612
болса, сол сияқты жал- пы қамқорлыгы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға
ақша, багалы қагаздар, өзге мүлік, мүлікке кұқык немесе мүлік сипатындагы пайда түрінде жеке өзі
немесе делдал арқылы пара алуы - ол Заңга сәйкес пара алу деп танылады.
Пара алудың объектісі мемлекеттік апараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықгың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып та- былады.
Пара заты болып табылатындар: ақша, багалы кагаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер,
төленетін қызметті тегін көрсету, кымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекңиялық
заттар жэне де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу,
қалпына келтіру, жөндеу
жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу жэне т.б.).
Қазіргі кезеңде нарыктык экономика жагдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаган:
паралар біріншіден ғимарат; офис, жер алу үшін, қолда жоқ акша қаражатын нақты акшага аудару,
пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды
тұлгаға аталган не басқа да қызметтері үшін банктен есепшоттары ашылып, оларды меншікке ие
жасап, оларды әр түрлі сылтаулармен шетел- ге белгілі бір маман, консультант ретінде шыгуын: жол
жүруін төлеп, жэне де бірталай көп ақша қаражатын СКВ-мен берілуін ұйымдастырады.
Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық-түліктер, багалы заттар жэне де
баскадай материалдык мәндегі игіліктер беріледі.
Тәсіліне карап параны алу екі түрге бөлінеді: ашық жэне көмескі түрлер.
а) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамының өзіне тапсырылады немесе онын келісімі
бойынша жакындарына тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер жөнінде келісіледі.
б) Көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай карағанда заңды сияқты болып көрініп,
бүркемелеу жолымен кінәліге тапсырылады.
Олар лауазымды тұлғага акшаны кайтарылмайтын негізде «карызга» беру, оларга айлык, бір рет
төленетін эр түрлі акы, картадан өтірік ұтылу; пара алушының отбасы мүшелерін немесе туыстарын
жалған жүмысқа алу, лауазымды түлғаға еңбек шарты, келісімшарт немесе кооператив мүшелігі
бойынша бір жүмыс істеді деп жалақы, бағалы заттар беру жэне де лауазымды тұлғаға нақты істеген
жүмысына немесе көрсетілген қызметіне ақысынан асыра отырып төленуі.
Тапсырылу уақытына қарай пара алудың екі түрі болады: оның біріншісі парага сатып алу, яғни
лауазым адамының параны мүдделі жақтың өзіне тиімді іс-әрекеттерді істеген- ге дейінгі мерзімде
тапсыруы.
Екінші пара-сыйлау, мүндай пара лауазым адамына келісілген іс-әрекеттерді істеген- нен кейін
«алғыс» ретінде тапсырылады.
Пара үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мэніне қарай бүл қылмыстық күкық
бұзушылық
тағы да екі түрге бөлінеді: 1) парасыйлық (мздоимство) - пара лауазым ада- мына заңға сәйкес
жүзеге асырған әрекеттері үшін тапсырылады. Мысалы, іс-әрекетінде қылмыстың қүрамы жоқ адам
жөнінде тергеушінің істі қысқартып пара алуы.
2. Пара - акы (лихоимство). Лауазым адамына заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін
тапсырылады. Мысалы, көрінеу ұрлық жасаған адамды қылмыстык жауапқа тарт- пау арқылы
тергеушінің немесе прокурордың пара алуы.
Объективтік жагынан алғанда пара алу мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамның не оған
теңестірілген адамның пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-
әрекеті арқылы сипатталады. Пара алу кінәлінің қызмет жағдайын пайдалану арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық кодексте кінәлі адамның кызмет бабын пайдалануы арқылы пара алуы
мынадай түрғыда сипатталған: іс-әрекет тұлғаның қызметтік өкіліне кіретін болса не ол қызметтік
жағдайына байланысты осын- дай іс-әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы камқоршылығы
немесе қызметі бойынша жол берсе.
Пара алудың бірінші нысаны кінэлі адамның қызметтік өкіліне кіретін іс-әрекеттерді жасауы
арқылы пара алуы (басшылық жұмыска аламын немесе жүмыстан шығарамын деп пара алуы;
613
қызметін жоғарылату немесе басқадай көтермелеу жасағаны үшін
қол астындағы бағынышты
адамнан пара алуы; немесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегені, жетпейтін
заттарды тексеру қорытындысында көрсетпегені үшін) пара алуы. Қызметіне байланысты пара алу
пара алудың екінші бір нысаны болып та- былады. Бүл жерде қызмет адамы өз құзыретіне
жатпайтын іс-әрекеттерді жүзеге асы- ру үшін өзінің беделін, қызметтік
байланысын пайдалану
аркылы басқа бір мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамына
ықпал ету арқылы пара алады.
Мысалы: прокурордың тергеуші тергеп жаткан іс бойынша пара алып, өз қүзыретін
пайдаланып, тергеуді заңсыз қысқарттыруға ықпал етуі т.б.
Қызмет бабын пайдаланудың үшінші бір нысаны камқорлық жасау немесе қызметі бойынша
жол беру болып табылады.
Қамқорлық жасауға - тамыр-таныстық бойынша қызметке орналастырып пара алу, негізсіз
сыйлықтар беру, көтермелеулер көрсету немесе өте қүнды заттарды босату арқылы пара алулар
сияқты эрекеттер жатады.
Қызмет бойынша жол беруге - қол астындағы
бағынышты адамдардың заңсыз, қылмысты
әрекеттеріне тыйым салмау, жұмыска мас болып немесе келмей қойғанын елемеу, басқа да
заңсыздықтарға жол бергенін көре түра, жоғарыда көрсетілген адамдар- дан пара алу арқылы шара
қолданбау әрекеттері жатады.
Пара кінәлі адамға пара берушінің мүддесі үшін қызметін пайдаланып, белгілі бір әрекетті
істеуге немесе істемеу үшін беріледі.