621
төлқұжаты, орындау кағаздары, үкімнің көшірмесі, сақтандыру полисі,
азаматтық хал актілерін
тіркеу кітабы. Мемлекет- тік өкімет органдарынан шықпаған кұжаттар аталган құрамға негіз болып
табылмайды.
Қызметтік жалган құжат жасау - белсенді іс-әрекет жасау жолымен ғана істелуі мүмкін. Әрекет
тәсілдеріне қарай жалған кұжат жасау 2 түрге бөлінеді: материалдык жэне интеллектуалдық.
Материалдық жалған кұжат жасаудың мэні - ресми кұжаттың шын қалпы құжаттың сол нысанына
қол сұгушылык жолымен, бұзумен жасалады (кол кою, көшірмелеу, мөр, штамп жэне т.б.) немесе
оның мәтінін қайта жазу, бұлар колдан жасаудың материалдық ізін құрайды. Түгелдей жалған кұжат
жасау кезінде де материалдық жалғандык орын алады, өйткені мұнда құжат мазмұны және нысаны
бойынша жалған болып табылады.
Интеллектуалдық жалгандық кезінде кұжаттың түпнұсқасы оның мазмұнына қол сұғушылық
нэтижесінде бұзылады. Бұл жағдайда кінәлі адам ресми кұжатқа формальдык тұрғыдан алғанда
жалған екендігінің белгілері болмайтын (құжаттың нысаны емес, мазмұны гана бұрмаланған)
жалған мәліметтер енгізеді.
Материалдық түрге кұжаттың ресми түпнұсқасын қолдан жасау немесе өшіріп жазу жолымен
өзгеріске ұшыраған жағдайлар ғана жатады. Ресми құжаттарды қолдан жа- сау мынапардан тұрады:
толықтай жалған құжат жасау (мысалы төлем чегін жасау) не кұжаттың түпнұскасына бұрмалау
енгізу (мысалы, ресми кұжаттың мазмұнына қосып жазу,
сан және эріпті өзгерту, фотосурет,
марканы ауыстырып жапсыру жолымен, жаңа мәліметтер енгізумен өзгертіледі). Жалғандықтың бұл
түрінің әдістерінің көптігі соншалық олардың толық тізбесін келтіру мүмкін емес. Барлык
жағдайларда жалған құжат түпнұсқаны колдан өзгерту немесе жалған ресми кұжат дайындау немесе
беру түрінде болады.
Қазақстан Республикасы жана Қылмыстык кодексі бойынша қызметтік жалған кұжат жасау,
егер оны өзінің кызметтік жагдайын пайдалана отырып мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті
адамға не оған теңестірілген адам жасаған жағдайда ғана болады. Егер ол қызметтік жағдайды
пайдаланбай жасалса не жалган кұжат жасау мемлекеттік өкімет органдарынан емес, өзге
ұйымдардан, мекемелерден, жеке тұлғалардан (колхат, шарттар, міндеттемелер және т.б.)
шыккан
болса, баска кылмыстық құқық бұзушылыктардың құрамын құрайды.
Қызметтік жалғандык - формальдық құрамы бар қылмыс. Ол қандай да болмасын қоғамға
қауіпті зардаптардың болуына байланыссыз, Қылмыстық кодекстің осы бабын- да көрсетілген
әрекеттердің біреуі жасалган сәттен бастап аяқталған деп есептеледі. Қызметтік жалғандық жасаған
тұлға үшін жалған құжатты пайдаланғандығы немесе пайдаланбағандығының мәні жоқ, бұл
жағдайда жазалау шараларын айқындау кезінде сот ескереді.
Жалган кұжат жасау субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істе- леді. Жалған
мәліметтерді енгізуші субъектінің өзі өзінің заңсыз әрекет жасағандығын, жалғандык жасағысы
келгендігін сезеді, біледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексі бойынша
қызметтік жалғандық кұрамы пайдакүнемдік максаттың не- месе өзге де жеке мүдделіліктің болуын
талап етеді. Өйткені занда қызметтік жалғандык жаеау әрекоттер озіне немесе оаска адамдар,
ұйымдар үшін пайда мен артыкшылыкты іілу немесе баска адамга, ұйымдарга знян келтіру
мақсатында жасалады. Пайдакүнемдік мақсат кінәді адамның кызмсітік жалған кұжат жасау аркылы
материалдық найда табуга тырысатындыгының алгы шарты. Дегенмен, оны алу бөтен адамның
мүлкін кінплі адамның өз меншігіне айналдыруымен байланысты болмауы тиіс. Өзге бір жеке бас
мү.чдесі деп кінәлі адамның кызмет жагдайын пайдалану жолымен мүліктік емес синаттагы паііда
іабуіа тырысуы түсініледі. Өзге жеке бас мүддесінің
мазмұнын кек алу, жагымпаздык,
мансапқорлык, ыкпалды камкорлық, отбасылық, қызмет корсегу, ыкпалды адамның колдауы,
кызметіне сай еместігін бүркемелеу жэне т.б. сиякты ниет- тер кұрайды. Пайдакүнемдіктің немесе
өзге жеке мүдделіліктің болмауы осы кылмыс кұрамының жок екендігін білдіреді.
622
Қызмеітік жалгандыкты лауазымды адам жасаса осы кылмыстың ауырлататын түрі, ал жауапты
мемлекеттік лауазым аткаратын адам жасаса кылмыстың өте ауырлататын іүрі болып табылады
(369-бап, 2, 3-бөліктері).
1997 жылгы Қылмыстық кодекстен айырмашылыгы түсіндіріліп
отырган кылмыс субъектісі -
мемлекеттік функцияларды аткаруга уәкілетті адам не оган теңестірілген адам, лауазымды тұлға
немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын тұлга.
Достарыңызбен бөлісу: