Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет535/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жазаланады. 
4. 
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер 
олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса
 -
 
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айна- 
лысу қуқыгынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде 
айыппул салуга не он жылдан он бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
Ескертулер. 
1. 
Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды 
әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе қүны екі айлық есептік көрсеткіштен аспай- тын 
сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала 
уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. 
2. 
Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде 
көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара 
бергені туралы қүқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен 
хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Жаңа Кылмыстык кодексте бұл кылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген. Мемле- кеттік 
функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты 
мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе 
халықаралык ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал аркылы пара беру - деп қана 
көрсетілген (367-бап). 
Объективтік жағынан пара беру: 
1) ҚК-тің 367-бабының 1-бөлігінде аталған адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге 
де пайда беру; 
2) пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді; 
3) пара алған адам өз кызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе 
істемеуге пайдалануы аркылы сипатталады. 
Пара беру немесе тапсыру әдістері қылмыстык құқык бұзушылықтың кұрамы үшін маңызды 
емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жақын туыс- тарына берілуі мүмкін. 
Ол істелінбеген жұмыска почта аркылы айлык түрінде берілуі мүмкін. Пара берудің жасырылған 
нысандары бар. Олар: заңсыз сыйлық беру, алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі 
акша соммасын ұтылу; пара алушыға бағалы, кұнды заттарды өте арзан багаға сату жэне тағы 
басқалар. 
Кейбір кезде пара алушыға тегін кызмет түрінде көрсетіледі. Пара алушыға туристік, 
санаториялык жолдамалар берілуі, кемеге, поезға, ұшаққа басқа да көлік құралдарына жүруіне 
билет беруін - сот практикасы пара беру деп қарастырады. 
Мемлекеттік қызметтер атқаруга уәкілетті адам не оган теңестірілген адамға магериалдық 
мазмұндағы емес пайда келтіру қарастырылып отырған қылмыстык кұқық бұзушылық құрамын 
құрамайды. Мысалы: онымен жыныстық қатынаста болу; қызметтегі тұлғаның сұрауы бойынша, ол 
туралы мадақтау, үндеу тарату немесе оның жұмысы туралы баспасөз бетінде жақсы пікірлер 
жариялау пара беру ретінде саралан- бауы керек. 
Пара беру формальдық қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болып габылады. Кінэлі тұлға 
пара алған кезден бастап, ягни берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет істелгені не істелмегеніне 
қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық аяқталды деп са- налады. 


617
 
Субъективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Яғни кінәлінің 
мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамға не оған теңестірілген адамға пара за- тын беруге 
немесе тапсыруға құқы жоқ екенін жэне оның мүддесі үшін сол адамның өз қызмет жағдайын 
пайдаланып, белгілі бір іс-әрекет жасайтынын кінэлі тұлға сезеді жэне соны тілейді. 
Пара берудің ниеті сан алуан болуы мүмкін. Олар кінэлі адамның заңсыз түрде жеке өзіне ғана 
емес, сонымен қатар туыстарының, жақын туыстарының, пара беруші істейтін ұйым немесе мекеме 
мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтылуы арқылы көрінеді. 
Пара беру субъектісі боп 16 жасқа жеткен есі дұрыс тұлға танылады. 
Пара берудің ауырлататын түріне - лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беру үшін 
жауаптылық Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-тармағында көзделген. 
Ауырлататын жагдайдың бірінші түріне лауазымды адамға айталықтай пара беру жа- тады. 
Айтарлықтай мөлшерге елуден үш мың айлық есептк көрсеткішке дейінші ақша сомасы, бағалы 
кағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны болып табылады (ҚК-тің, 
3-бабы 2-тармағы). Осы бапқа қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстің 361-бабына ескертуде 
көрсетілген лауазымды адамдар, сондай-ақ шет не- месе халықаралық ұйымдардың мемлекеттің 
лауазымды адамдары жатады. 
ҚК-тің 367-бабының бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген эрекеттер, егер 
оларды: 
1) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; 
2) ірі мөлшерде
3) бірнеше рет жасаса жауаптылық ҚК-тің 367-бабынан 3-тармағы бойынша қарастырылады. 
Ал Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-тармағында аса ірі мөлшерде пара берген- дік немесе 
оларды қылмыстық топ жасағаны үшін жауаптылық көтеріңкі жағдайда бел- гіленген үш мыңнан 
асатын, он мың айлық есептік корсеткішке дейінгі ақша саласы, бағалы қағаздардың, өзге де 
мүліктің немесе мүліктік сипаттағы айданың құны - аса ірі мөлшер деп табылады (ҚК-тің 3-бабы 38-
тармагы). 
Бірнеше рет пара беруге - кінэлінің мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған 
теңестірілген адамға немесе әр түрлі сондай адамға өз мүддесі үшін әр түрлі іс- әрекеттер істегені 
немесе істемегені үшін екі немесе одан да көп пара беруін айтамыз. 
Кінэлінің бір адамға немесе бірнеше адамға өз мүддесі үшін эр түрлі эрекеттер істе- гені үшін 
екіден артық пара беруін бірнеше рет пара беру деп білеміз. Егер келісілген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет