкіндігі 
болса не- месе 320-баптагы заң немесе арнаулы ереже бойынша жэрдем көрсетуге міндетті адамның 
науқас адамга дәлелді себепсіз көмек көрсетпеуі, т. б. әрекеттер. Баска жагдайларда қылмысқа жол 
бергендік үшін арнаулы жауаптылық жок. Заң бойынша қылмыска жол берушілік күні бүрын уэде 
беру арқылы істелсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстық қүкық бүзушылыққа сыбайластықпен бірге 
қатысу ретінде сараланады (27, 28-баптар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет